Ауылды өзгерту атауынан басталады

Жамбыл облысының орталығы Тараз қалсында «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинар өтті. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен өткен семинар барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы мақұлдаған ономастика жұмысын ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың, идеологиялық тұрғыдан ескірген атаулары бар елді мекендер мен олардың құрамдас бөліктерін қайта атау жөніндегі 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасының таныстырылымы болды. Әрине, ел бесігі саналатын ауылдардың атауына қатысты өңірлердегі жалпы аһуал негізгі әңгіменің өзегі болды.
«Рухани жаңғыру», «Туған жер», «Ауыл – ел бесігі» сияқты бағдарламалар іске қосылғалы бері бірқатар ауылдар бұрынғы өзінің тарихи атауын тауып келеді. Сол себепті, семинарда елді мекендердің және олардың құрамдас бөліктерінің байырғы тарихи атаулары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу мәселелері, сондай-ақ халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған шаралар жайы да сөз болды.
Семинар жұмысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек, Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, сарапшылар және т.б. осы салаға қатысы бар мамандар қатысты.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін
Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.
Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?
Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.