Астанада «қара нарықтағы» бағасы 540 млн теңгелік есірткі тәркіленді
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті астаналық прокуратураның үйлестіруімен қаланың өнеркәсіп аймағында орналасқан синтетикалық есірткі өндіру бойынша жасырын зертхананы анықтады.
Осы қылмысты жасады деген күдікпен астананың 2 тұрғыны ұсталды.
«Тінту барысында шамамен 80 мың бір реттік дозаға бара-бар 27 кг астам «мефедрон» психотроптық заты, сондай-ақ 1 тоннадан артық прекурсор алынды. Алынған есірткі құны «қара нарықта» 540 млн теңгеге бағаланады», - делінген хабарламада.
Бұдан басқа, Астана қаласының басқа аудандарында зертхана жабдығы бар 40 футтық екі контейнер табылды. Тергеу нұсқасы бойынша осыған ұқсас өндірісті ұйымдастыруға арналған.
Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Самое читаемое
