Ауыл әкімдерін сайлау – маңызды демократиялық қадам
Егемендікке қол жеткізген Қазақстан бүгін де әлем таныған елге айналды. Тәуелсіздік тарихында түрлі саяси оқиғалар болды. Соның бірі –маңызды мемлекеттік мәселені шешу үшін өткізілетін бүкілхалықтық дауыс беру. Яғни, референдум. Сол арқылы әрбір атқарар істерімізді, әрекетімізді, кемеліне келтіріп, жүйелі жүргізе аламыз. «Республикалық референдум туралы» конституциялық заң қабылданды, бірақ ол әлі күнге дейін қолданысқа енген жоқ. Содан бері Конституцияға төрт рет түзету енгізілді. Бүкілхалықтық дауыс беру арқылы Конституцияны өзгерту халықтың ерік білдіруінің жарқын көрінісі болады деп санаймын» деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.
Былтыр өткен референдумға Түркістан өңірінің тұрғындары белсенді қатысты дер едім. Оның ішінде өзім және отбасым да бар. Шындығын айтқанда жергілікті халықтың уақыт өте келе саяси көзқарасы кеңейіп, өз құқықтарын тануы, реферундум, сайлау деген секілді бағыттарда белсенді болуы қуантады. Оған дәлел былтыр өткен референдумда Түркістан өңірінде сайлаушылардың ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізуі. Референдум қазақстандықтардың мемлекеттің саяси архитектурасын қайта қалыпастыруды, билік тармақтары арасында тежемелік пен тепе-теңдіктің үйлестірілген жүйесін құруды, мемлекет дамуының жаңа бағытын, Жаңа, Әділетті Қазақстанды қолдайтынын көрсетті.
«Мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Ата заңымызға ұсынылған өзгерістерді азаматтардың басым көпшілігі қолдады. Референдум жоғары деңгейде өтті. Мұны халықаралық және отандық байқаушылар да айтып жатыр. Конституциялық реформалар қоғамда қызу талқыланды. Дауыс беру барысы демократия талаптарына сай өтті. Ешқандай мәжбүрлік болған жоқ. Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды. Азаматтарымыз зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін паш етті. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсеттік. Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді» деген Мемлекет басшысы референдумға белсене қатысып, бастамаларына қолдау білдірген халқына өз алғысын жеткізген болатын.
Суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшу, бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу, елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру оң өзгерістерге алып келетіндігіне сенімім мол. Сондықтан Мемлекет басшысының референдумда Конституцияға жаңартулар мен түзетулер енгізгендегі шешімі елдің дамуына серпін беріп, осы орайда болашағына бей-жай қарамайтын әрбір азамат қолдау керек деп ойлаймын.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен конституцияда біршама түзетулер енгізілді. Мажоритарлық жүйе енгізілді. Жастар мен әйелдерге арнайы квота енгізілді. Бізде 90 жылдардың аяғына дейін мажоритарлық жүйе қалыптасқан болатын. Жалпы сайлаудың бұл тәсілі көптеген елдерде бар. Бұл жүйенің басты тиімдігі партиядан тыс адамдар да депутаттық мандатқа үміткер бола алады. Осы орайда бұрынғы талаптарға да түбегейлі өзгерістер енгізілетіні сөзсіз. Түптеп келгенде, бұл қадамдар халықтың әл-ауқатын арттыруға және еліміздің болашағын баянды етуге ықпал етеді.
Ауыл әкімдерін сайлау – маңызды демократиялық қадам деп ойлаймын. Неге десеңіздер ауылдық округ әкімдерін тікелей сайлау – азаматтардың өздерінің конституциялық құқықтарын толыққанды іске асырудағы белсенділігін нығайтып, халықтың билікке деген сенімін және әкімнің халық алдында есеп беруін күшейтеді. Сондай-ақ, ауыл әкімінің халықтың қажеттіліктері мен проблемаларына жедел ден қоюын арттырады. Сонымен қатар, ауданның мәслихаттарына әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселені қарау бойынша, оның ішінде жергілікті қоғамдастық жиналысының бастамасы бойынша өкілеттіктер беріледі. Демек, ауыл әкімі тек сайланып қана қоймай, оны сайлаған қауымдастық алдында бақылауда болады.
Мен қазіргі таңда Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Экскурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келемін. Музей – құндылықтар ордасы. Ғасырлар қойнауынан сыр шертетін Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі Республикамыздағы көне музейлердің бірі. 100 жылдан астам тарихы бар рухани білім ордасы өлкеміздің өткен тарихы мен рухани құндылықтарын зерттеп, құнды мәліметтерді жинақтап, өскелең ұрпақ алдында насихаттауда, тарихи-ғылыми маңызы бар ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық зерттеу қызметін атқаратын мекеме екені баршаға аян. Қазіргі таңда Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі заттық және рухани құндылықтарды танытып, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттап, осы негізде тәлім-тәрбие беруде, мәдени-көпшілік іс-шаралар мен көрмелер ұйымдастыруда бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Еліміздің тарихи-мәдени құндылықтарын тек Республикада ған емес, шет елдерде насихаттауда жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында Тәжікстан астаны Душанбеде, қараша айында Әзірбайжан астанасы Бакуде музейіміздің қызметкерлері жиырма қанатты киіз үй тіккендігін мақтанышпен айтқым келеді. Біз рухани байлығымызбен мақтанамыз. Қазіргі таңда дамыған елдерді жаңа технолгиямен емес тарихи, мәдени, рухани байлығымызбен, өзімізге ғана тән ұлттық кодымызбен киелі, діни наным сенім зиярат ететін орындарымызбен ғана таң қалдыра аламыз. Киелі топырағымызбен табиғатымыз және ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан өзгермес рухани құндылықтарымызбен мәдениетіміз, құнды дүниелерге өте бай.Тек соны біртұтас халық болып жаңғырта білсек, әлемдік өркениетте өзіндік орынымызды алып, дамыған елдердің алдыңғы қатарында тұрарымыз хақ!
Жандарбек Мейірлан
Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Экскурсиялық-бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.