Балаларға қатысты қылмыс жіті назарда
Қазіргі таңда еліміздегі отбасы институтын нығайту бағытындағы жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Дегенмен жалпыұлттық жұмыстар жоспары аясында аз қамтылған және қиын жағдайға тап болған азаматтарға, сонымен қатар, көпбалалы отбасыларға көмектесетін орталықтар мен кеңселер қызметіне қарамастан отбасындағы зорлық-зомбылық мәселелері әлі күнге өзекті болып тұр.
Балаларға қатысты қылмыс жағдайлары да Президент назарында. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым – Жомарт Тоқаев балаларға қатысты қылмыстар шектен тыс көбейіп кеткенін айтты.
«Назар аударатын мәселе – жас ұрпақтың қауіпсіздігі. Балаларға қатысты жантүршігерлік қылмыстар қаптап, мұндай оқиғалар тіпті мектептер мен көшеде, үйде болып жатыр. Бұндай сорақы жағдайлар оқушылардың өзіне қол жұмсауына әкеп жатсоғып жатыр.тіпті ата – аналардың өздері баласына қорлық көрсетіп арты қайғылы оқиғамен аяқталып жатады. Отбасындағы зорлық – зомбылықтың алдын алу жұмыстары әлсіз. Жауапты мекемелер мен құқық қорғау органдарының қызметі ойдағыдай нәтиже берген жоқ. Тұрмыстық зорлық – зомбылықтың алдын алу саясатын қайта қарауымыз керек. Сондай – ақ, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау шараларын күшейту керек», - деді Президент.
Сондай – ақ, президент « Отбасы құндылықтарын дәріптеу ісіне де ерекше көңіл бөлу керек. Тағы да ескертемін, біз қоғамдағы, көшедегі тіпті әр үйдегі қауіпсіздікті қамтамасыз етпесек, дамыған елдер қатарына қосылуымыз қиын. Азаматтарымыз еркін жүріп – тұратын қоғам құруымыз қажет», - деді.
Қазақстан зорлық – зомбылықтың барлық түрімен күрес жұмыстарын күшейтіп отырғанына қарамастан соңғы бес жылда көрсеткіш саны ұлғайып келеді. 2020 жылы көрсеткіш 20 пайызға жетсе, орташа деңгейдегі қасақана әрекеттер 2015 жылы 2, 2019 жылы 13 пайызды құраған. Қазақстан бойынша зорлық – зомбылықтың әсерінен пандемия кезінде әйелдер мен балалар, қарттар мен мұқтаж жандар көп зардап шеккен. Көбіне оның себебі жұмыссыздық, білімсіздік пен әлеуметтік салдармен байланысты болуы мүмкін.
Зорлық – зомбылық жағдайы болған жағдайда көбіне ескерту беріледі немесе айыппұл салынады және 15 күнге дейін бас бостандығын шектеу түрінде әкімшілік жаза қолданылады. Агрессорлар құқық бұзу әрекеттеріне ауыр жаза тартпайтынын біле отырып көбіне немқұрайлық танытып жатады. Осы мәселеде қоғамды тұрмыстық зорлық – зомбылықпен күреске оның алдын алуға, агрессорлармен күрес жүргізуге шақырамыз.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.