freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Қызылордада интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді

Құқық
Қызылордада интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және интернет кеңістігіндегі алаяқтықтың алдын алу мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өңірге танымал блогер Ерсұлтан Байжановпен бірлесіп, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері мен блогер халық көп шоғырланатын орындарда тұрғындармен кездесіп, интернет алаяқтарының кең таралған тәсілдері туралы түсіндірді. Сондай-ақ азаматтарға жеке және банктік деректерді қорғау, күмәнді сілтемелерге өтпеу, бейтаныс нөмірлерден келетін қоңырауларға сақтықпен қарау және алаяқтардың арбауына түспеу жолдары жөнінде кеңестер берілді.
Тұрғындарға интернеттегі қауіпсіздік ережелері көрсетілген ақпараттық парақшалар таратылды. Сонымен қатар азаматтардың назарын аудару мақсатында интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған арнайы бейнеролик түсірілді.
Іс-шара барысында қазіргі таңда өзекті мәселелердің бірі – «дропперлік» туралы да кеңінен түсіндірілді.

Дроппер – өзінің банк картасын, шотын немесе өзге де төлем құралдарын үшінші тұлғаларға беріп, заңсыз ақша аударымдарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін адам. Алаяқтар мұндай шоттарды жәбірленушілерден түскен қаражатты басқа шоттарға аудару немесе қолма-қол ақшаға айналдыру үшін пайдалануы мүмкін.
Полиция азаматтарды өздерінің банк карталарын, шоттарын және банк қосымшаларына қатысты деректерді бөгде адамдарға бермеуге шақырады. Күмәнді ұсыныстарға сенбей, кез келген қаржылық операцияға барынша сақтықпен қарау қажет.
Полиция интернет алаяқтықтың алдын алу бағытындағы түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастырады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу