Баспасөз хатшысының міндеті қандай?

Қоғамдағы ақпарат таратудың маңызы, оның еліміздің ішкі-сыртқы қауіпсіздігіндегі орнының ерекше екендігі туралы әсіресе соңғы кездері жиі айтылып жүр. Бұл жаңа замандағы ақпаратқа қол жеткізген ашық қоғамның іштей өсуі, өздігінен дамуының бір айғағы. Бір уақыттар болған, журналистерге өнер адамы ретінде, ерекше сөйлеу, жазу қабілеті бар адам ретінде қарайтын да уақыттар болған. Ал, қазір азаматтар журналистерден ешқандай күшейтпелі шырайсыз қалыпты ақпарат күтеді. Және журналистердің көбі елдің алдындағы атағын пайдаланып, әр түрлі салаларда мал табуға тырысып жататын. Қазіргі журналистикадағы бәсекелестіктің артуы бұл мамандыққа деген жауапкершілікті еселеп арттырды. Сәйкесінше, журналистердің де өзге салаларға қоятын талабы артты.
Журналист ақпарат іздеуші әрі таратушы десек, олар жұмыс істейтін саладағы ақпараттардың түбі мемлекеттік мекемелер мен түрлі ірі компанияларға барып тіреледі. Ал, бұл органдардың қоғаммен, БАҚ-пен байланыстыратын – баспасөз хатшысы. Оның білікті жұмыс істеуі мемлекеттік құрылым мен жекелелеген компаниялардың имиджіне әсер етіп қана қоймайды, қоғамдағы ашықтықты қамтамасыз етеді. Мемлекеттік саясаттағы ашықтық – ең алдымен демократияның дамуына ықпал етеді. Ал, демократия барлық саладағы дамудың ең басты қозғаушы күші.
Жалпы, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі бұл мәселе туралы «Масс-медиа туралы» заңда да, жақында ашылған MediaLab орталығының мақсат-міндетінде де жиі мәселе қозғап жүр. Бүгін баспасөз хатшыларының қоғамдағы ролі және ел алдындағы міндеті, қызметтік міндеттемесі төңірегінде ұйымдастырылған семинар да осы мақсатқа – баспасөз хатшыларының кәсіби деңгейін өсіруге бағытталған.
Семинарда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі сөз сөйлеп, мемлекеттік органдар мен халық арасындағы алтын көпір – осы баспасөз хатшысы екеніне тоқталды.
«Біздің қоғамымызда баспасөз хатшыларының негізгі міндеті өз басшысын қорғау деген көзқарас бар, бұл олай емес, керісінше оларды халыққа жақындастыру, ортаны байланыстыратын көпір болу және коммуникацияның орнауына жәрдемдесу екені белгілі. Әркім өз мекемесі мен өз басшысы үшін ғана емес, тұтас мемлекеттік ақпараттық ашықтығына, қауіпсіздігіне қызмет жасау керек. Бұл ретте мемлекет мүддесі, қоғамның сұранысы бәрінен жоғары екенін ұмытпауымыз керек», - деді Дархан Қыдырәлі.
Жоғарыда айтылған MediaLab орталығының ашылуы – бұл саладағы кейбір көзқарастарды өзгертіп, баспасөз қызметі мен журналистер арасындағы байланысты нығайтып, нәтижесінде елдің жылдам әрі нақты ақпарат алуына мүмкіндік береді деген де сөз айтылды. Себебі, жаңа орталық алдағы уақытта коммуникация саласы мамандарының біліктілігін арттырып, кәсіби деңгейін өсіру үшін түрлі шаралар мен жобалар дайындап жатыр. Айтпақшы, бүгінгі ұйымдастырылып жатқан семинар да сол орталықтың алғашқы жұмысы.
Алдағы екі күнге созылатын бұл семинарда қатысушыларар, яғни журналистер мен баспасөз хатшылары, өзге де коммуникация мамандары өзара байланысты дамыту, қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты тездету, ақпарат алмасуды жылдамдаты, спичрайтинг сияқты жаңа бастамаларды талқылап, түрлі тақырыпта шеберлік сабағына қатысады. Семинарда мәтінмен жұмыс істеуден бастап имидж қалыптастыруға дейін талқыланып, әлемдік әдіс-тәсілдер тілге тиек етілмек екен.
Айта кету керек, екі күндік семинарды ашылуына ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары және Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай, «M.NARIKBAYEV KAZGUU UNIVERSITY» АҚ Басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаевтар да қатысып, көзқарастарын, ұсыныстарын айтты.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.