Жердің бәрі - Ахметовтікі, Шөкеевтікі, Бақауовтікі

Бүгін Мәжілісте депутат министрге сенімсіздік білдіріп, бірнеше шенеунікті ірі жер иеленуші ретінде атады.

  • 28.12.2022
Фото: Parlam.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Мәжіліс қабырғасында баяндама жасап, «мыңдаған гектар жер мемлекет игілігіне қайтарылды», - деген есеп берген.

Бірақ, депутат Берік Дүйсенбинов министрдің бұл сөзіне сенбейтінін, мемлекет меншігіне ешқандай жер қайтарылмағанын айтып, қарсы сауал қойды.

«Ербол Шырақбайұлы, сіз жаңа баяндама жасадыңыз. Бірақ сіздің айтып жатқан мыңдаған гектар жерді мемлекетке қайтарып жатырмыз деген сөзіңізге қатысты елдің сәлемін жеткізгім келіп отыр. Жақында елден келдік. Қай облысқа бармаңыз, жолдың оң және сол жағы да әкімнің жері. Қайтып жатқан жер жоқ. Мал ұстап, егін егіп отырған кісілер жерге зәру болып отыр», - деп бастаған депутат өзі аралаған өңірлердегі жер иелерін анықтап атауды да ұмытқан жоқ:

«Мына жердің иелерін тақтаға жазып қоюға не кедергі? Өскеменге барсаңыз, жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, ал Павлодарға барсаңыз Бақауовтікі. Астананың маңайында Өмірзақ Шөкеевтікі. Оны айтуға бәрі қорқып отыр. Алайда сіздің баяндамаңызда айтылған мыңдаған гектар жер қайтарылды деген сөз – өтірік. Халықтың бәрі наразы болып отыр. Мал бағып отырғандарға жер жетпей жатыр. Сіздер осы әдемі баяндаманың орнына осыны қашан қолға аласыздар. Аты-жөнін жазыңыздар. Тақтаны іліп қоюға неге ұяласыздар? Бұрынғы отырған байлар солай отыр», - деді депутат Мәжілістің жалпы отырысында.Жақында елден келдік. Қай облысқа бармаңыз, жолдың оң және сол жағы да әкімнің жері. Қайтып жатқан жер жоқ. Мал ұстап, егін егіп отырған кісілер жерге зәру болып отыр», - деді.

Видео: Жердің бәрі - Ахметовтікі, Шөкеевтікі, Бақауовтікі

Қарашөкеев депутаттың бұл күтпеген сауалына ренжи жауап берді. Оның ләмінен «мен де соны айтып тұрмын ғой», - деген леп еседі.

«Мен әкімдердің жерлеріне тиіспей, қорғап отырмыз деген сөзді қабылдай алмаймын. Себебі, биыл 5,2 млн гектар жерді мемлекетке қайтардық. Ол кімнің жері? Сол әкімдердің жері», - деді ол.

Депутаттың сауалында аты аталған Даниал Ахметов 2014 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысын басқарып келеді. 68 жастағы шенеунік жақында ғана президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен ШҚО әкімі болып қайта тағайындалды.  

Болат Бақауов та Павлодар облысының экс-әкімі. Ол 2016-2020 жылдары Павлодар облысын басқарып, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактісі бойынша күдікке ілініп, қызметінен кеткен.

«Астананың маңайына» қатысты аты аталған Өмірзақ Шөкеев 2004-2006 жылдары Астана қаласының әкімі болған.

Байланысты жаналықтар

Апаттан көз ашпаған Риддер. Монополистерге Смайыловтың да, Ахметовтің де шамасы жетпей ме?   

18.04.2023

Трактор құлаған мұз өткелде көлік қозғалысы басталды

01.02.2023

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы

28.12.2022

«Өкпелесең көшіп кет!». Биыл ауызынан «хит» төгілген шенеуніктер  

27.12.2022

Даниал Ахметовтің қаласында жағдай күрделі. «Тұрғындaр үшін үйден шығу мұң»

14.12.2022

Ақталғыш Ахметов, Тоқаев жолдаған «сәлем» және Сқақовтың тағдыры

12.12.2022
MalimBlocks
Апаттан көз ашпаған Риддер. Монополистерге Смайыловтың да, Ахметовтің де шамасы жетпей ме?   

Қаладағы мектептер мен мекемелер жұмысын тоқтатқан

Трактор құлаған мұз өткелде көлік қозғалысы басталды

Мұз қалыңдығы 22-25 сантиметр

Садақашыл қоғам мен уәдешіл үкіметтің бір жылы

Неге бұлай болды, неге адамдар өзіне қол жұмсайды, неге наразылыққа шыға береді, неге зейнет жасын төмендетуді сұрайды, неге жәрдемақыны көтеруді талап етеді деген зерттеулер жүргізілмейтін, тек әр оқиғаның салдарымен ғана күресетін және шамасы келгенше жылы жауып тастауға тырысатын мемлекетте тағы бір жылды өткіздік...

«Өкпелесең көшіп кет!». Биыл ауызынан «хит» төгілген шенеуніктер  

Соған ашуы-ызасы туды ма екен?!

Даниал Ахметовтің қаласында жағдай күрделі. «Тұрғындaр үшін үйден шығу мұң»

Өндірісті шaһaр Өскеменде көптен бері жел еспей, қaлa көк түтінге оранып тұр.  Соның салдарынан өскемендіктердің бaсы aуырып, тaмaғы қышып, бойлaрын әсіздік билей бастаған.

Ақталғыш Ахметов, Тоқаев жолдаған «сәлем» және Сқақовтың тағдыры

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке «сәлем» жолдады. Ол ШҚО әкімінің осыдан бірнеше күн бұрын айтқан сөзіне кереғар пікір білдіріп, жылыту жүйелеріндегі ақауға тек үкімет қана емес, әкімдер де кінәлі екенін айтты.