ЭКС-МИНИСТР ЮРИЙ ИЛЬИН СОТТАЛА МА?
Абай облысындағы өртке байланысты Төтенше жағдайлар министрлігінің экс-министрі Юрий Ильиннің әрекетін Бас прокуратура тексеру бастады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәлімдеді.
Ішкі істер министрі Марат Ахметжановқа Төтенше жағдайлар жөніндегі экс-министр Юрий Ильиннің әрекетін тексеру басталды ма? деген журналистердің сұрағына бірнеше нұсқа бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты. Негізгілері – салғырттық, өртеу немесе найзағай ұру. Министр бұл істі арнайы прокурор, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері қолға алғанын айтты. Президент Бас прокурорға тапсырма берді, оның аясында тексеру жүргізіледі. Жалпы, тергеуге 2 ай уақыт берілгенін, бірақ әзірге Юрий Ильинге қатысты жеке қылмыстық іс қозғалмағанын, бірақ оның кінәсі анықталса, тергеу барысында айып тағылатынын айтты.
Ал Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдан Юрий Ильиннің неге бірден Абай ауданына бармай, президенттің тапсырмасын күтіп жүргені сұрағанда «Өкінішке орай, жағдай дұрыс бағаланбаған. Басталған кезде «Семей Орман» шаруашылығы өз күшімен өртті сөндірмек болған. Ал жалын өршіп бой бермей кеткен кезде Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қорғаныс министрлігінің күштері тартылды», - деп түсіндірді Скляр.
11 маусымда Қазақстан президенті Бас прокуратураға Абай ауданындағы өртті жою бойынша уәкілетті органдардың іс-әрекетін бағалауды тапсырды. Кейінірек Бас прокуратураның баспасөз қызметі адам өліміне және қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіруге әкеп соққан ауыр зардаптарды ескере отырып, арнайы прокурор салғырттық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркегенін хабарлады.
Ескетеріңізге сала кетейік, Абай ауданының полиция басқармасы өрт фактісі бойынша ҚР ҚК 3 ст. бөлігі бойынша 292 «Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады.