Азаматтық қоғам дамыған сайын демократиялық үрдістер жетіле түседі

Malim Админ

  • 08.12.2023

Өткен жылы өткізілген референдумға халықтың көзқарасы оң  болды. Өзім референдумға қатысуға барша аудан тұрғындарын белсене қатысып қолдау білдіруге  шақырдым, референдумға қатысып өз таңдауымды жасадым. Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жерлестеріміз ел тарихындағы елеулі оқиғаға бей-жай қарамай белсенді қатысу – әрбір азаматтың басты борышы екенін сезінді. Себебі бұл – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін тарихи сәт. Еліміздегі саяси жүйені түбірімен өзгертіп, мемлекеттік басқару ісіне атсалысу үшін азаматтарға кең мүмкіндіктер беру. Президенттің Жолдауында айтылған бастамалардың негізгі мақсаты – осы. Бұл халықтың көкейінде көптен бері жүрген мәселе болатын. Демократияландыру үдерісін тиімді жүргізу үшін әрине, алдымен Ата заңға өзгерістер енгізу қажет. Осыны түсінген Қазығұрттың жастары референдумға қатысып, еліміздің дамуына өз үлестерін қосты.

Референдумнан кейінгі Заңдағы өзгерістерге көңілім толады, еліміздің дамуына, халқымыздың өсіп өнуіне, өркендеп көркеюіне үлкен мүмкіндік береді. Біріншіден, қоғам талап етіп отырған ұсыныстар, мәселелер ескерілді. Парламенттің, мәслихаттың ықпалы күшейтілді.

Конституциялық реформалаудың нәтижесінде Президент туралы Заңға өзгеріс енгізілді. Президент 7 жылда бір рет сайланатын болып, Парламенттің пәрмені мен депутаттардың қызметі бекітілді. Ықпалы артты. Конституциялық сот құрылды. Облыс әкімдері партия филиалдарына жетекшілік етпейтін болды.

Екі жыл бойы ауыл әкімдері сайланып келді. Ал биыл алғаш рет 45 аудан, қала әкімдері сайланды. Алдағы уақытта барлық аудан әкімдері сайлауға түсетін болады. Халық өз әкімдерін тұрақты түрде таңдайды. Бұл да Орталық Азия елдері арасында Қазақстанда ғана бар өзгеріс. "Күшті Президент - ықпалды Парламент - есеп беретін Үкімет" мемлекеттің басты тірегіне айналды. Сараптай білсек, көптеген өзгерістер бар.

Парламент және мәслихат депутаттарын сайлауда да өзгерістер болды.  Мажоритарлық жүйе енгізіліп, әр округте тартысты бәсекелер өтті.   Жастар мен әйелдерге арнайы квота енгізілді. Бұл референдум еліміздің жаңа тұлғаларына жол ашты, елдің үміт еткен жастары,ел ағалары, елдің сенген азаматтары сайланды.

Ауыл әкімдерін  елдің сайлауы дұрыс шешім деп білемін. Себебі халықтың өзі қалаған азаматты қойып, өз талаптарын орындата алады деген ойдаймын.

Өзім жұмыс істейтін аудандық Жастар ресурстық орталығының жетістіктері жетерлік. Аудан көлемінде жастарға дұрыс бағыт бағдар беретін іс-шаралар өтуде. Азаматтық қоғам дамыған сайын демократиялық үрдістер жетіле түседі.

Сағи Қыпшақбаев,

Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін