Ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның 2021 жылғы қорытынды отырысы өтті

Malim Админ

  • 23.12.2021

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен ақпаратқа қол жеткізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда 3 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе – «Ашық үкімет» порталдарын және мемлекеттік органдардың ресми сайттарын біріктіретін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасын дамыту жөніндегі комиссияның ұсынымдарын іске асыру.

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов өз баяндамасында «Ашық үкімет» порталдарының редизайнына және 15 қарашадан бастап Қазақстан туралы түрлі ақпараттарды, азаматтарға қолғабыс болатын өмірлік жағдайларды және т.б. қамтитын МО ИРБП бастапқы бетінің іске қосылуына назар аударды.

Өз кезегінде Министр Аида Балаева МО ИРБП және «Ашық үкімет» порталдарын халық арасында танымал ету қажеттігін атап өтті.

 

«Мұндай ресурстардың бар екенін халыққа кеңінен хабарлау маңызды. Бұқаралық ақпарат құралдары мен ҮЕҰ-ды тарта отырып, бұл ақпараттық ресурсты насихаттау  бойынша бірлескен жұмыс жүргізуді және келесі жылдың басында тиісті іс-шараны жоспарлауды ұсынамын» - деп атап өтті А.Балаева.

Келесі: ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды көздейтін мемлекеттік аппараттың бюрократизмін төмендету жөніндегі жол картасын орындау мәселесі қаралды.

Мемлекет және қоғам коммуникацияларын дамыту департаментінің директоры Бекзат Рахимов мемлекеттік органдардың ашық деректермен, ресми сайтпен және басқа да ақпараттық ресурстармен жұмыс істеу кезіндегі кемшіліктер туралы баяндады.

Сондай-ақ, ақпараттың өзектілігі мен ақпаратты толтыру көрсеткіштері бүгінде 100% - дан аз (төмен) мемлекеттік органдар тыңдалды.

 

«Комиссия мониторинг және бақылау мәселелерінде принципшіл болуы тиіс. Келесі жылы комиссия алаңында мемлекеттік органдарды Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінен бастап жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы жеке тыңдау қажет», - деп атап өтті министр А.Балаева.

Бұдан басқа, министр мемлекеттік органдармен бірлесіп, Ашық деректердің халық арасында сұранысқа ие және танымал болуы тұрғысынан бірыңғай тізбені (перечень) пысықтауды ұсынды.

Отырыс соңында комиссияның 2022 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы қаралды.

Министр ай сайынғы негізде, ақпараттық ашықтықтың төмен көрсеткіштері бар мемлекеттік органдарды тұрақты тыңдай отырып, комиссия отырыстарын өткізуді ұсынды.

Өткен отырыс ағымдағы жылы аяқталды. Жыл қорытындысын шығара отырып, Комиссия жұмысының мынадай нәтижелеріне назар аударған жөн.

 

Комиссияның ұсынымдары бойынша, ақпаратты пайдаланушыларға ыңғайлы болу мақсатында мемлекеттік органдардың 1000-нан астам сайттары бір платформада - МО ИРБП-ға біріктірілді (www.gov.kz ).

«Ашық үкімет» порталдарының функционалы айтарлықтай жақсарды (www.open.egov.kz ) және олардың жұмысын тұрақтандыру бойынша нақты шаралар қабылданды. Сайттың нашар көретіндерге арналған нұсқасы пысықталып, порталдардың кейбір ақпараттық жүйелермен («Ашық бюджеттер» порталы «е-Қаржымині» және «Мемлекеттік жоспарлау» ақпараттық жүйелерімен, «Е-заңнама» мен «Ашық НҚА» порталдарының) бірігу процесі аяқталуда.

Жыл бойы комиссия «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң талаптарының орындалуына тұрақты мониторинг жүргізді. Соның арқасында мемлекеттік органдардың көпшілігі МО ИРБП мен «Ашық деректер» порталын мемлекеттік және орыс тілдеріндегі ақпаратпен 100% толықтыруды қамтамасыз етті.

Комиссияның тікелей қатысуымен биыл алғаш рет Мемлекет басшысына ақпаратқа қол жеткізу саласының жай-күйі туралы жылдық есеп дайындалды.

Байланысты жаналықтар

Экибастузский скандал до Карабаева доведет

29.05.2023

«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

29.05.2023

Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом

25.05.2023

Маңғыстауда жемқорлардың арқасында 4 мектеп салынады

24.05.2023

Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

23.05.2023

Сусыз қалған астаналықтар көшені жауып тастады 

23.05.2023
MalimBlocks
Экибастузский скандал до Карабаева доведет

Жители Экибастуза, уставшие выступать против строительства жилой этажки возле школы №23, хотят, вынести сор из избы. Они считают, что в дело должен вмешаться министр по инвестициям и инфраструктурному развитию Марат Карабаев.

«Ноғаев мырза, су қайда?». Ақтаулықтар сусыз отыр

Олар амалдың жоқтығынан үйінің төбесіне әкімнің есімін жазып қойған

Реклама депутата Даулета Мукаева обернулась скандалом

Жители столичного комплекса Bai-Tursyn жалуются на рекламу депутата парламента с большой аудиторией в соцсетях Даулета Мукаева. Они считают, что парламентарий, еще до обретения депутатского мандата, ввел их в заблуждение, рекламируя новостройки, качеством которой они сейчас недовольны.

Маңғыстауда жемқорлардың арқасында 4 мектеп салынады

Маңғыстау облысында жемқорлықпен айыпталған шенеуніктерден тәркіленген қаржыға биыл 4 мектеп салынатын болды.

Суы мол Текелінің тұрғындары ауыз суға жарымай отыр

Жетісу облысындағы Текелі қаласының 30 мыңнан астам тұрғыны ауыз суды Қора өзенінен ішіп отыр.

Сусыз қалған астаналықтар көшені жауып тастады 

Олар амалсыздан осындай әрекетке барып отыр