Бір адамның масылдығы қоғамға жүк

  • 20.03.2023

 

Іскерлік, кәсіпкерлік, алға жылжу мен даму деген мағынаға кереғар ұғым ол – патернализм. Патерланлистік көңіл-күйдегі адам ол өз басынан барлық жауапкершілікті ысырып тастап, қоғамға, мемлекетке, айналаға кінә артып, барлық міндеттерді өзгеге артып қойған адам.

«Мемлекет жасап беруі» керек деген ұстаныммен өмір сүріп, өзі өміріне мүлдем бас қатырмайтын азаматтар жоқ емес жетерлік.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевта патернализммен күресуге, масылдықты жойып, мемлекеттен ала бергісі келетін адамдарға тосқауыл жасап, мемлекетіміздің дамуына, кәсіпкерлер мен кәсіптің дамуына аса ден қойып отыр.

Қазіргі таңда қоғамда, әлеуметтік желіні аша қалсаң болды, тез баюдың жолын үйреткіштер, бір күнде миллион табудың жолын үйретем дегіштер өте көп. Және олардың көбісі алаяқтық жолмен ақша тапқысы келетіндер. Неге біз тез байып, тез ақша тапқымыз келеді? Себебі бізде жұмыста тұрақсыздық, немқұрайлылық,  және білімнің таяздығы, жұртқа қызығушылық, еріншектік басым.

Елімізде өсемін, дамимын, кәсіпкер боламын деген адамға мүмкіндіктер өте көп. Бірақ, біздің қоғамның қаржылай жағынан да сауаты аздау. Қаржылай сауаттылық мектеп қабырғасынан қалыптасып, ізденіс пен білімнен келіп өмір бойына азық болуы тиісті. Қаржы сауаттылығын қарапайым отбасындағы кіріс пен шығыстарын жүйелеп есептеп, ақшаны орынды жұмсау, комуналдық қызметті есептеу, банк карточкаларын пайдалану, несиенің пайызын есептеу, ақшаны оңды-солды керексіз дүниеге шашпау деген сынды қарайым күнделікті өмір қажеттіліктерін есептеуден басталады.

Азаматтарымыз өзін өзі дамытуға, еңбегі арқылы әлеуметтік қарым-қатыстарға түсуге, өзінің әл-ауқатын өзі қамтамасыз етуі үшін өзінен жауапкершіліктерін алып тастамауы керек. Отбасына деген балаларына деген жауапкершілікті сезініп, өзі жетістікке ұмтылуға әрекет жасаудың барлық түрлерін қарастыруы шарт. Халықта «екі қолға бір күрек», «еңбек етсең –емерсің» деген тәмсіл бар, дені сау, психологиялық тұрғыдан сау адам өз өмірі үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Патернализм – бұл мемлекеттің дамуы мен қалыптасуына, ұлт болашағының өркендеуіне кедергі келтіріп,тежейтін құбылыс.

Кәсіп пен кәсіпкерлікке ұмтылған адам мемлекеттің инновациялық өркендеуіне, отбасының дамуы мен жан-жақты жетілуіне, және өзіндік пікір мен идеяларының дамуына  өз үлесі мен пайдасын да тигізері белгілі.  

Қоғамда кедейлік те, мұқтаждық та және шын мәнінде жұмысқа қабілетсіз, денсауылығында ақаулары бар азаматтар да жоқ емес. Оларға мемлекет тарапынан арнайы көмек пен жәрдемақылар, тегін дәрі-дәрімектер қарастырылған. Десек те әлеуметтік қолдаудан тыс қалып жатқандар да бар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында «Патерланистік көніл-күй мен масылдық белең алған қоғамда әлеуметтік бағдарламаларды  әдейі өз мүддесіне пайдаланатын адамдар бар. Мұндай адамдар заңның және қоғамның алдында жауап беруі тиіс.  Бұл жағдайлар Мемлекеттен ала берсем деген көзғарасты қалыптастырады.  Шын мұқтаждар қолдаудан тыс қалып жатыр», - дегені күні кеше ғана.

Мемлекеттен, арнайы бағдарламалардан ала берсем, сұрай берсем деген пиғылдағы адамдардың ойлау жүйесі кері кетіп, өз еңбегімен табыс табу қабілетін тұншықтырып тастайды. Мұндай көңіл-күй оның айналасындағы адамдарға да әсер ететіні сөзсіз. Дәл осындай жағымсыз санамен біз ұрпақтың дамуы мен еркіндігі, тәуелсіздігі және өмір сүру салтының артқа кететіндігін сезінуіміз керек. Болашақ жастардың қолында, ал, жастар заманға сай білімді, білікті, масылдық санамен емес жауапкершілікті сезінетін тұлға болып қалыптасуы керек.

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.