Еңбексүйгіш жандар ел игілігіне қызмет етуде

Әсіресе, мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржылай қолдау көріп, сол арқылы ісін алға қоя білген азаматтар көз қуантады

Malim Админ

  • 16.02.2024

Халық арасында «Ұқсата білген ұтады» деген сөз бекер айтылмаған. Әсіресе, адал еңбек, маңдай терін ел игілігіне жұмсап, өзіне де, өзгеге де пайдасын тигізіп жүрген жандар күн сайын көбейіп келеді. Әсіресе, мемлекет тарапынан қайтарымсыз қаржылай қолдау көріп, сол арқылы ісін алға қоя білген азаматтар көз қуантады. Солардың бірі  - Жамбыл облысына қарасты Байзақ ауданында наубайхана ашқан Әйтімовтер отбасы.

Осыдан он жыл шамасы бұрын Өзбекстаннан Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Байзақ ауылына қоныс аударған Ыбырайымбек пен жұбайы Гүлшан ас атасының қасиетін жақсы түсінеді. Мемлекет қолдауымен шағын кәсіпкерлікке жол ашқан көпбалалы шаңырақ иелері грант алып, наубайхана ашқанды жөн көрген. Қазіргі күнде 7 түрлі нан өнімдерін, ұннан әзірленетін басқа да дәмді тағамдарды ұсынатын отбасының кәсібіне ауылдастарының қызығушылығы зор. Алғашында өздері тұратын үйде болашақ бағытын айқындаған ерлі-зайыптылар қазір цех ашып, кәсібін алға қойған жайы бар. Жеті адамды жұмыспен қамтып отырғаны да  жан марқайтатын ісінің бір көрінісі деуге болады. «Жалпы жұмысым өзіме қызықты. Жалақы да тұрақты. Кәсіп иелерінің ісі бәрімізге үлгі» дейді осы наубайхана қызметкері Ж. Тезекбаева.     

Осы өңірдің тумасы Досжан Жамбылов   жылыжайда қызғалдақ өсіріп,   гүл саудасынан табыс көзіне айналдырып, шаруасын дөңгелетіп отыр. Оның айтуынша, қызғалдаққа сұраныс жылдағы жағдайға сай   көктем, жаз айларында көбейе түседі.   Әдемі гүлді баптау  бастапқыда  хобби ретінде басталған. Қазір қызғалдақтары Жамбыл ауданын ғана емес,   Тараз шаһарын да  толықтай қамтып отыр.

Іскер жігіт былтыр қарашада гүлдің тұқымын Нидерландыдан арнайылап алғызған. Гүл  көктемнен бастап бүр жару үшін 3 ай бұрын егілу керек.   Қазір күтім жасалып жатыр. Мұнда әсем өсімдіктің он түрі өсіріледі. «Мерекелерде гүл алушылар көбейеді. Жеткізу жағынан қиындық жоқ», – дейді кәсіпкер.  

Гүл өсіру - машақаты көп жұмыс. Оны баптаудың өзі табандылықты қажет етеді. Досжан өңірде жиі соғатын жел  жылыжайдың жабындыларын ұшырып әкететін кездер аз емес екенін айтады. Шаруа   аталған мәселенің де  шешімін тапқан.   Кейіпкеріміз «Қазақстан – қызғалдақтың отаны» деген мәртебеге лайық болу үшін де еңбектенуіміз керек деген пікірде. Осы мақсатта ары қарай да жұмыс ауқымын кеңейте бермек.

Ал Абай облысы, Қалбатау ауылында тұратын Думан Бейсенбекұлы мемлекеттік грант алу бағытында 5 млн теңге көлемінде қаржылық қолдау аясында етікшілік кәсіпті дөңгелетіп отыр. Өзінің айтуынша, мұндай жұмысқа студент кезден ден  қойған. Бір кездері атасы да кәсіп өткен істі өзі қолға алғанда жездесінен де көп нәрсені үйренген. Жасыратыны жоқ, қазір көбіне қажетсіздей көрінетін қой терісінің өзін кәдеге жаратып, жылы аяқ киім жасап отырғанына қарап, «ерінбеген етікші болады» деген мақалдың мәні ескіргенін түсінуге болады. Жалпы қазіргі күнде Абай облысы бойынша мемлекеттік грант игеру нәтижесінде 340 жобаның орындалып отырғанын атап өткен жөн.      

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еңбекке құштар, мақсаты айқын жандарды демеп, барынша қолдау жасауға үндеп келеді.  Бұл өз кезегінде істің жөнін білетін қаһармандарымызды өскелең ұрпаққа үлгі ете отырып, олардың бойларына ізденімпаздық, табандылық, алға мақсат қою, жаңа құндылықтарды сіңіруге серпін берері айқын.       

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.