«AMANAT» партиясы Екібастұздағы 1300-ден астам балаға демалыс ұйымдастырады

Malim Админ

  • 09.12.2022

Бүгін «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті. Іс-шараға партия Төрағасы Ерлан Қошанов, өңірлік саяси кеңес мүшелері, мәслихаттардағы «AMANAT» депутаттық фракциясының мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының басшылары, облыстық партия активі қатысты.

Конференция жұмысын аша отырып, «AMANAT»-тың Төрағасы алдағы сайлау науқаны кезеңіндегі партиялықтардың алдында тұрған бірқатар басым міндеттерді айқындап берді.

«Сайлауы өзгеше саяси тәртіпте, жаңа ереже бойынша өтеді. Сондықтан сайлау кампаниясының стратегиясын қазірден дайындап алуымыз қажет. Өткен Президенттік сайлау кезінде бізге халықтан 51 мың ұсыныс пен тілек келіп түсті. Соның 3 мыңнан астамы Түркістан облысының халқынан жиналды. Тұрғындарды жалақының төмендігі, тұрғын-үй мәселесі, жұмыссыздық қатты алаңдатады. Сондықтан аталған мәселелер сайлауалды тұғырнамада көрініс табуы керек», – деді партия Төрағасы.

Партия Төрағасы барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын, бастауыш партия ұйымдары мен қоғамдық қабылдау бөлмелерін азаматтардың мәселелерін шешу үшін жұмылдыру маңызды екенін атап өтті.

«Біз өз сайлаушыларымызбен және жақтастарымызбен әрдайым тығыз байланыста болуымызкерек.«AMANAT»партиясы – ел Президентінің қоғамдық тірегі. Оның өңірлік желілері де, Мәжілістегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы депутаттар саны да көп. Аманаттықтар әрқашан алдыңғы қатардан табылады», – деді Ерлан Қошанов.

Ол Екібастұздағы төтенше жағдай кезінде волонтерлер мен партия белсенділері алғашқы күннен бастап қала тұрғындарына гуманитарлық көмекті таратуға атсалысқанын атап өтті. Тұрғындарға жылытқыштар, жылы көрпелер және бірінші кезекте қажетті заттар табысталды.Екібастұздықтарға көмек көрсету жұмысы жалғасып жатыр.

«Зардап шеккен отбасылардың баспаналарында жөндеу жұмыстары басталады.Осы кезде Екібастұздағы балаларды еліміздегі, соның ішіндеТүркістан облысындағы шипажайларға жіберуге де болады деп санаймын. «AMANAT» партиясы 1300-ден астам оқушының қысқы каникул уақытында елдегі демалыс кешендеріне баруына жағдай жасайды», – деді Ерлан Қошанов.

Ол сондай-ақ, партиялықтар жастармен жұмыс істеуге ерекше назар аударуы тиіс екенін атап өтті. Жастар қатарына кіретін азаматтардың жасын 35 жасқа дейін ұлғайтуды көздейтін жастар саясаты туралы жаңа заң жобасын ескере отырып, бұдан былай сайлаушылардың 40%-дан астамы осы санатқа жататын болады.

Сонымен қатар, аймақтардағы аманаттықтар тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын жақсартуға бағытталған партиялық жобаларды іске асыру жұмысын күшейтуі тиіс. Олардың қатарында «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» және т.б. жобалар бар.

Конференция барысында филиалдың жаңа төрағасы сайланды.

Осылайша, конференция жұмысына қатысқан делегаттарашықдауыс беру арқылы Алтынсары Үмбетәлиевті «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының жаңа басшысы ретінде сайлады. Ол бұған дейін Шымкент университетінің «Экономика» кафедрасының профессоры қызметін атқарды. Сондай-ақ, ол экономика ғылымдарының докторы.  

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін