EdCrunch Reload 2022: Алматы адами капиталға ерекше мән береді

Алматының даму бағдарламасының негізгі мақсаты — адамдарға арналған қала құру

  • 23.11.2022

 

Қандай да бір саланы дамыту үшін оған ғылыми негізде мән беру керек. Ғылым дамыса өндіріс те, қауіпсіздік те, басқасы да дамиды. Қауіпсіз әрі таза өнім ең алдымен соны тұтынатын азаматтар үшін, олардың денсаулығы, ыңғайлы сезінуі үшін маңызды. Бұл өте кешенді жобаларды қажет етеді. «Тәрбие – тал бесіктен» десек, ғылымның дамуы мектептен басталып, университетте жалғасады. Егер, соның бәрі жүйелі, заманауи бағытта жұмыс істесе, ғылым дамымай тұрмайды. Алматы қаласында, Республика сарайында өткен халықаралық конференцияда осыған көз жеткізе түстік.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов және Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қатысқан EdCrunch Reload 2022 халықаралық конференциясының негізгі тақырыбы оқытудың гибридті форматы, мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектісін дамыту, цифрлық трансформацияға бейімделу, Big Data пайдалану мүмкіндіктері, білім беру кеңістігін жобалау төңірегінде болды.

25 елден 350 сарапшы қатысқан конференцияға әлемдік ғылым-білімде аты озып тұрған Израиль, Финляндия, Өзбекстан, Әзірбайжан, Армения елінің ғылым және білім министрлері, сонымен қатар, әлемдік деңгейдегі жиырмадан астам жетекші университеттің ректорлары қатысып, арнайы баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті. Бұл қатысушылар арасында әлемде осы сала бойынша танымал тұлғалар аз емес. Атап айтсақ, EdCrunch спикерлері арасында Minerva инновациялық университетінің негізін қалаушы Бен Нельсон, General Assembly оқыту және инновациялар жөніндегі вице-президенті Дэвид Поркаро, Лондон Корольдік колледжінің генетика профессоры Роберт Пломин, әлемдегі алғашқы Lab of Misfits нейродизайн студиясының негізін қалаушы Бо Лоттоларды ерекше атап өтуге болады.

Алматы қаласы әкімдігі өкілдерінің мәліметінше, конференцияға білім беру саласындағы халықаралық сарапшылармен бірге Қазақстан атынан мектеп директорлары, ЖОО ректорлары, мұғалімдер, тәрбиешілер және осы тақырыпқа қызығатын өзге де азаматтарды қосқанда офлайн және онлайн форматта 20 мыңнан астам адам қатысыпты.

Қала әкімі Ерболат Досаев қазіргі уақытта «адамдарға арналған қала құру бағдарламасы негізінде қаланы дамытудың кешенді бағдарламасы іске қосылғанын, бұл өтіп отырған конференцияның соған қосылға бір үлес екенін айтады.

«Жуырда Алматының даму бағдарламасын қабылдадық. Оның негізгі мақсаты — адамдарға арналған қала құру. Олардың білім және интерактивті әлеуетін дамыту үшін жағдай жасау. Дәл осы жоғары сапалы адам капиталы ғана біздің мегаполистің болашақта көркеюі мен оның бәсекеге қабілеттілігін айқындайды».

Иә, адам капиталы қашан да басты назарда болуға тиіс. Сонда ғана барлық салада адами капиталға, оларға берілетін мүмкіндіктерге ерекше көңіл бөлген мемлекеттер күн санап күшейіп келе жатқан әлемдік дамудағы бәсекеге төтеп бере алады.

Заманауи білім беру – ең алдымен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға, олардың жақсы білім алуына, заманауи, ыңғайлы мектепте оқуына, жоғары оқу орындарына түсуіне мүмкіндік беретін жобаларды іске асыру десек және әр деңгейдегі мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында тәжірибе алмасуға мүмкіндік беру деп есептеуге болады. Бұл тұрғыда конференция күндері іс-шара қонақтары үшін EdCrunch Expo интерактивті көрмесі ұйымдастырылып, офлайн және онлайн режимде жаңа EdTech өнімдерімен, олардың авторларымен танысып, кездесу өткізуге, өнімге қол жеткізудің оңтайлы жолдарын қалыптастыру үшін жеткізушілер мен тасымалдаушылар, серіктестер табуға мүмкіндік берілді. Бұл өз кезегінде тек білім-ғылым саласы ғана емес, осы сала арқылы жеке бизнесін дамытсам дейтін шағын және орта бизнес өкілдері үшін де жаңа бір мүмкіндік екенін айта кету керек.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін