Алматы полициясы есірткімен күресті тоқтатпайды

  • 04.04.2023

 

Қазіргі қоғам дертіне айналған, бүкіл әлемдегі өзекті проблеманың бірі –есірткі. Есіртімен бүкіл дүниежүзі болып күрес қарқынды жүріп жатыр. Десе де, жастар арасындағы есірткіге тәуілділік тәулік сайын артып келеді. Сол себепті, онымен кұрес те кұшейе түсуге тиіс. 

БҰҰ-ның наркобизнеске қарсы күрес басқармасының мәліметінше әлемдегі халықтардың 200 миллионнан  астамы есірткіге тәуелді және есіртісіз өмір сүре алмайтындар. Оның ішіндегі жас ерекшелігі 15 пен 64 жас арасындағы адамдар. Біздегі тәуелсіз сарапшылардың анықтауы бойынша еліміздегі тұрғындарыдың 10 пайызының есіркіге тәуелділігі бар. Есірткінің апиын мен кокаин түрлері және синтетикалық наркотиктер адам өмірі үшін өте қауіпті түрлеріне жатады. Сондай-ақ бұрын есіркінің жеңіл түрін қоланса, соңғы жылдардағы наркологтардың анықтауы бойынша наркотикке қолданыс тіптен артып, есірткілердің адам өмірі үшін өте қауіпті түрлеріне қарай ауыса бастағандары белгілі болып отыр. Ол адамдардың ақыл-есін түбегейлі өшіріп, адамды басқа дүниеге жетелейтін тіпті өзін-өзі өлтіруге дейін алып баратын жағдайға жеткізеді. Қанша жерден наркотикке күресті күшейткенімен, оны заңсыз сатушылар мен тасымалдаушылар саны азаяр емес.

Жоғарыда айтқанымыздай, елімізде есірткіге қарсы күрес акциялары, жастарға үгіт насихаттар көптеп жүргізіліп келеді. Соның ішінде Қазақстандағы ең үлкен мегаполис, оңтүстік астана Алматы қаласының маңызы ерекше. Себебі, қалада адам саны неғұрлым көбейген сайын, онда көлеңкелі бизнес те, қылмыстық сауда да аз жүрмейді. Осыған орай жақында Алматы полиция қызметкерлері есірткі қылмысы үшін заң жүзінде қандай жазалар қолданатынындығы атап көрсетті. Полиция Департаментінің Есірткіге қарсы күрес басқармасы, Есірткі қолдану және оны сату мен сақтау, жарнамалау, құрамында қандайда бір есірткі өнімдері бар дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсатта пайдаланылатын заттарды қолданушыларға оның зияны мен кеселін және қандай қауіптің барын түсіндірген болатын.

Жоғарыда атап көрсеткендердің бәрі есірткі сату ретінде қарастылады. ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша қылмыстық іс пен ол үшін 5 жыл мен 15 жыл арасындағы бас бостандығынан айыру көзделген. Ал, есірткіні кәмелет жасқа толмағандарға ұсынып, білім беретін аймақтарға кіргізгені және сатқаны үшін өмір бойына бас бостандығын айыру қарастырылған.

Құрамында есірткінің қандай да бір түрі бар өсімдіктерді сатқаны үшін және оны өсіргені үшін 3 жылдан 8 жылға, есірткі қоймасын ұйымдастырғаны үшін 3 жылдан 7 жылға және бұл әрекеттерін бірнеше рет немесе қылмыстық топпен ұйымдастырылған түрде жасалса мүлкі тәркіленеді және 7 жылдан 12 жыл аралығында бас бостандығынан айырылып, жазаға тартылады.  Есіртіні жарнамалап насихаттаушылар үшін мүлкін тәркілеу мен 3 жылдан 6 жыл аралығындағы бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеді Алматы қалалық полиция департаменті. Есірткімен күреске Алматы қалалық әкімдігі де, өзге алматылық тұрғындар да бей-жай қарамайды. Түрлі акциялар өткізіледі, сенім телефондары жұмыс істейді. Мұның барлығы жыл он екі ай тоқтамайтын, есірткіге тосқауыл қою үшін, азаматтарымыздың тәуелділікке ұшырамауы, адам қатарлы өмір сүруі үшін өте маңызды екенін ескертеді. 

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.