Алматы кәсіпкерлері «адам сияқты жұмыс істеуге» мүмкіндік сұрайды

Алматылық кәсіпкерлер демалыс күнгі локдаун жағдайында бизнес белшеден шығынға батқанын айтып шағымдануда. Күн сайын өзгере беретін жаңа қаулы мен түрлі шектеулерден шаршаған кәсіпкерлер билік әрекет етпесе, наразылық шарасын өткізетінін айтты.

Айшолпан КЕРІМ

  • 19.08.2021

Lanzhou жедел тамақтану желісінің негізін қалаушы Гүлбану Майғарина жылдам өзгеріп сала беретін қаулы мен жаңа шектеулердің талаптарына ілесіп үлгермей жатқанын айтады.

«Қаулы артынан жаңа қаулы, бітетін түрі жоқ, бірін оқып біткенше екіншісі шығады. Қаулының бір тармағы екіншісіне қайшы келеді. Кейін экономиканың құлдырауына кімнің жауап беретіні белгісіз. Бұрын есітімеген «қоңыр қызыл аймақ», Ashyq көшбасшылары, демалыс күнгі локдаун деген түсініктер пайда болды».

Кәсіпкер жоғарыда аталған шектеулер коронавирусқа қарсы күресте мүлдем тиімсіз деп есептейді. Майғарина билік өзге ел тәжірбиесіне сүйеніп, елдегі орта және шағын кәсіп иелеріне «қарапайым» жұмысқа оралуға мүмкіндік жасауын сұрайды.

«Өзге елдер вакцина салдырып, маска режимін алып тастап, жұмыс істеуге рұқсат беріп, экономикасын қалыпқа келтіруге тырысып жатқанда Қазақстан осылай локдаунмен әлек болып жүр. Пандемиямен күресіп керек емес, пандемия жағдайында өмір сүруді үйрену керек», - дейді кәсіпкер.

Гүлбану Майғарина елдегі эпидахуал соншалық күрделі болса, билік толық локдаун енгізіп, жұмыссыз қалған халыққа жеңілдік жасалуы керек деп есептейді.

Ал қала іргесіндегі тамақтану кешенінің басшысы Гүлжан Әшімбаева Үкіметтің қазір кәсіпкерлерге жасай алар жалғыз көмегі – еркін жұмыс жағдайын жасау екенін айтады.

«Былтыр карантиннен шығып, несие алып, өз бетімізше аяққа тұрдық. Мемлекеттің көрсеткен көмегі жоқ, тым құрыса сол несиені жауып, өзімізді асырауға мүмкіндік берсін, шектеу жасамай, жұмыс істеуге мүмкіндік берсін. Қазір ешкімде ақша жоқ, біздің кафеде істейтін сонша адамның тек екеуінің үйі бар. Өзгелері мынадай жұмыс жағдайында үйді армандау былай тұрсын, ертең нан алуға ақша таппай қалуы да мүмкін».

Әшімбаева кезегімен енгізіліп жатқан түрлі карантиндік шектеу жемқорлықты одан әрі арттырып жібергенін айтады.

«Ashyq деді, кейін көшбасшылық деді, кешкі 18.00 жабылсын деп, мониторингтік топ келетін болды, мұның бәрі қалтасына ақшасын салсаң, шешіле кетеді. Біреулердің қалтасын қампайтарға менде ақша жоқ, тамыз айында мүлдем жұмыс істей алмадық. Бұлай жалғаса берсе, көп ұзамай жабылып қаламыз. Біздің сабырымызды сынап, мазақ етпесін. Әйтпесе ашынған кәсіпкерлер жақында көтеріліп, митинг өткізсе де таң қалмаймын. Өзім де барамын».

Yasuda sushi мейрамханасының директоры Есен Темірғали те аздаған уақыт ішінде жауып үлгереміз деген үмітпен несие алғанын, ал тамыз айында ол үміт мүлде үзілгенін айтады.

«Мейрамхана қонақтарының 60-70 пайызының келу уақыты – 20.00-22.00, ал жұма-жексенбі – бизнес табысының ең жоғары болатын, жалпы кәсіпкерлер үміт артатын күндері. Ал тамыз айында мүлде жұмыс істемедік. Жұмыскерлер жалақысы, салық, ғимараттың жалға алу ақысы мен түрлі ұсақ түйек төлем – бәрі мойнымызда. Қазір жалға алу құны төмендесе, салықтан босатса деген тілекті тағы айтудың мәні бар ма білмедім. Жай ғана адам сияқты жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіздерші?.. Әйтпесе, мемлекеттің қолдауы шамалы, былтырғы қатаң карантиннен соң да өзіміз аяққа тұрдық. Ал, қазіргі Ashyq көшбасшысы деп бөлу мазақ еткенмен бірдей: мысалы желімізде тек он орындық мейрамхана бар, 2000 тіркеуді қалай жасауымыз мүмкін?»

Бұған дейін «Атамекен» ҰҚП «қоңыр-қызыл» аймақта сенбі күні сағат 22:00-ге дейін, ал Ashyq жобасының көшбасшыларына сағат 24:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етуді ұсынған еді. Алайда соңғы Үкімет отырысында демалыс күнгі локдаунның күзге дейін жалғасатыны белгілі болды.

Айта кетейік, өткен тәулікте 7337 адамда коронавирус індеті расталып, 139 адам коронавирус пен пневмониядан  қайтыс болды. 19 тамыздағы жағдай бойынша, COVID-19 дан 121 113 адам емделіп жатыр.

Байланысты жаналықтар

"Оқ атты": Белгілі кәсіпкер Айбек Барысов үндеу жасады

23.10.2024

Түркістан облысында кәсіпкер жердің құнарлы қабатын сыдырып алған

28.09.2024

Ресейден заңсыз кіргізілмек болған 171 тонна картоп кері қайтарылды

21.09.2024

Алматы облысында 11 адам сібір жарасын жұқтырған

10.09.2024

Алматы облысында сібір жарасы бойынша карантин жарияланды

05.09.2024

15 қыркүйектен бастап қайта бетперде киеміз бе? ДСМ жауабы

03.09.2024
MalimBlocks
"Оқ атты": Белгілі кәсіпкер Айбек Барысов үндеу жасады

Түркістан облысында кәсіпкер жердің құнарлы қабатын сыдырып алған

Сот шешімімен жер мемлекетке қайтарылды

Ресейден заңсыз кіргізілмек болған 171 тонна картоп кері қайтарылды

Шекарада екі күнде 12 заңбұзушылық анықталған

Алматы облысында 11 адам сібір жарасын жұқтырған

Ауруханаға жалпы 16 адам жатқызылды

Алматы облысында сібір жарасы бойынша карантин жарияланды

Бактериологиялық зерттеулердің нәтижелері белгілі болды

15 қыркүйектен бастап қайта бетперде киеміз бе? ДСМ жауабы