Денсаулық сақтау министрлігі ашық диалогқа шақырады

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният "100 күн -100 сұрақ" деп аталатын жаңа жобаны жариялап, халықты ашық диалогқа шақырды. Министрлік мәліметінше, жоба денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға бағытталған.
"Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» негізгі қағидаттарын іске асырудың маңыздылығын назарға ала отырып, Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың сауалдарына уақтылы және тез көңіл бөліп, ел азаматтарының өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі әлеуметтік саясаттың басым міндеттерін іске асыру бойынша бүкіл күш-жігерін жұмсайды
Соған байланысты, жұмыста ашықтық пен жариялылықты ұстанып, біздің азаматтарымыздың мүдделеріне басымдық бере отырып, бюрократиясыз, қарапайым азаматтардың, қоғам мүшелерінің қатысуымен сіздермен ашық диалог құру үшін қолдау көрсетуге шақырамыз және денсаулық сақтау жүйесін жақсарту үшін «100 күн - 100 сұрақ» бірлескен жобасының басталғаны туралы хабарлаймыз", - делінген хабарламада.
Министрлік көпшілікті медициналық көмектің сапасын жақсарту мен денсаулық сақтаудың басқа да аспектілері туралы өз ұсыныстарын білдіруге шақырды.
Ұсыныстар төмендегі сілтемелер бойынша қабылданады.
100dnei100voprosov@mail.kz
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=ru https://instagram.com/healthcare.gov.kz?utm_medium=copy_link https://www.facebook.com/MinzdravRK
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.