Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін

Соңғы екі жыл бедерінде елімізде ауқымды саяси реформалар жүзеге асты. Ал оның аймақтарға әсері қалай? Ел қалай қабылдады? Түркістан өңірінде қандай өзгерістер болды? Осы төңіректегі сауалдарды  Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінің жетекшісі Рамилия Мустафаеваға қойған едік.

Malim Админ

  • 07.12.2023

Былтыр референдум өтті. Оны Түркістан халқы қалай қабылдады? Сіз референдумға атсалыстыңыз ба?

Референдум – мемлекеттің ең маңызды мәселелерін халық болып шешудің басты тетігінің бірі. Сол арқылы әрбір әрекетімізді, атқарар істерімізді, еңсерер меже-міндеттерімізді өзара ақылдаса отырып, кемеліне келтіріп, жүйелі жүргізе аламыз. Бұл орайда, Түркістан өңірінің тұрғындары референдумға белсенді қатысты дер едім. Оның ішінде өзім де бармын. Жалпы өңір тұрғындары өзгерістерге бастайтын оң қадамды қолдады. Түркістан өңірінде сайлаушылардың 80,66%-ы өз таңдауын жасап үлгерді. Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Екі миллионнан астам тұрғыны бар өңірде 1,1 млн. астам сайлаушы тіркелген. Оларға 914 референдум учаскесі әзірленді. Өңірде референдумға дайындық жоғары деңгейде жүргізілді. Облыстық қоғамдық штаб құрылып, халықпен 2864 кездесу өткізілді, 288 мыңнан астам тұрғын қамтылды. Өңірдегі 914 сайлау учаскелерінде 6500-ге жуық бақылаушы референдумның әділ өтуін бақылады. Референдум учаскелерінде келеңсіз жағдай орын алмады.

Референдумнан кейінгі заңдағы өзгерістерге көзқарасыңыз қандай?  Ол елдің дамуына серпін бере ме?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ата Заңға өзгерістерді бүкіл халықтың талқысына шығаруы – ел болып қолдауға лайықты іс деп ойлаймын. Байырғы замандардағы хандарымыз іргелі істерде халықпен кеңес құрған, бұқарасының батасын алған. Қашанда халқымен ақылдасатын биліктің аты озады. Жаңа Қазақстанды құрудың алғашқы қадамын референдумнан бастау арқылы Президент әр қазақстандықтың пікірі маңызды екенін айқындады.  Сарапшылар Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттіліктің жаңа моделін қалыптастырып, жаңаруды, дамуды көздейтінін айтып отыр.  Бұл – мемлекет пен қоғамның байланысын бұрынғыдан да жақындата түсетіні анық. Бастысы, аталмыш реформа азаматтарымыздың өмірін жақсартып, әр адамның бақытты болашағын қалыптастыруға бағытталып отыр. Деректерге жүгінсек, Қазақстанда соңғы рет 1995 жылы қолданыстағы Конституция бекілген кезде де өткізілген еді. Конституцияға енгізілген түзетулер Президент, Парламент және сот институттарын реформалауды көздеді. Осылайша, Мемлекет басшысының 2022 жылдың 16 наурызында жарияланған Жолдауында айтылған ауқымды саяси жаңғыру бағдарламасы Конституциялық тұрғыдан бекіді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин референдум – қоғамдық бірігудің жаңа деңгейге көтерілгенін көрсеткенін атап өтті. Бұл пікірмен толық келісемін. Мемлекет басшысы өз сөзінде қазіргі геосаяси ахуалға да назар аударып, мұндай жағдайда еліміздің азаматтық бірегейлігін нығайту және отаншылдық рухын көтеру қажет екенін айтқан болатын. Бұл құндылықтар елдік пен мемлекеттіліктің басты тіректерінің бірі екені белгілі. Сондықтан біз Президентіміз айтқандай, «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын берік ұстануымыз қажет. Референдумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыртулар орын алды. Халықтың да көптен күткені  осы еді. Мемлекет басшысы былтыр халыққа арнаған жолдауында отыз жыл бойы орныққан саяси жүйені жаңғырту мақсатында, бірқатар реформалар ұсынған болатын. Реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтті.

Парламент және мәслихат депутаттарын сайлауда да өзгерістер болды.  Мажоритарлық жүйе енгізілді.  Жастар мен әйелдерге арнайы квота енгізілді. Сіздің ойыңызша осы өзгерістер жаңа тұлғаларға саясатқа жол ашты ма?

Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды бес саяси науқан өткізілді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысында атап өткен болатын.

«Үкімет пен Парламент экономиканы дамытып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін барлық күш-жігерін жұмылдыруға тиіс. Біз аз уақыттың ішінде ауқымды саяси реформа жүргіздік. Түбегейлі өзгерістер еліміздің жаңа дәуірге қадам басуына жол ашты. Бұл жұмыс жалғаса береді. Бірақ экономикалық өзгерістер саяси жаңғыру үдерісінен кенже қалмауы керек. Сондықтан Үкімет әлеуметтік-экономикалық реформаларды батыл жүзеге асыруға тиіс. Бұл – өте жауапты жұмыс», деді Президент.

Қоғамдық белсенділіктің жаңа алаңы құрылды. Сондықтан да саяси реформа елдігімізді жаңғырту үлгісіне айналды деп батыл айта аламыз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш өзінің қызметтік лауазымына келгеннен кейін, бірден елді демократияландыруды қолға алып, билікке халықтың жақындауын басты мақсат етті. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы арқылы бүгінгі күні елдің үнін, тілегін, ниетін жоғары билік құрылымы «еститін» болды. Қазақстанда жүргізілген реформалардан кейін депутаттардың өкілеттігі кеңейді, қос палатаның жұмысына бірқатар өзгеріс енгізілді. Президенттің айтуынша, бұрын заң жобасын мәжіліс мақұлдап, Сенат қабылдайтын. Енді заң қабылдау құзыреті мәжіліске берілді. Мәжіліс басқа да артықшылықтарға ие болды. Осылайша, жоғары өкілді орган шын мәнінде ықпалды парламентке айналды. Реформалардың нәтижесінде билік тармақтарының өзара теңгерімді байланысы қалыптасып, мемлекет пен қоғам арасында тиімді диалог жолға қойылады. Бұның бәрі мемлекеттік құрылымның жаңа моделі – Жаңа Қазақстанымызды қалыптастыруға жағдай жасайды.

Ауыл әкімдерін елдің тікелей сайлауына пікіріңіз қалай?

Ауыл әкімдерін сайлау – демократияның жарқын белгісі. Сондықтан бұл сайлаудың мемлекет дамуы үшін айтарлақтай орны болды деп ойлаймын.  Оның үстіне, аудан әкімдері бұрын халық алдында жылына 1 ақ рет есеп беретін болса, қазір тоқсан сайын есеп беріп, облыс әкімдері жарты жыл сайын халық алдына шығып, әрбір халықтың айтқан сөз-пікірінің орындалуы қандай деңгейде екенін негізгі бағытқа алды. Ендігі ретте 2024 жылға дейін барлық аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері сайланып бітуі тиіс. Ал одан кейін биыл сайланған әкімдердің алғашқы мерзімі де бітіп үлгереді. Демек, бұдан былай жергілікті тұрғындар өздері қалаған азаматты басшы етіп сайлап алуға дағдылана түседі деген сөз. Бұл мемлекеттік басқару ісіне бұқараның араласуын арттырып, халықтың билікке деген сенімін нығайтпақ. Әрі ел халқының 40 пайыздан астамы тұратын ауылды жерлердің мәселелерін билік пен халықтың бірлесе шешуіне жол ашпақ. Ауыл әкімдерін сайлау жақсы нәтиже беріп жатыр.  

Өзіңіз басқаратын және қызмет ететін мекеменің жетістіктеріне, жұмыстарына тоқтала кетсеңіз…

Мен өзім Түркістан облыстық «Гарабах» әзірбайжан этномәдени бірлестігінң жетекшісімін. Өңірде 21 мыңнан аса әзірбайжан тұрады. Түркістан облысы – республикадағы халық ең тығыз қоныстанған өңір. Жалпы облыс аумағында 50-ге жуық этностың өкілі ынтымақта өмір сүріп келеді. Президентіміз өз сөзінде: «Әрбір азамат бірлікті нығайту үшін қызмет етуі керек. Бұл қызмет ешқашан тоқтамайды, үздіксіз жалғаса береді. Өйткені бірлік болса ғана, тірлік болады. Біз осы мызғымас қағидаға әрдайым адал болуымыз керек» деп, Қазақстан халқы Ассамблеясының ел дамуындағы ерекше орнын айқындап өтті.  Бізді үлкен өзгерістер күтіп тұрғанына сенімдімін. Түркістан облысының әзірбайжан диаспорасы саяси, әлеуметтік және экономикалық өзгерістерден тыс қалмағанына қуаныштымын. Біздің этномәдени бірлестіктің өкілдері сайлауда белсенді дауыс беріп, ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосып, түрлі қайырымдылық акцияларын үнемі ұйымдастырып отырды. Әзірбайжан диаспорасының өкілдері елімізде болып жатқан барлық процестерге үлкен ықыласпен қатысады деп жауапкершілікпен айта аламын. Ортақ игілік үшін, әділетті Қазақстанды тезірек құру үшін бәріміз бірлесе қызмет етейік дегім келеді. Елімізде татулық пен бірліктің туы желбірей берсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын! Әр отбасының татулығы мен сыйластығына ұйытқы болып отырған аға буын қарияларымыз, әкелеріміз, аналарымыз аман болсын! Тәуелсіз елімізде ынтымақ пен бірлік мәңгі жасасын!

Ой бөліскеніңізге рахмет!

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.