Ауыл мектептері – білім берудің драйвері

  • 29.04.2023

 

«Білімді ұлт» сапалы білім беру» бағдарламасының негізгі бір бағыты – ауыл мен қала мектептері арасындағы сапалық айырмашылықты азайту. Бұл бұрыннан айтылып келе жатқан мәселе болса да, әлі күнге толық жүзеге асты дей алмаймыз. Сол себепті, ауыл мектептеріндегі бәсекелестікті күшейту, сол арқылы ауылдық оқушылардың қалада оқитын балалармен бәсекеге түсуіне мүмкіндік беру – қазіргі атқарылып жатқан шаруалардың негізгі мақсаттарының бірі.

Оқушыны дамытудың, өз деңгейін анықтауына мүмкіндік берудің бір жолы – түрлі пәндер бойынша олимпиада өткізу. Бұл олардың білімін тексеріп қана қоймай, болашақ мамандығын таңдауына да зор мүмкіндік беретін шаруа. Өйткені, оқушы олимпиадаға қатыса жүріп, белгілі бір сала мен пәнге деген қызығушылығын оятады, тәжірибесін жетілдіреді, білімін шыңдайды. Сөйтіп, мектеп бітірер уақыт таяғанда өз мамандығын таңдауға және сол бағыт бойынша оқуға түсуге мүмкіндік алады. Оның сыртында, олимпиадаларда білім гранттары да сарапқа салынып жататынын ескеру керек.

Осыған қатысты бір жақсы жаңалықты Оқу-ағарту министірі Ғани ­Бейсембаев айтты. Ол Байқоңыр қаласына іс сапармен барып, ондағы білім беру ұйымдарының жұмыс барысы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жұмыстармен, іс шаралармен танысып қайтты. Сонымен қатар, онда педагогикалық қоғамдастықпен кездесу болды.

Министр осы кездесуде «ауыл мектептеріне арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың жобасы дайындалып жатыр. Ауылдық мектептер қазақстандық білім берудің драйвері болуы тиіс», - деп қалды.

Демек, алдағы уақытта ауыл мектептері өз алдына жеке сайыстар өткізіп, өзара бәсекеге түсуге мүмкіндік алады деген сөз. Бұл оқушылар үшін өте тиімді болмақ. Себебі, қалай десеңіз де ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақты бар екенін жоққа шығара алмайсыз. Одан бөлек тағы бір мәселе – қала мектептерінде оқитын оқушыларда қосымша ресурстарды пайдалану мүмкіндігі өте зор. Адам көп шоғырланған, үлкен қалаларда түрлі үйірмелер мен қосымша білім беретін, қосымша дайындайтын орталықтар өте көп. Мамандар да үлкен қалаларда көп шоғырланады. Ауыл балалары ауылдан қалаға келіп, дайындала алады дегенмен, бұл үлкен өлшеммен алғанда аспан мен жердей айырмашылық көзге түседі. Себебі, соншама жер жүріп келіп, арнайы дайындық курстарынан өтуге көпшіліктің мүмкіндігі бола бермейді, оның сыртында, бұл уақытша қатынас екенін де ескеру керек. Біздің ауыл оқушыларының өзара сынға түсуінің артықшылығы туралы айтып отырғанымыздың мәні осында жатыр.

Сонымен, Байқоңырға оралайық. Министр арнайы барған Байқоңыр қаласында 5 мектеп жұмыс жасап тұр. Мектепте 574 мұғалім жұмыс істейді, оқушылар саны 5410. Министр білім саласындағы соңғы жаңалықтар туралы айтқан аталмыш жиында Қазалы ауданындағы оқушылар мен студенттер арасында ашық диалог жүрді. Диалог барысында олар білім беруді дамыту жөнінде  өз ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, министр түлектердің сауалдарына да жауап берді. Диалогка қатысушылар министрге түлектердің  емтихан тапсыруы мен ауыл мектептерін дамытуды, болашақ педагогтерді қолдау туралы бірқатар сұрақтарына жауап алды.

Иә, қазіргі таңда педагогтерді қолдау біз үшін үйреншікті сөзге айналып барады. Педагог мамандығына деген сүйіспеншілікті ояту да біршама жолға қойылды деуге болады. Себебі, соңғы жылдары жүргізілген реформалар бұл тарапқа жас жеткіншектердің жиі көз салуына түрткі болды. Болашақта ұстаз болуға талпынған түлектерді мемлекет те қанаттандырып отыруды ұмытпайды. Себебі, бұл мамандық иелері барлық салада білікті мамандардың қалыптасуына түрткі болатыны айтпаса да ақиқат нәрсе.

Жиында естіп қалған тағы бір ерекше жаңалық – биылғы жылдан бастап «Алтын белгі» үміткерлері емтиханды өз мектептерінде тапсыратын болады. Сондай-ақ осы жылдан бастап колледж студентерінің стипендиясы 50 пайызға, келесі жылдан бастап 100 пайызға көтерілетін болады. Студенттер оқудың екінші жылынан бастап көбіне практикалық оқу үлгісімен оқитын болады. Студенттерге практиканы көбейту тәжірибелік пен мамандығына деген жауапкершілікті үйретеді. Сонымен қатар студенттерді дуальді оқытудың аясында енді практикадан өткен уақыттары олардың еңбек өтіліне есептелінетін болады.

Ақпарат үшін айта кетейік, Қазалы ауылының колледжінде жалпы саны 900 студент пен 800 мектеп түлегі бар, олардың ішінде 56 түлек «Алтын белгі» үміткері болып отыр.

Республикамызда жалпы саны 2 мыңнан астам ауылдық округ пен 6,5 мыңнан астам ауыл, сонымен қатар, ауылдық жерлерде 5 338 мектеп бар. Сонымен қатар, ауылдық жерлердегі кадрлар сапасы мен білім деңгейінің алшақтығы бары анық. Ауыл мектептерінің қала мектептерінен алшақтығы ауылдық мектеп ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен толық жабдықталмағандығында. Сонымен қатар интернет желісінің қолжетімсіздігі тағы бір мәселе болары анық.

Айта кету керек, 2025 жылға қарай республика бойынша 800-ге жуық жаңа мектеп пен ауылдық округтерге 114 интернат желілері салынады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, елдегі үш ауысымды мектептер санын азайтып, аппатты жағдайдағы мектептер толығымен жойылады.

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.