Cпортшылар «Тоқта, вандал» акциясын қолдады
Астанада қала мүлкінің бүлінуіне жол бермеуге және қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған «Тоқта, вандал» акциясы өтіп жатыр.
Елміздің танымал спортшылары бастаманы қолдап, елорда тұрғындарына тиісті үндеу жасады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Панкратион мен джиу-джитсудан әлем, Еуразия және Азия чемпионы қазақстандық кәсіпқой спортшы Василий Тахтай «Тоқта, вандал» бастамасын қолдауға және қаланың сұлу келбетін қорғауға шақырды.
«Көшедегі заттарды бүлдірудің орнына рингке шығып, нағыз қарсыласыңызбен жекпе-жек өткізіңіз», - деп қала тұрғындарын спортпен шұғылдануға шақырса, стрит-воркаут командасының бас бапкері, әлем чемпионы Айтым Жақыпов: «Бойындағы күшін қайда жіберерін білмей, айналасындағы заттарды бүлдіріп жүретін жастар бар, оларға жаттығу алаңына барып, бойыңыздағы негативті энергияны шығарыңыз дер едім», - деді.
Астанада 2-тамыздан бастап қала мүлкі мен аула-аумақтарды және қоғамдық орындардың бүлінуіне жол бермеу үшін «Тоқта, вандал» акциясы жүріп жатыр.