Аналар босану үшін 500 шақырым жол жүреді

Malim Админ

  • 26.02.2020

Шығыстағы шекарамызда орналасқан Марқакөл ауылының әйелдері босану үшін 500 шақырымға дейін жол жүреді. Себеп, бұрынғы Марқакөл ауданының орталығы болған ауруханада тиісті дәрігер жоқ. Мәселен, былтырғы жылы осы елдімекен қарайтын Күршім ауданында 371 ана босанған. Олардың 300-і алыстағы облыс орталығы Өскеменге баруға мәжбүр болған. 

 «Аудан орталығына өте алыспыз. Қыстың күні кейде жол жоқ болып қалады. Аудан мәртебесінен айырылған соң аурухананың да қызметі нашарлады. Дәрігерлер жоқ. Осы жолы ғана бір хирург келіпті. Бізде гинеколог деген жоқ. Бәрі қалаға шапқылайды. Бұрын үлкен аудан болды ғой. Бәріне куәмін. Өзім осында туып өстім. Әке-шешем де осы жердің тумалары. Өмір бойы осында тұрады»,  – дейді Жаңыл СӘТТІБАЕВА . 

Бұл бұрын бірнеше ондаған мың халқы бар, жеке аудан болған Марқакөл жерінің халқының пікірі десе де болады. Марқакөл ауданы мәртебесінен айырылған соң, мұндағы халық та жан-жаққа көптеп көшкен. Сәйкесінше денсаулық сақтау саласының мамандары азайып, қазір білікті дәрігерлер ауруханаға аудай қажет болып тұр. Әсіресе аяғы ауыр аналар құрсақтағы баласын құндаққа орап алу үшін Өскеменге шапқылауға мәжбүр. Жас ана Надия МҰРАТБЕКОВА да екі баласын Өскеменде босанған. Туысы мен танысы жоқ ауылдастарының қалай қиналғанын да көзбен көрген.

"Өзім екі баламды да Өскеменге барып босандым. Мына жақтағы дәрігерлер алдын ала жібергендіктен бірнеше апта бойы жатып қалғаным да бар. Менің қалада ағайын-туыстарым бар. Күтіп жатқан кезде қиналған жоқпын. Бірақ менімен бірге Өскеменге барған кейбір ауылдастарымның қиналғанын өз көзіммен көрдім. Қажетті заттары керек болып қалады. Аяғы ауыр, әрі күні таяп отырған ана үшін керекті дүниелерін іздеп, тауып, сатып әкелу қиын ғой. Ауылдан туыстары келгенше амалсыз шыдап жатты", – дейді Марқакөл ауылының тұрғыны Надия  Мұратбекова.

 Ауылдағы ауруханада операция жасау үшін анестезиолог дәрігер жоқ. Жас нәрестені қарайтын неонатолог та жоқ. Жоқ дәрігерді енді іздейтіндерін айтқан Күршім аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Марат БІЛЕЙМЕНОВ:

- Енді іздейміз. Қараймыз. Дәрігер тапшылығын шешуге тырысамыз. Онсыз болмайды. Анестезиолог, реанимотолог қажет екенін біз жақсы білеміз. Сондықтан да біз Семейдің, Қарағандының, Астана және Ақтөбенің медициналық оқу орындарымен сөйлесіп, маман тарту мәселесімен айналысамыз, – деді.

Бас дәрігер жас дәрігерді шақырып әкелгенімен тәжірибе тағы керек екенін айтты. Халық санын көбейтпесе, келген дәрігер бар тәжірибесін жоғалтып алуы әбден мүмкін. Бұл да үлкен қауіп. Күршім ауданына қосылған дәл осы Марқакөл өңірінде қазір 8 мыңдай тұрғын бар. Олар үшін жедел жәрдем бөлімшелері орталықтандырылғаннан бері көмек алулары да қиындап кеткен. Шақырса кешігіп келеді. Тіпті айтқан мекенжайды таппайтын кездері жиі кездеседі екен. Оны осы ауыл ауруханасының меңгерушісі өзі де растап отыр. 

«Жедел жәрдемді жергілікті жерлерге қайтарып берсе дұрыс болар еді. Өйткені, соңғы өзгеріс бойынша әрбір шақыру қоңырау Өскемен қаласына түседі. Ол жердегі қызметкерлер жасын сұрайды. Ауырған жерін сұрайды. Сұрақтары өте көп. Әрине ол дұрыс та. Бірақ біздің өлкеде қарт адамдар өте көп тұрады. Дұрыс түсіндіріп бере алмай немесе қате айтып қою салдарынан кешігіп жатады. Екінші мәселе тіл. Оралман отбасылар да көп. Қарттарымыз да орысша дұрыс жеткізе алмай қиналады. Осыдан кейін бізге кешігесіңдер деп көп шағым айтады», – дейді Марқакөл ауылдық ауруханасының меңгерушісі Гүлнар ТАМЕНОВА. 

Тағы бір мәселе. Аудандағы ақхалаттылар көп әйелдің Күршім ауданында емес, өзге жақта босануына аяғы ауыр әйелдердің денсаулықтары нашар деген себепті айтты. Бұл қазіргі аналарымыздың денсаулық жағдайының қандай екенін білдірсе керек. Сонымен бірге, ондай аналарымыз үшін аудандағы дәрігерлердің дәрменсіздігі немесе аурухананың деңгейінің қандай екенін білдірмей ме?!

Жанболат САНИЯЗ

Фотолар автордікі.

МАТЕРИАЛДЫ КӨШІРІП БАСУҒА БОЛМАЙДЫ!

Байланысты жаналықтар

Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

17.03.2023

Қаңтар құрбаны Еркебұлан Құттыбаевты ақтық сапарға шығарып салды

17.03.2023

Биылғы Ораза айындағы пітір садақа мөлшері қанша?  

16.03.2023

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

16.03.2023

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

15.03.2023

Частные школы просят усилить поддержку правительства

15.03.2023
MalimBlocks
Ақтөбедегі су тасқыны. Қаратал ауылында жағдай қауіпті 

Тасқын су бөгетті бұзып өткен

Қаңтар құрбаны Еркебұлан Құттыбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Ол өз үйінде жүрек талмасынан көз жұмған

Биылғы Ораза айындағы пітір садақа мөлшері қанша?  

Рамазан айы 23 наурызда басталады

Түркиядағы су тасқынынан бірнеше адам қаза тапты  

Жоғалғандарды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

Астанада мешіт қызметкерін пышақтап кетті

Полиция сотқа дейінгі тергеуді бастады

Частные школы просят усилить поддержку правительства

Ассоциация частных школ Казахстана просит министра просвещения повысить государственную поддержку. Предприниматели предлагают ввести обеспечение коммерческих школ учебниками и методическими материалами, а также просят повышать квалификацию учителей за счет государства. Соответствующие предложения они представили на недавней встрече с главой образовательного ведомства Гани Бейсембаевым.