Алматыдағы мектептердің бірінде 6 жастағы баланы сыныптасының әкесі ұрып-соққан

Баламды сыныптасының әкесі мектеп қабырғасында ұрып-соққан. Оқушылардың өзара төбелесінен кейін ер адам баламды осылай жазалаған, деп жазды жәбірленушінің анасы әлеуметтік желідегі парақшасында.
«Ол кісінің әкімшілік айыппұлмен құтылып кеткенін қаламаймын. Заң шеңберінде жауапқа тартылсын. Әркім өз ісіне заң алдында жауап беруі керек. Іс жақында сотқа барады», - деп жазды анасы. Айтуынша, мектеп әкімшілігі болған мән-жайды хабарламаған, кешірім сұрамаған.
Алматы қаласы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Диана Ерланның хабарлауынша, оқушыға психологиялық көмек көрсету ұсынылған.
Алматы қаласының Полиция департаментінің хабарлауынша, осы іс бойынша тексеріс басталған.

Самое читаемое
