Балаларды мультфильм арқылы да сақтандыруға болады

  • 27.07.2022
Фото: ҚР ТЖД баспасөз қызметі

Балаға кез келген ескертуді айтуға болады, бірақ, ол оны түсінгенімен қаншалықты қабылдайды, мәселе сонда. Қауіпсіздікке қатысты да солай. Біз қашан да балаларымыздың қасымызда, дін-аман жүруі үшін оларға «мынаны істеуге болады»; «мынаны істеуге болмайды» деген ережелер мен шектеулер енгізіп қоямыз. Бірақ, баланың өмірі біркелкі шектеулерден, «болмайды»-лардан тұруға тағы болмайды. Арнайы мамандар балаға деген қарым-қатынастың қашан да шығармашылықпен астасып жатуы керек екенін айтады. Яғни, баланың ой-санасына сай өзіңіз де бейімделіп, ылғи да ізденіс үстінде болуға тиіссіз. Сонда ғана қандай жағдай болса да, бала да, сіз де жалықпайсыз. Нәтижесінде, балаңыз қоғамда өзін ұстауды, әр түрлі жағдайларды қандай әрекет ету керек екенін, неден бас тартып, неге ұмтылу керек екенін білетін болады.

Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті балаларға арналған мультфильм түсірді деген хабар шыққанда алғаш аңтарылып қалғанымызды жасырмаймыз. Мультфильмді шығармашылық орталықтар түсірсе керек еді, төтенше жағдайлар департаментінің мұнысы несі деп таңғалдық. Сөйтсек, бұл да жоғарыда айтылған «шығармашылық қарым-қатынас» екен. Мультфильмді департаменттің әлеуметтік желілері арқылы арнайы қарап шықтық.

облыстық ТЖД қызметкерлері MediaPRO.KZ ЖШС-мен бірлесіп шығарған «Тентек пен Айя» атты мультфильмінің кезекті шығарылымы балалардың судағы жүріс-тұрыс ережелерін үйретуге арналыпты. Ая ақылды, тіртіпті қыз, ал, Тентек атына заты сай, өзіне тым сенімді бала. Мультфильмнің басы Аяның Тентекке бас киім кию туралы ескертпесінен басталады. Үйден киіп шыққанмен, суға түскенде кимей қойған Тентек Аяның ескертуіне қарамай судың терең жағына қарай жүзіп кетеді. Әрине, ол өзін ғажап жүзгіш санайды. Сөйтіп, суға бата бастайды. Басы айналады, көзі қарауытады, оның басты себебі – бас киім кимегеннен екенін түсінеді бала. Одан кейін, терең жаққа жүзіп, жағалаудан ұзап кеткенде, аяғы тырысып, қол-аяғы талып, жүзуге шамасы келмей, бата бастайды. Бұл мультфильмнің шиеленіскен тұсы деуге болады. Бата бастаған Тентекті құтқарушылар құтқарып алады. Құтқарушы жағалауда есін әрең жиып, өзіне келе бастаған балаға:

«Есіңде болсын, тентек, жағалаудан үлкендерсіз ұзап кетуші болма ешқашан. Қанша жерден мықты жүзсең де. Ылғи да басыңа күн ыстықта бас киім киіп жүр. Басыңнан күн өтсе басың ауырып, айналуы мүмкін, көзің қарауытады. Бұлшық еттерің ауырып, діріл пайда болуы да ғажап емес. Суға түскенде қасыңда адам болуы керек. Егер суға бата бастағаныңды сезсең, қорқынышқа бой алдырмай, денеңді босатып, шалқаңнан жатуға тырыс. Одан кейін көмек керек деп қатты айғайла. Жағалауда дауыс жақсы естіледі, сені біреу қалай да естиді. Үлкен өзен-көлдерде шомылған кезде осыны естен шығарма», - деп ақыл айтады.

Әрине, бұл ескертпелер мен ережелерді көбіміз білеміз, бірақ, дәл жаңағыдай оқиғаны бастан өткеріп келген бала үшін және соны көріп отырған бүлдіршіндер үшін бұл ескерту ерекше әсер ететіні сөзсіз.

Мультфильмдегі тағы бір үйренетін нәрсе – балалардың бір біріне бас-көз болуы, әлдеқалай жағдай болса, өздері көмекке ұмтылмай, үлкендері, құтқарушыларды көмекке шақыру. Ең алдымен Ая бастаған өзге балалардың арқасында Тентен аман қалады.

Анимациялық фильмнің көлемі де ұзақ емес, 5 минут, 50 секунд. Оның мәтін авторы Илья Волков, графикалық нұсқасын жасаған Денис Костив. Бұл шығармашылық ұжыммен департамент бірігіп жасаған екінші мультфильм. Әрине, сапасы өте қарапайым, мүмкін алдағы уақытта бұл тараптағы әріптестікті кеңейтіп, өзге де сапалы анимациялық фильмдер түсіруді жандандыра түссе дейміз. Себебі, бұл қауіпсіздік және құтқару қызметі үшін жаңа бағыт, ерекше ескерту деп есептеуге болады.

Байланысты жаналықтар

Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

07.12.2023

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

06.12.2023

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

06.12.2023

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

05.12.2023

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

05.12.2023

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

05.12.2023
MalimBlocks
Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды  Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.

Орталық Азияның креативті индустрия халықаралық форумында не айтылды?

Алматыда «Сreative Central Asia 2023» халықаралық форум өтті. Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Оңтүстік Корея, ТМД елдерінен, АҚШ және Англиядан 100-ден астам сарапшы қатысқан бұл форумда кино, музыка, медиа және цифрлық мәдениеттер, білім беру, сән және заманауи өнер салаларындағы бірегей платформа ұсынылды.

Қазақстанда жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін 

Қазақстан нарығында жаңа әуе компания пайда болуы мүмкін. Бұл жөнінде көлік вице-министрі Талғат Ластаев айтты. Ол бұл мәселе шетелдік әуе компания өкілдерімен талқыланып жатқанын жеткізді.

Назарбаев университетінің мәртебесі өзгертілмейді 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев Университетінің мәртебесі өзгермейтінін мәлімдеді. Ол “заңды алып тастап, өзгерте алмаймыз” деп отыр.

Смайловтың шүйлігуі әкімдерді шошыта ала ма?

Бүгін Үкімет отырысында көлікпен жүк тасымалдау саласы бойынша мәселесі қаралды. Осы жиында перемерь-министр Әлихан Смайлов жол бойындағы сервистерді әлі күнге дейін дамыта алмай отырғандарына ашынды.

Путинге жаппай смс-хабарлама жіберіліп жатыр

Мобилизациямен соғысқа жіберілгендердің әйелдері Владимир Путинмен 14 желтоқсанға жоспарланған тікелей байланыс нөмеріне жаппай хабарлама жіберіп, туыстары қашан соғыстан оралатынын сұраған.