Ақпаратқа қол жетімділік – барлық қазақстандықтардың құқығы

  • 24.02.2023

Журналистің ақпаратқа қол жеткізуі – бұрыннан талқыланып келе жатқан мәселе. Бұқаралаық ақпарат құралдары өкілдері бұл мәселе бойынша жиі шағым айтады. Соның ішіндегі ең негізгісі – ақпараттың ескіріп қалатыны. Оның мәнісі – журналист қандай да бір ақпаратты сұрап, құзырлы органдарға хат жолдайды, құзырлы орган белгілі бір уақыт аралығында жауап беруге тиіс. Дегенмен, сол уақыт аралығында журналист зерттеп отырған тақырыптың өзектілігі төмендеп кетуі мүмкін. Осыған орай, Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталатын заң жобасын дайындауға байланысты құрылған жұмыс тобы тағы бір мәрте отырыс өткізді.

Ақпаратқа қол жеткізу дегенде, тек қана журналистердің ақпаратқа қол созуы ғана емес, өзге мәселелер де айтылады. Соның ең негізгісі – жалпы халықтың мемлекеттік деңгейде болып жатқан мәселелерден дер кезінде хабардар болып отыруы. Әрине, журналистерді билік пен халық арасындағы дәнекер деп атайтын болсақ, олардың ақпарат таратудағы жауапкершілігі еселеп арта түседі. Және ақпаратты жеткізудегі тың әдіс-тәсілдер мен заманауи технологияларды меңгеруі де бүгінгі күннің басты талабы. Мәселен, мүгедектігі бар жандардың ақпарат алу мүмкіндігін алайық. Көзі нашар көретін, есту қабілеті төмен адамдар ақпаратты қалай алады? Олар, әлбетте, қоғамдағы кез келген адам сияқты барлық құқыққа ие. Демек, ақпарат алу мүмкіндігін шектеу – олардың құқықтарын шектеу болып табылады. Сондықтан, ақпарат таратушылар осы мәселені ескеруі керек. Яғни, арнайы техникалық мүмкіндіктер қарастырылуы керек.

Біз жоғарыда айтқан отырыста мүгедектігі бар адамдардың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі туралы баса айтылды. Мәселен, мүгедектігі барларға арналған субтитртлар, аудиодесриминация, сурдоаударманы пайдалану. Бұл арнайы мүмкіндік беретін қосымшалар ең алдымен ақпарат тарататын бұқаралық ақпарат құралдарында қарастырылған ба, жоқ па? Әрине, көбінде қарастырылмаған. Сол себепті, алдағы уақытта бұл мәселені кеңінен талқылап, ақпарат таратушылар мен ақпарат алушылар арасындағы байланысты нығайту мәселесі басты планға шығады. Демек, алдағы уақытта қазақстандық БАҚ атаулы есту және көру қабілетіне байланысты проблемасы бар адамдардың жағдайын ескеруге, олардың да ақпаратты өзгелермен тең дәрежеде алуына мүмкіндік беруге міндеттелуі де мүмкін.

Жиналғандар бұл мәселені ары қарай індете зерттеп, кез келген адамның ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін асыруға байланысты ұсыныстарды бірге талқылауды қолға алу керектігін айтып, отырыста айтылған ұсыныстардың қорытындысы бойынша одан әрі бірлесіп жұмыс істеу бағыттарын айқындап, қазақстандықтардың мүмкіндігіне қарамастан кез келген ақпаратқа қол жеткізе алу мүмкіндігін жетілдіруді тоқтатпайтындарын айтты.

Онлайн форматта өткен талқылауда спикерлер қосымша мүмкіндіктер беруді тек бұқаралық ақпарат құралдары ғана емес, мемлекеттік құзырлы органдар да жауапкершілігіне алуы туралы сөз болды. ЮНЕСКО өкілі өз кезегінде бұл мәселе жөнінде алдағы уақытта арнайы тестілеу өткізуді ұсынды. Ұйымдастырушылар бұл мәселе туралы келер аптада уақыт өткізбей тағы бір кездесу өткізу туралы уағда берді. Талқылауда айтылған тағы бір мәселе – жалпы қазақстандық БАҚ-тарға бұған дейін де әріптестік туралы ұсыныс айтылған. Бірақ, арнайы бекітілген заң болмағандықтан көптеген БАҚ өкілдері бұған онша мән бермеген.

Сол себепті, бұл мәселе бойынша алдағы уақытта тек мемлекеттік бюджет қана емес, жекелеген кәсіпкерлерді тарту мүмкіндігін іздестіру де қарастырылды. Дегенмен, спикерлердің көп бөлігі бұған соншалық көп қаржы кетпейтінін, тіпті, мұндағы басты мәселе - қаржы емес, мүгедектігі бар адамдарға ақпаратты жеткізуді жеңілдету туралы заң екенін айтты. Бұл бағытта түрлі бағыттарда курстар ұйымдастырылу мүмкіндігі де қарастырылады. Бұл курстар тек мүгедектігі бар жандарға ғана емес, ақпарат таратушылар да тартылуға тиіс. 

Айта кету керек, бұл талқылауға тек мамандар ғана емес, қайырымдылық қорлары мен мүгедектер қоғамының өкілдері де қатысты.

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.