Бекшин Алматыда қандай жағдайда қатаң локдаун енгізілетінін айтты
Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин бүгін өткен онлайн брифингіде Алматыда қандай жағдайда қатаң локдаун енгізілетінін түсіндірді.
"Біз ең алдымен ауруханалардағы бос төсек орындарды негізге аламыз. Қазір төсек орындардың 50 пайызынан астамы бос. Бізде төсек орындардың 4 мыңдай қосымша резерві бар. Мақсатымыз – денсаулық сақтау саласында дүрбелең тудырмау. Егер күн сайын 500 адам ауруханаға жатқызылса, онда толық локдаун енгізіледі", - деді Жандарбек Бекшин.
Бүгін Жандарбек Бекшиннің қаулысымен Алматыда 22 наурыз бен 28 наурыз аралығында қатаң шектеу шаралары енгізілді. Бұл туралы бүгін өткен онлайн брифингіде Жандарбек Бекшин мәлімдеді.