Болат Назарбаевқа қатысы бар тағы бір базар қайтарылды

Алматы қалалық соты ресми шешім шығарды. Бірақ, сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

  • 04.10.2022
Б.Назарбаев пен экс президент Н.Назарбаев / Фото ашық дереккөзден алынды

Алматы қалалық соты экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісі Болат Назарбаев иелік етеді дейтін ЖШС жекешелендіріп алған базардың алып-сату құжаттарын жарамсыз деп таныды. Әңгіме «Барыс-4» базары туралы болып отыр.

«Сот «Найза-БН» ЖШС-ның жарғы капиталындағы мемлекеттік үлесті алып-сату келісімін жарамсыз деп тану туралы талапты қанағаттандыру туралы шешім  қабылдады. Прокурор жолдаған талапқа мемлекеттік үлесті заңды тұлғаның жарғы капиталына жекешелендіру кезінде өкілетті мемлекеттік органның заңсыз жеңілдігі себеп болған»,- деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі әлеуметтік желіде.

Сот анықтамасы кезінде искте келтірілген дәлелдер расталған. Өкілетті органның өкілі жекешелендіруді төмендетілген бағамен жүргізілгенін, мойындаған. «Барыс-4» көтерме базарын Назарбаевқа қатысы бар ЖШС өте төмен бағада сатып алғандықтан, енді ол мемлекет меншігіне қайтарылып, көп ұзамай акционға шығу керек.

Талапты Алматы қалалық прокуратурасы жолдаған, сот шешімі кеше шыққан, әлі заңды күшіне енген жоқ.

Жалпы, «БН» деген анықтамасы бар компаниялардың негізгі үлескері Болат Назарбаев екенін Қаржы министрлігі бұған дейін де хабарлаған.

Байланысты жаналықтар

Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

13.04.2023

Назарбаевтарды қудалау басталды ма? – «Болаттың базарын» басқарғандарды іздеп жатыр

16.01.2023

Мәди Ахметов сабағы: Қазақ еліне + 50 су жорға депутат

06.12.2022

Тоқаевтың ұлықталуы. Назарбаевты көрсетпеу

26.11.2022

Ақшолақовтың энергиясын Назарбаев пен Нығматулин жеп келіпті

18.10.2022

Президент болғысы келмейтін кандидаттар

12.10.2022
MalimBlocks
Бұрынғы үкімет жетекшісі Асқар Мамин Өзбекстанда төбе көрсетті

Асқар Мамин Қазақстан хоккейшілерін Ташкентте марапаттады

Назарбаевтарды қудалау басталды ма? – «Болаттың базарын» басқарғандарды іздеп жатыр

Жұрт "Болаттың базары" атап кеткен "Алтын Орда" базарының түпкі иесі Болат Назарбаев екенін былтыр көктемде ресми түрде хабарланған.

Мәди Ахметов сабағы: Қазақ еліне + 50 су жорға депутат

«Аманат» деген партияның саяси менеджмент атты академиясы (!) бар екен. Сол академияның ішінен  «Жас саясаткер мектебін» ашылыпты

Тоқаевтың ұлықталуы. Назарбаевты көрсетпеу

Бүгін Астанада Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі мен ұлықтауы шарасы өтті. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент ретінде екінші мәрте ұлықталуы.

Ақшолақовтың энергиясын Назарбаев пен Нығматулин жеп келіпті

Биыл көктемнен бері майнинг компаниялар туралы көп айтылды. Мәселен, бұрынғы мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің егізі Ерлан Нығматулин заңсыз майнинг компаниясы арқылы жылына 40 миллион АҚШ долларын тауып отырғаны туралы сөз болған. Артынша, бұл "бизнесте" Болат назарбаевтың және бұрынғы президент айналасының да қатысы бар екені айтылған.

Президент болғысы келмейтін кандидаттар

Елеусізов пен Қосановтың ізбасарлары Жаңа Қазақстанда да көп.