Білім сайысы оқушының көкжиегін кеңейтеді

Оқушыларды үлкен өмірге баулып, болашағын бекемдеп, өз жолын табуы үшін оларды тұлғалық дамыту ең басты мәселе. Адамды ашатын, оның мүмкіндіктерін жетілдіретін, өзін көрсетуге мүмкіндік беретін нәрсе – олардың бәсекеге баулу. Бұл тұрғыда оқушылар арасында өтетін конкурстардың маңызы зор. Республикалық конкурстар мен олимпиадаларға келетін оқушылардың бәрі шетінен сен тұр, мен атайын дейтін оқушылар деуге болады. Себебі, олардың бәрі өз ауылының, өз ауданының, қала берді өз облысының үздіктері. Республикалық деңгейдегі сайысқа қатысу үлкен тәжірибе екенін осыдан-ақ көруге болады.
Сондай атақты конкурстардың бірі - оқушылардың интелектуалдық қабілетін шыңдауға бағытталған «Зерде» XVII республикалық конкурсы. Биылғы бұл конкурстағы бәсеке өте жоғары болды деуге болады. Мәресіне енді жетккен бұл конкурсқа биыл елміздің әр өңірінен 2-7 сынып оқушылары қатысып, олар 3 күн бойы 500-ге жуық жоба қорғады. 500 жоба қорғау дегеніңіз – жай сөз ғана болғанмен, оның артында 600 оқушының күндіз күлкі, түнде ұйқысыз жүріп, жарғақ құлағы жастыққа тимей жүріп жасаған зерттеуі екені даусыз.
Белгілі болған конкурсттың нәтижелеріне сүйенсек, сайысқа қатысқан оқушылардың көпшілігінің сағы сынбай қайтты деген дұрыс. Себебі, балалар арасындағы сайыстың мақсаты олардың сағын сындыру емес, оларға ары қарай жетілуге, өсуге мүмкіндік беру, талабын ұштау. Биылғы конкурста бас жүлдені 16 оқушы иеленсе, 63 оқушы I-дәрежелі дипломға, 2-ші орын – 94, 3-ші орын 155 оқушыға бұйырыпты.
Оқушылар 12 секция бойынша зерттеу жұмыстарын қорғап оны еліміздің жоғарғы оқу орындарының ғалым-профессорлары мен медициналық колледждің аға оқытушылары тексеріп бағалаған. Қазылар алқасы да конкурсқа келген әр қатысушының деңгейі мен ізденісі жоғары және көтерген тақырыптарының ауқымды екенін айтады.
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры, қазылар алқасының төрағасы Тілеген Садықұлы өзінің назарын аударған бірнеше зерттеу жұмыстары болғанын айтады. Физика, ғарыш секциясы бойынша Алматы облысынан келген оқушы күн сәулесінен энергия алатын құрылғы ойлап тапқан. Оның жұмысы тек қана макет түрінде ғана емес, толыққанды жұмыс жасайды, оның бірнеше телефонды заряттауға мүмкіндігі бар. Оқушылардың ұсынған жобаларының көпшілігі ерекше, бір-бірін қайталамайды. Бір қызығы, конкурста «Вейп – жаңа заман ойыншығы, әлде қайтымсыз денсаулық па?» деген тақырып та көтерілген. Олар медицина, психология, экология секциясы бойынша қорғалған. Баламалы энергия көздерін ұсынған оқушылар да болды, барлық қатысушы жан – жақты, толық тексерістен өткен жұмыстарын ұсынған.
«Зерде» XVII республикалық конкурсына еліміздің 2-7 сынып оқушылар арасынан 600ге жуық оқушы қатысқанын да айта кету керек.
Тақырыпқа тұздық ретінде халықаралық олимпиадаларда топ жарған қазақстанжық балалар туралы да бірер сөз қоса кетейік. Биыл еліміздің 57 мектеп оқушысы халықаралық олимпиаданың жүлдегері атанған. Алматы қаласында өткен Азия – Тынық мұхиты және «Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадалары өз мәресіне жетті.
Екі бірдей халықаралық білім сайысына Қазақстанның барлық өңірінен 157 оқушы қатысқан.
«Бұл олимпиадалар қашықтықтан ұйымдастырылды. Қатысып отырған елдердің ұйымдастырушылары олимпиада шарттарын және бағалау критерийлерін халықаралық ұйымдастыру комитетінен алып оны өз елдерінде бір уақытта дербес өткізді. Бұл формат оқушылардың жарыстарға қатысып, өз білімдерін сынауға мүмкіндік берді», - дейді «Дарын» РҒПО директорының орынбасары Нұрлан Жұмагелді.
Азия-Тынық мұхиты олимпиадасына 38 ел қатысты. Олардың ішінде Аргентина, Австралия, Канада, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Малайзия, АҚШ, Түркия, Мексика сияқты көптеген елдер бар.
«Жібек жолы» олимпиадасыда Ұлы жібек жолы бойында орналасқан елдердің үздік және дарынды оқушылары бақ сынасты.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.