«Болашақтықтар» шетелдік жетекші компанияларда тәжірибесін жетілдіре алады

Ғылым және жоғары білім министрлігі "Болашақ" стипендиясының түлектеріне қатысты жаңа ереже ұсынды.

  • 28.02.2023

 

Рас, алмақтың да салмағы бар. Бұл сөзді мемлекеттің ғылымға бөлген қаржысының қайтарымына қатысты айтуға болады. «Болашақ» стипендиясының бірден бір мақсаты – елдің дамуы үшін маңызды мамандықтарды шет елдердегі жетекші оқу орындарында оқып, мамандардың заманауи сол білімін елімізде қолдануына мүмкіндік жасау болатын. Стипендияттар шет елде бекітілген мерзім бойынша оқып біткен соң, Қазақстанға оралып, кемі бес жыл жұмыс істеуге міндетті болған. Бұл, әлбетте, дұрыс. Әйтпесе, қазір әлемде «ақылды бастардың» дамыған елдерге ағылу процесі жүріп жатыр. Бұған дамыған елдер де мүдделі. Сондықтан, біздің елдің шет елде оқып келген озық мамандары ең алдымен өз елімізде жұмыс істеп, мемлекет бөлген грантты өтеуге тиіс болған.

Дегенмен, мұның бір мәселесі бар: Оқу бітіріп келген жас маман бірден Қазақстандағы қызметке кірісіп кетеді де, көп жағдайдай өзін көрсете алмай қалып жатады. Бұл мәселеде, әрине, тәжірибе үлкен роль ойнайды. Осыны ескерсек, шет елде оқыған студент маман ретінде дамыған елдерде одан кейін де азды-көпті еңбек етіп, тәжірибе жинап келсе, маманға да, отанға да тиімді шешім болмақ. Ғылым және жоғары білім министрлігі осы мәселеге қатысты жаңа шешім шығарыпты.

Жаңа ережеге сәйкес 2023 жылдан бастап шетелде өндірістік тағылымдамадан өту үшін «Болашақ» президенттік стипендиясының иегерлеріне еңбекпен өтеу мерзімін 1 жылға шегеру мүмкіндігі берілетін болады. Стипендиаттар «Fortune Global 500», «Forbes Global 2000», «Forbes Top 100 Digital Companies» сияқты әлемдік рейтингке кіретін ұйымдарда, БҰҰ-ның халықаралық ұйымдарында белгілі бір мерзімге тағылымдамадан өтуге мүмкіндік алып отыр. Тек «Болашақ» қана емес, докторанттарға да осындай мүмкіндік беріліп отыр. Докторанттар енді алған мамандығы бойынша постдокторантурадан өту үшін өтініш білдірсе, грантты еңбекпен өтеу мерзімі шегерілмек.  

 «Өзгертулердің арқасында «Болашақ» стипендиаттары шетелдік жоғары оқу орындарында академиялық оқуын аяқтағаннан кейін әлемдегі үздік халықаралық компанияларда жұмыс істей алады.  Бұл оларға жетекші ұйымдарда тәжірибе жинақтап, халықаралық деңгейдегі кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік береді», - деді ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Ләззат Әділова.       

Стрипендиаттар оқуын аяқтаған соң әлемдегі ірі компаниялардың рейтингіне кіретін ұйымға өз бетінше жұмысқа орналасып, сол жерде тәжірибесін жетілдіреді. Одан кейін Қазақстанға келіп 5 және 3 жыл мерзім жұмыс істеуге тиіс. 3 жылға жейін жеңілдету – ауылдық жерлерде жұмыс істейтін болашақтықтардың үлесін арттыруға бағытталғанын да айта кету керек.

«Болашақ» - Қазақстан Республикасы президентінің стипендиясы. Биыл бұл бағдарлама бойынша магистратура және резидентура бағдарламаларына 395 стипендия, докторантураға 50 стипендия, тағылымдамадан өту үшін 110 стипендия бөлінген. Тағылымдамадан өтудің өзіне грант бөліп отырған соң, оған ұмтылатын білікті мамандардың да аз болмайтыны түсінікті. Жалпы, ғылым, білімді дамыту жолындағы және еліміздің жастарына заманауи мамандықтарды игеруге мүмкіндік беру жағынанан бұл стипендияның атқарар рөлі өте жоғары екенін бұған дейін де көптеген сарапшылар айтып жүр. Енді, осылай уақыт өте жаңарып, жаңа мүмкіндіктер ашыла береріне сенуге болады.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін