Ауыл әкімі атануға кімдер үміткерлер бола алады
«Ұлтымыз жаңа сапаға көшуі үшін біздің күнделікті өмірлік ұстанымдарымыз да өзгеруі керек. Қазақ қоғамында жаңа қағидаттар және жаңа бағдарлар салтанат құруға тиіс». Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында осылай деген болатын.

Яғни, Президент елімізде «Жауапты мемлекет – жауапты қоғам – жауапты адам» жүйесі берік орнығуы керек екенін алға тартып отыр. Осы мақсатта аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдерін сайлауды да уақыт оздырмай қолға алу керектігін баса айтты.
«Біз «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» құруды қолға алдық. Бұған дейін айтқанымдай, бұл – мемлекеттік органдар тек азаматтардың күнделікті мәселесіне байланысты жауап қатуы тиіс деген сөз емес. Бұл, ең алдымен, билік пен қоғам арасындағы тұрақты диалог. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі азаматтық диалогты дамыту ісіне тың серпін берді. Кеңес еліміздегі жалпыұлттық диалог үдерісін орнықтырып, өз миссиясын орындады. Соның нәтижесінде саяси реформалар топтамасы жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» демократиялық тұрғыдан мүлде жаңа заң қабылданды. «Саяси партиялар туралы», «Сайлау туралы», «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» заңдарға өзгерістер енгізілді.
Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 130-шы бабын қылмыс санатынан алып тастау және 174-ші бабын ізгілендіру үшін өзгерістер қабылданды. Жұмысты сапалы әрі жедел атқарғаны үшін Парламентке ризашылығымды білдіремін. Бұл – саяси саладағы реформаларымыздың бастамасы ғана. Оны жаңғырту ісі жалғаса береді. Мемлекеттік биліктің барлық дерлік институттарын реформалау керек. Жаңғыртудың негізгі мақсаты – тұтас мемлекеттің тиімділігін арттыру. Егер азаматтарымыздың әл-ауқатын шын мәнінде жақсартқымыз келсе, олардың өздерін осы іске белсенді түрде тартқан жөн. Алдағы саяси реформалардың барлығы халықты мемлекет басқару ісіне кеңінен қатыстыруға бағытталуы керек.
Мысалы, қоғамдық пікір сауалнамалары ауыл әкімдерінің сайлау арқылы қызметке келуіне қатысты сұраныстың артқанын көрсетіп отыр. Бұл маңызды қадамды жан-жақты ойластырып, дәйекті түрде жүзеге асырған жөн. Мұндай жүйенің қалай жұмыс істейтінін нақты білуіміз керек. Алайда, бұл мәселенің шешімін кейінге қалдыруға болмайды. Келесі жылы бірқатар ауылдық округ әкімдерінің өкілеттік мерзімі аяқталады. Ауыл әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге болады деп ойлаймын. Жергілікті билік өкілдерінің сайланбалы болуымен қатар, мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзыреттерді бөлу және жергілікті өзін-өзі басқару ісін айқындап алуымыз қажет. Аса маңызды мәселенің бірі – аймақтарды бюджеттен қаржыландыру моделін әзірлеу. Бұл ретте, «орталық пен өңір» арасындағы қарым-қатынастан бөлек, қаражаттың өңір ішінде бөлінуіне айрықша назар аудару керек.
Жергілікті бюджеттерді бекіту барысында бақылауды күшейту қажет. Себебі, бөлінген қаражат көп жағдайда тұрғындардың шынайы қажеттілігіне жұмсала бермейді. Бір-екі көшені жыл сайын қайта-қайта жөндей беру, имидждік іс-шараларға жұмсалатын тиімсіз шығындар азаматтарымыздың наразылығын тудыруда. Бұл – орынды. Инфрақұрылымдық және әлеуметтік бастамаларға аудандар мен елді мекендердің бюджетінен қаражат бөлу үшін қоғамдық сараптама жүргізілуге тиіс. Бұл ретте, онлайн сауалнаманы да қолданған жөн», -- деді Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Қазіргі таңда еліміздің барлық өңірінде сайлау комиссиялары құрылып, ауыл әкімдерін пилоттық режимде сайлауға кірісіп, сайлауды өткізуге байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге кірісіп кетті. Айталық, Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы ағымағы жылдың 9 қыркүйегінде Түлкібас ауданында барлық учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары және хатшыларының қатысуымен оқыту семинарын өткізілді. Оқыту семинарларына аудандағы 60 учаскелік сайлау комиссияларынан 141 адам қатысты.
Семинарда сайлау учаскелеріндегі инфрақұрылымның дайындықтары, мүгедектігі бар сайлаушылардың құқықтарын қамтамасыз ету бойынша жүргізілудегі жұмыстар, учаскелік сайлау комиссяларының сайлаулар өтетін күнгі негізгі міндеттері талқыланды. Күн тәртібінде аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Е.Қаратаев, орынбасары Е.Есенбаев, хатшысы С.Тлеубеков учаскелік сайлау комиссиялары өткізетін жұмыстар жайлы ойларымен бөлісіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Семинарда облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Р.Жексембаева сөз сөйлеп, ауданда өтетін сайлауларға дайындық жұмыстарының барысына, оның ішінде ауданда өтетін ауыл әкімдерінің сайлаулары бойынша туындап жатқан ситуациялық сұрақтарға тоқталып, заң бұзушылықтарға жол бермеу мәселесін атап өтті. Оқыту семинарлары барысында қатысушылардың барлығы сайлау заңнамасына қатысты тест тапсырды. Жиын соңында сайлау өтетін күндері туындауы мүмкін деген ситуациялық сұрақтарды заң талаптары бойынша шешуге арналған тренинг өткізілді.
Айта кетейік, кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні басталады және сайлау өткізілетін уақытқа 15 күн қалғанда жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады. Егер де ауылдық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауыл округіне екеуден кем кандидат ұсынылса, онда аудандық сайлау комиссиясы кандиттарды ұсынуды 5 күннен аспайтын мерзімге ұзарта алады. Облыстық аумақтық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, үміткерлерді саяси партиялар өз мүшелерінің арасынан ұсына алады. Яғни, саяси партия бір сайлау округінде 1 ғана кандидат ұсынуға құқылы. Егер де ұсыну аяқталатын күнге екеуден кем кандидат ұсынылса, аудан әкімі ұсынады. Толығырақ айтайық, ұсынылған кандидаттар болмаған не ұсыну мерзімі аяқталатын күні 1 кандидат ұсынылған жағдайда аудан әкімі жергілікті қоғамдастық жиналысының келісімі бойынша 2 немесе 1 кандидатты ұсына алатын болады.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.