Елдегі саяси реформалар ең алдымен жастарға түрлі мүмкіндіктер сыйлап жатыр

2022 жылдың 5 маусымында Ата Заңымызға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде Республикалық референдум өткізілді. Референдум Орталық комиссиясының 2022 жылдың 6 маусымында жариялаған алдын ала мәліметіне сәйкес еліміз бойынша референдумға қатысуға құқығы бар 11 734 642 адамның 68,06 пайызы немесе 7 986 293 адам қатысқан болса, олардың 77,18 пайызы конституциялық реформаларды, яғни ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды қолдап дауыс берді.
Референдумға Түркістан жұртшылығыда бей-жай қарамады. Еліміз үшін тарихи маңызы бар референдумға қала халқы белсенді түрде қатысты. Өз кезегінде, референдумға мен де атсалыстым. Еліміз үшін болатын оң өзгерістерді халық арасында насихаттап, елдің пікірін білу арқылы еліміздің болашағына бей-жай қарамайтын азаматтардың қатарының көп екенін ұқтым.
Референдум нәтижесі – еліміздегі демократиялық үрдістердің тағы бір үлкен жеңісі. Өзгерістер мен толықтырулардың артықшылығы – саяси бәсекелестікті арттыру және барлық саяси партиялардың дамуы үшін тең жағдай жасайды. Ата Заңымызға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар Мемлекет жұмысының негізгі принциптеріне қатысты және Жаңа Қазақстан үшін тарихи маңызы бар. Бұл Конституциялық реформалар – еліміздегі ауқымды саяси жаңғырудың аса маңызды кезеңі болды. Осы Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қоғамымызға ең қажетті деген 20-дан астам заңға тиісті өзгертулер енгізілуіне немесе жаңадан қабылдануына ықпал етеді, өйткені осы конституциялық реформалар жүйелі сипатқа ие болып отыр. Соның нәтижесінде барлық мемлекеттік модельдің тиімділігі артады.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңда және «Саяси партиялар туралы» заңда қарастырылған ережелер бойынша парламенттік тәжірибемізде алғаш рет партиялық тізімге әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Бұл норма Парламентке және жергілікті өкілді органдарға әйелдер мен жастарды тартудың тиімді жолы ретінде олардың еліміздегі қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысуына септігін тигізеді.
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» демекші, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа бастамасының бірнеше ерекшелігі бар. Бұған дейін ауыл әкімдері жанама дауыс беру арқылы, яғни жергілікті мәслихат депуттарының шешімі арқылы сайланып келген. Енді елді мекеннің басшысын тұрғындар тікелей дауыс беру арқылы анықталуда.
Жалпы, дамыған елдерде мұндай тәсіл бұрыннан бар. Мәселен, АҚШ-та губернаторлар, қала мэрлерінен бөлек, елді мекендердің басшыларын дауыс беру арқылы анықтайды. Тіпті мұхиттың арғы бетінде жергілікті үндіс тайпаларының көсемдері сайлау арқылы анықталады. Жаңа Зеландияда да аймақтық, ауылдық әкімдерді тұрғындар сайлайды. Ендеше, Мемлекет басшысы айтқан бастаманы шетелдік тәжірибеге сүйене отырып жүзеге асыруға мүмкіндік мол.
Арыс қаласы «Ішкі саясат бөлімі» ММ-і «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы қызметін атқарамын. Жалпы жастар орталығы жастарға арналған мемлекеттік әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді. Жастар мен жастар ұйымдарына құқықтық, консалтингтік, әдістемелік көмек көрсетеді. Жастар арасында жұмысқа орналасуға, кәсіптік бағдар беруге, еріктілер қозғалысын және кәсіпкерлікті жандандыру бойынша белсенді жұмыс жүргізеді. Жастар саясаты саласындағы бастамаларды іске асыру үшін жастар ортасында туындайтын мәселелерді талқылау бағытында диалог алаңын құрады және ұсынады. Жастардың рухани, мәдени және шығармашылық әлеуетін көтеру, белсенділігін арттыру, жастар жобалары мен жастар бастамаларын қолдау және сүйемелдеуді жүзеге асырады. Қоғамның қозғаушы күші – жастар екенін басты назарға ала отырып, жастар үшін тиімді жұмыс кешенін көрсетеді. Арыс қаласы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қызметкерлері мен қала жастары әртүрлі салада ұйымдастырылып жатқан сайыстарда бақ сынап, жүлделі орындарды иемденіп жатқан жайы бар. Орталықтың мамандары кез келген ортада өздерінің көмектерін көрсетуге дайын тұрады және жастардың жанашыры екендігін айта кету керек. Мемлекет тарапынан жастар үшін жасалынып жатқан барлық мүмкіндіктерді орталық мамандары жастарға түсіндіріп, тиімді пайдалану жолдарын ұсынады. Болашақ жастардың қолында екендігі сөзсіз. Еліміздің ертеңі жастар үшін, жастар саласында жүргендігімізді үлкен мәртебе деп санаймыз. Елдегі саяси реформалар ең алдымен жастарға түрлі мүмкіндіктер сыйлап жатыр. Оны замандастарымыз бен іні-сіңлілеріміз терең түсінеді.
Мөлдір САРЫПБЕКОВА,
Арыс қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.