Астаналық ата-аналар азаматтарды вакцинациядан өтуге шақырды

  • 20.08.2021

Алдағы оқу жылы дәстүрлі офлайн режимінде басталады. Елорданың оқу орындары оқушыларды 1 қыркүйекте қабылдауға дайындалып жатыр. Сондықтан мектеп қызметкерлері мен балалардың ата-аналарының өздері оқушыларды COVID-19-дан қорғау үшін вакцинацияланғаны маңызды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Астаналық оқушылардың ата-аналары вакцинацияны қолдап, азаматтарды тезірек иммунизациядан өтуге шақырды.

"Қазір Қазақстан үшін өте қиын кезең. Осындай қиын жағдайда инфекциямен күресте бізге тек вакцина көмектеседі. Вирусты өзгелерге жұқтырмас үшін және балаларымызды қорғап, олардың мектепке алаңсыз баруы үшін вакцинациядан өтуіміз керек. Сондықтан, құрметті ата-аналар мен оқытушылар, барлықтарыңыздан екпе алуды сұраймын", - деп астаналық Ақнұр Молдашева азаматтарға жүгінді.

Вакцинация коронавирустық пандемиямен күресте жалғыз тиімді қару екені белгілі. Азаматтар иммундаудан неғұрлым тезірек өтсе, соғұрлым COVID-19 таралуының өсуі тоқтайды.

Әлия Жахинаның баласы музыка мектебінің 4-сыныбында оқиды. Бүкіл отбасымен бірге вакцина алған ата-ана халықты жаппай вакцина қабылдауға шақырды.

"Мен өз елімнің патриотымын, белсенді азаматпын және ата-анамын. Коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алғашқылардың бірі болып алдым. Бұл өте маңызды деп есептеймін. Құрметті ата аналар, мұғалімдер, достар, бірге вакцинациядан өтіп, пандемияны жеңіп, бұрынғы өмірге оралайық", - деді тағы бір ата-ана Дәнекер Қасымова.

КВИ-ға қарсы вакциналар қауіпті вируспен күресте өз тиімділігін дәлелдеді, бұған бүкіл әлем бойынша ғалымдардың ондаған зерттеулерінің нәтижесі дәлел бола алады. Тек вакцина алу арқылы ғана өзіңіздің және айналаңыздағылардың денсаулығын қауіптен сақтауға болады.

https://www.youtube.com/watch?v=q0_f3fdlwiY

Байланысты жаналықтар

Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

01.12.2023

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

30.11.2023

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

30.11.2023

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

30.11.2023

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

29.11.2023

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

29.11.2023
MalimBlocks
Қызылша балаларға қауіп төндіріп тұр

30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

Хостелде шыққан өрт. Алматы әкімі Досаев пікір білдірді

Өрт орнынан 59 адам эвакуацияланды

Түркістан облысында тағы бір ауыл әкімі сайланды

Алматыда хостелден өрт шығып, 13 адамның денесі табылды

Аты-жөндері анықталып жатыр

«Бауырым» дейтіндер көп, бауырын беретіндер жоқ

7 жыл бойы донор іздегендер бар

Түркістан облысында 140-тан астам әкімді халық таңдады 

Соңғы жылдары елімізде ауқымды саяси реформалар жасалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен сайлау жүйесіне түбегейлі өзгерістер енгізілді. Халықтың мемлекеттік басқару ісіне араласуына жағдай жасалып, диалог күшейтілді.