freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

МӘМС: заңсыз қаржы алу үшін 140 мың азамат жалған тіркелген

Құқық
МӘМС: заңсыз қаржы алу үшін 140 мың азамат жалған тіркелген
https://el.kz

Қазақстанда МӘМС қаражатын заңсыз алу схемасы анықталды. Жеке медициналық клиникалар 140 мың азаматты жалған тіркеу туралы мәліметтерді пайдаланған. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді.

Осындай істердің бірі Астанада анықталды. «Forte Clinic (Tumar)» клиникасына 15 мыңнан астам адам заңсыз тіркелген. Олардың арасында басқа өңір тұрғындары, заңды өкілдерінің құжаттарынсыз тіркелген балалар және шетелде жүрген азаматтар болған.
Клиника көрсетілмеген медициналық қызметтер туралы «DamuMed» жүйесіне жалған мәлімет енгізіп, қордан 79 млн теңгеден астам қаржы алған.
Сот клиника басшысын 5 жылға, ал оған көмектескен Ұлттық ғылыми орталық қызметкерін 3 жылға бас бостандығынан айырды. Келтірілген залал толық өтелген. Үкім заңды күшіне енді.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу