"Әкім өз-өзін жазалай алмайды": Шектеу шенеуніктерге әсер етпей ме?

Malim Админ

  • 15.04.2021

Алматы қаласы Әуезов ауданының әкімі өз-өзін жазалай алмайды.

Наурыздың 29-ы күні Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов қалалық бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшиннің коронавирустың таралуына байланысты шектеу шараларын қарастыратын қаулысына қарамастан жиын өткізген. Онда ол әріптестерімен бірге көп пәтерлі үйлердің басқарудың жаңа формасына ауысуын талқылаған. Осыдан кейін әлеуметтік желі мен БАҚ-та «карантин шектеулерін бұзған Сайран Сайфеденов жазалана ма?» деген сұрақ қызу талқыланған.

Бұл сұраққа кеше Алматы қаласының бас санитары Жандарбек Бекшиннің орынбасары Садуақас Байғабылов жауап берді. Оның сөзінше, мониторингтік топтарды аудан әкімдері басқарады. Сол себепті Сайфеденов өз-өзін жазалай алмайды.

«Бұл жерде мүдделер қайшылығы бар. Себебі мониторингтік топтарды аудан әкімдері басқарады. Сол себепті бұл сұрақты лауазымы жоғары органдарға қойған дұрыс... Мониторингтік топтардың жұмысына карантин шараларын бұзған мемлекеттік орган басшыларын жазаға тартатын жаңа механизімдерді енгізуді қарастыру қажет», - деді Байғабылов.

Жандарбек Бекшин наурыздың 20-ы күні офлайн жиындарға тыйым салатын қаулы қабылдаған. Бірақ арада алты күн өткен соң өз қаулысын өзі бұзған. 26 наурызда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой және Жандарбек Бекшиннің қатысуымен жиын өткен. Кейіннен Бекшин оның коронавирусқа байланысты өткен шұғыл жиналыс екенін айтып, «оған қаулыда көрсетілген шектеулер әсер етпейді» деп құтылған.

 

Байланысты жаналықтар

Алматы маңында тағы да жер сілкінді

16.05.2025

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

12.05.2025

Алматыда жер сілкінді

10.05.2025

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

09.05.2025

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

08.05.2025

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды

08.05.2025
MalimBlocks
Алматы маңында тағы да жер сілкінді

Алматыдан 234 шақырым жерде жер сілкінді

Алматыда жер сілкінді

Алматыда Жеңіс күніне орай дрондар шоуы өтті

Алматыда дәрігерлер ауыр жарақат алған малайзиялықты аман алып қалды

Алматы облысында теміржол бойына мәйітті тастап кеткен күдікті ұсталды