freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Абай облысындағы Орлов шахтасынан қызметкерлер эвакуацияланды

Оқиға
Абай облысындағы Орлов шахтасынан қызметкерлер эвакуацияланды
T.me/KAZ_Minerals

8 тамыз күні кешкі сағат 22:05-те Орлов шахтасының 10-шы кенқабатында түтін байқалды, деп хабарлайды Malim.kz T.me/KAZ_Minerals телеграмм-арнасына сүйене отырып.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес түнгі ауысым қызметкерлері жер бетіне эвакуацияланды.
Тау-кен қазбаларын тексеру және түтіннің шығу көзін жою жұмыстарына тау-кен құтқару қызметі жұмылдырылды. Тексеру барысында түтін Monomatic бұрғылау қондырғысы орналасқан аумақта болғаны анықталды. Түтіннің шығу ошағы жедел жойылды. Зардап шеккендер жоқ.


Бұрғылау қондырғысына зақым келді. Алдын ала мәлімет бойынша, түтіннің шығуына электр кабелінің зақымдануы себеп болуы мүмкін. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталуда.
Шахта қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу