Елорда: су қатерді қаперде

Malim Админ

  • 10.04.2022

Нұр-Сұлтан қаласында жаз шығып, күн жылынғаннан кейін Есіл өзені және басқа да шомылуға арналған жерлерде балалар көп жүреді. Әрине, жағажайларда қауіпсіздік шаралары бар, жедел құтқарушылар да сақадай сай. Дей тұрғанмен қауіп аяқ астында. Аздаған секундтардың ішінде бүлдіршіндерден ауырылып қалау қауіпі бар. Сондықтан елдорда мамандары балаларға арналған судағы қауіпсіздік ережелерін тұрақты ескерттіп келеді.

Елордада шомылу кезінде суға батып кету оқиғалары көбейген. Жыл сайын жазғы кезеңнің басталуымен елорданың су нысандарының жағалауында демалушылар саны артып келеді. Осыған байланысты, статистика бойынша, ыстық күндері қауіпсіздік ережелерін сақтамаудың салдарынан адамдардың суда қаза болуы мен жарақаттануының өсуі байқалайды деп хабарлады қалалық ТЖД баспасөз қызметі. 

Мәселен, шомылу маусымы кезеңінде елорданың су айдындарында адамдардың қаза болуының 8 жағдайы тіркелген, оның ішінде 4 жасөспірім (12-17 жас), 2020 жылдың ұқсас кезеңінде суда адамдардың қаза болуының 4 жағдайы тіркелген. Мысалы, 30 шілдеде қайғылы оқиға болды, онда елордалық құтқарушылар 2009 жылы туған баланың денесін судан алып шықты, ол шомылуға арналмаған жерде суға түсіп, батып кеткен.

Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қаланың акваторияларында адамдардың қаза болуын азайту мақсатында  алдын алу және тәжірибелік іс-шаралар кешенін жүргізіп жатыр.

Стихиялы жағажайларда күн сайын жедел-құтқару жасағының  халықтың қауіпсіздігін бақылайтын жүзбелі бекеттері қойылып,  күн сайын акваторияның аса қауіпті учаскелерінде патрульдеу жүргізіледі, оның кезеңінде халықпен әңгімелеу жұмыстары жүргізіледі және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіт-насихат өнімдері таратылады. Сонымен қатар полиция және Ұлттық ұлан қызметкерлерімен бірге рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.

Рейдтік іс-шараларға тартылған тағы бір буын - Жұмыспен қамту орталығынан 85 ерікті және 25 қоғамдық қызметкер. Суға шомылу маусымы басталысымен 7 мыңға жуық жадынама мен кітапша таратылды.

Нұр-Сұлтан қалалық ТЖД азаматтарға су айдындарында болған кезде : суға  алкогольдік және есірткілік мас күйінде шомылуға; қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ, суға секіруге арналмаған құрылыстардан  секіруге; тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде жүзуге; жүзудің шекарасын белгілейтін буйкадан тыс жүзуге; жүзуге арналмаған заттармен жүзуге; балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге тыйым салынатыны туралы кезекті рет ескертеді!

Нұр-Сұлтан қаласы аумағында 20-дан аса суға шомылу орындарын ашу қарастырылып жатыр. Ал әзірге қалалық саябақтың жағажайында, «Астаналық аула» және «Три пескаря» орындарында шомылуға рұқсат берілген. Қалған орындарға мемлекеттік мекемелер тексеру жүргізіп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті суға шомылу маусымының қашан ашылатынын жақын күндері жариялайды. Қалалық әкімдік пен Төтенше жағдайлар департаменті бұл бағытта тиісті жұмыстарды қолға алды.

Қазіргі таңда елордалық орталық жағажайда, «Три пескаря» және «Астаналық аула» демалыс аумақтарында ғана шомылуға рұқсат етілген. Бұл жайында қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау басқармасының бастығы Рәтбек Демеуберген мәлімдеді.

– Департамент тарапынан шомылу маусымы алдында жоспарға сай үгіт-насихат және рейдтік шаралар ұйымдас­тырылып жатыр. Мұндай шараларға 80 қызметкер тартылды. Бүгінде қаладағы су айдындарында шомылуға тыйым салынған 90 аумақта тиісті белгілер орнатылған. Соған қарамастан қауіпсіздік талаптарын сақтамай суға түсу фактілері байқалып отыр. Өкінішке қарай, оның соңы қайғылы жағдайлармен де аяқталып жатады. Нұр-Сұлтан қаласында шомылу маусымы басталмай тұрып 2 адам суға кетті. Оның біреуі – 14 жастағы бала. Ал республикада жалпы жыл басынан бері су айдындарында қауіпсіздік ережелерін көзге ілмеген 44 адам қайтыс болса, оның 18-і – бала. Суға кету фактілері, негізінен, мас күйінде шомылу, суға шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдыру және қауіпті немесе тыйым салынған аумақта суға шомылудың салдарынан болады. Бүгінге дейін қалалық Полиция департаменті мас күйінде және тыйым салынған аумақта суға шомылған 12 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деді Р.Демеубергенов.

Су – адам үшін қауіпті апат, тілсіз жау. Тіпті тыныш ағып жатқан тынық судың өзі қауіпсіз сияқты көрінгенімен, оның да өзіндік қауіптілігі бар.  Әдетте, жүзе алмайтын балалар белден жоғары келетін, судың терең жеріне бара бермейді, сондықақтан  суда жүзе алмайтын балалар емес, өзін жақсы жүзе аламын деп санайтын балалар судағы қайғылы жағдайларға ұшырап жатады.

«Балаларға арналған судағы қауіпсіздік» тақырыбы балаларға ереже тәртібін оқытуға және жазатайым жағдайлардың санын азайтуға бағытталған. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы кішкентай балалар шомылу кезінде үнемі үлкендердің қарауында болуы тиіс. Сәл үлкенірек жастағы жеткіншек балалар, өздері су айдынына шомылуға барған кезде де, суға түсуге рұқсат етілген, қауіпсіздігі сақталған, су астындағы терең ой-шұқырлары жоқ, қатты су ағысы, иірімі немесе толқыны жоқ жерлерде шомылуы қажет. Көптеген жазатайым оқиғалар суға шомылуға тыйым салынған жерлерде орын алады.

Едәуір ересек балалар суда жүзе білу және суда өзін дұрыс ұстау ережелерін біліп қана қоймай, судағы қиын жағдайларда өзін ұстай білу машығын да меңгеруі қажет. Олар егер аяқтың тырысуы болған жағдайда, өзін қалай ұстау керектігін, суға батып бара жатқан адамды шамалауды, оған алғашқы медициналық көмек көрсетуді және т.б. білуі қажет. 

Балалардың судағы қауіпсіздігі туралы ата-аналар нені білуі керек?

Суға тамақтанғаннан кейін біржарым сағаттан соң шомылуға болады; егер судың температурасы +16 °С төмен болса, суға түсуге болмайды, себебі судың суықтығынан аяқ-қолдың тырысуы немесе естен айырылу жағдайлары болуы мүмкін; су температурасы +17 °С-ден +19 °С-ге дейін және ауаның температурасы  +25 °С болған жағдайда, суда 10-15 минуттан артық шомылуға болмайды; суға тек қана суға түсуге арналған қауіпсіз, арнайы жабдықталған жерлерде түсу керек. Егер сіз жабайы табиғи жерлерде шомылуды шешсеңіз, суы таза, тереңдігі 2 м аспайтын, судың түбі қиыршық тасты немесе құмды жерді және ағысы жай 0,5 м/с жоғары емес орынды таңдағаныңыз жөн (тексеру үшін суға жаңқа немесе таяқ тастаңыз). Әрқашан су түбін тексеру қажет және шомылып жатқан балаларды қадағалаңыз. Балалар су жағасында шомылулары қажет. Ешқашан шалшық суға түспеңіз; Егер сіз мас күйде болсаңыз, балаларды суға жібермеңіз, олар қараусыз қалып қойған жағдайда, қайғылы жағдайға ұшырауы мүмкін.

Балалардың судағы қауіпсіздігінің негізгі ережесі: Белгі қойылған жерден асып жүзуге болмайды, ол болмаған жағдайда жағадан алыс жүзбеу керек; Кемеге жақын жүзуге болмайды; Таяз жерге немесе белгісіз тереңдікке секіруге болмайды; Қайық, айлақ, көпір үстінен және арналмаған жерлерден секіруге болмайды; Күнге қыздырынғаннан кейін немесе ұзақ жүгірістен соң суға секіруге болмайды, себебі естен айырылып қалу немесе жүректің тоқтап қалуы мүмкін. Алдымен сумен шайынып алу керек; Дауыл немесе толқын болған жағдайда шомылуға болмайды; Қарсыласыңды суда ұстап тұру ойынымен ойнауға болмайды, себебі жолдасың тұншығып және есін жоғалтуы мүмкін.

Суға батып бара жатырған адамды байқау қиын. Адам суға батқан кезде бар күшімен ауамен демалуға ұмтылады, аузы қатты ашылып басы артқа шалқайып кетеді. Ал балалар суға батқан кезде баланың басы керісінше алға қарай бағытталып, тұншыға бастайды. Шаштары маңдайы мен көзін жауып кетеді, бір топ суға түсіп жүрген балалар арасынан суға батып бара жатқан адамды ажырату қиын. Айқайлауға уақыт та, шамасы да болмайды. Суға батқан адам қолын сермеп көмекке де шақыра алмайды, үлкендер жүзуге тырысып қолдарын созып жан-жаққа сермейді, ал балалар қолдарын алға қарай созады. 20 секунд пен 60 секунд аралығында өмірмен арпалыс жүреді, одан әрі адам су астына кетеді.

Тек қана суға шомылу үшін бөлінген жағажайлар мен орындарды пайдаланыңыздар. Мәселен, Қоршау белгілерінен әрі бармау, тыйым салынған орындарда суға шомылмаңыздар, моторлы қайықтарға жақын жүзіп бару - бұл өміріңізге қауіпті. Ата-аналар және балалар мекемелерінің жетекшілері, балалардың қадағалаусыз шомылуына жол бермеу және ересектер мас күйде суға шомылуға кеңес береді мамандар. Бірақ мас адам кеңесті ескере қойса.

Тағы да есте сақтайытын жайт, суға тұншыққан адамның өмірін тыныс алуы тоқтағаннан кейін 6 минуттан кешіктірмей қайтаруға болады.

Суға тұншыққан адамды судан шығарғаннан кейін: адамның басын қисайта бұрып аузын құмнан, лайдан тазарту. Осы әрекеттерге 15 секундтан артық уақыт кетпеуі тиіс. Зардап шегушінің дем алуын және тамыр соғысын анықтаңыз. Бұлар байқалмаған жағдайда ауызбен дем алдыру қажет. Мойын астына киімді орап төсеп, басын барынша шалқайту керек. Мұрынын қысып тұрып, құтқарушы терең дем алып, зардап шегушінің аузына дем береді. Үрлеу жиілігі минутына 18-20 рет болуы керек. Жасанды тыныс берумен бір мезгілде жүрек сыртынан массаж жасауға болады. Төс сүйектің жоғарғы үштен бір бөлігіне алақандарын айқастыра қойып минутына 70 рет жиілікпен басады (5 рет басқанда 1 рет ауа үрлеу). Егер зардап шегушіде жүрек соғысы мен өздігінен тыныс алу пайда болса, оған ес кірді, яғни сіздің әрекетіңіз босқа кеткен жоқ. Жүрек соғысы мен өздігінен тыныс алу пайда болғаннан кейін бірден құтқарылған адамды қайтадан ішіне аударып жатқызу керек және суды шығаруға тырысу қажет.

Байланысты жаналықтар

Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

24.03.2024

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

23.03.2024

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

23.03.2024

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

23.03.2024

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

23.03.2024

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды

23.03.2024
MalimBlocks
Алматы облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды  

5 жасқа дейінгі балалар арасында көкжөтел жиіледі

Қазақстанда қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді

Уэльс ханшайымы Кейт қатерлі ісікке шалдықты

Мәскеуде алдағы демалыс күндері театр мен музей жабылады

Ресейдің Красногорск қаласындағы концерт залында атыс болды