Цифрландыру бәсекеге қабілеттіліктің басты белгісі

  • 04.10.2021

Бүкіл әлем елдері пандемияның қыспағына түсіп, еліміз тілсіз тәж тажалмен бет-бет келгеніне де жылдан асып барады екен. Биылғы Жолдау осынау аумалы-төкпелі кезеңнің үміті мен күдігінің арасында жүрген халыққа дер кезінде сүйеу болып, бағыт-бағдарымызды айқындай түскендей.  Жолдауда сот төрелігін дамыту мәселелері де тыс қалмай, адам құқықығын қорғау саласы бойынша қадау-қадау мәселелер көтерілді. Одан бөлек, Мемлекет басшысы  маңызды құжатта «Қазіргі заманда бәсекеге қабілеттіліктің басты факторының бірі – барынша цифрландыру», - екенін тағы бір мәрте екшеледі. Осы орайда, заманауи технологиялар сот саласының жұмысын жеделдетіп, ашықтықты арттырды десем артық айтқандық емес.

Өткен жылдарға көз тастасақ, осыдан бірнеше жыл бұрын сотқа келген әр азамат бір бума қағазды құшақтай келетін, кеңсе де бітпейтін кезек еді. Жазу машинасына үңілген сот хатшылары да көз алдымызда. Ал, қазір сот төрелігі сандық жүйеге көшкелі соттарда мұның бірі де жоқ. Сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске қосылған сервистің бірі «Сот кабинеті». Аз уақыттың ішінде аталған жүйе азаматтар үшін тиімді сервиске айналды. «Сот кабинеті» арқылы кез келген тұлға сотқа келмей-ақ үйінде немесе кеңседе отырып, онлайн талап арызын беріп, сот құжаттарын жолдап, оның орындалу барысын қарай алады. Сондай-ақ, IT қызметкерлердің үздіксіз ізденісінің нәтижесінде «Сот кабинетінің» мобильді нұсқасының жаңа функционалдары іске қосылғанын атап өтемін. Аталған мобильді қосымшада талап арыз, өтініш, хаттарды жіберу мүмкіндігі қарастырылған. Одан бөлек, сот отырысы залдары толығымен дыбыс-бейнежазба құрылғыларымен жабдықталып,  сот процестері «тайға таңба басқандай» дыбыс-бейнежазбаларға таңбалануда.

Пандемия сот төрелігіне де әсерін тигізді. Бүгінде сот отырыстары адам денсаулығының қауіпсіздігі үшін қашықтықтан өткізіліп, яғни тараптар процестерге бейнебайланыс, мобильді бейнебайланыс және мессенджерлер арқылы қосылуда. Сот процестерін онлайн форматта өткізуде «Zoom», «TrueConf”, «WhatsApp» желілері  кеңінен пайдалануда. Пандемия кезінде соттардағы ақпараттық жүйенің артықшылығына судьялардың VIII съезінде Мемлекет басшысыда айрықша тоқталды. Атап айтсақ, Президент ақпараттық технологияның арқасында сот процесін қашықтан жүргізу форматына жедел көшірілгенін тілге тиек етті. Иә, бұрын соттарда бейнебайланыстың көмегімен күніне 150 процесс өткізілсе, қазір оның саны 4,5 мыңға жеткен. Осы орайда, статистикаға назар салсақ, өңір бойынша 2021 жылдың алты айында мобильді бейнеконференцбайланыс арқылы 10775 сот отырысы өткен, түзету мекемелерімен 544 процесс, республика соттарымен 13 іс қаралған.

Қорыта айтқанда, цифрландыру - ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырады. Сондықтан, сот төрелігіндегі сандық жүйе  халықтың сенімін арттырып, жұмысты оңтайландырып, сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қағазбастылықтан арылтты. Бүгінде мәліметтердің барлығы электронды түрде қолжетімді.

Берік ӨТЕЕВ 

 

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін