Эпилепсияның ауыр түріне ота жасауға мүмкіндік бар  

Соңғы жылдары елімізде эпилепсия дертіне шалдыққан балалар көбейе түскен.

Malim Админ

  • 20.07.2023

Тіпті сырқат түрі бес жасқа толмаған балалар арасында жиі кездесетіні анықталып отыр. Қазіргі уақытта мұндай ауыр аурулар негізінен   Ұлттық нейрохирургия орталығында жүргізіліп келеді.  Бірнеше жылдық тәжірибесі бар эпилептолог маман  Гаухар Ибатованың айтуынша, науқас дер кезінде ем-дом қабылдамасы мұның соңы қайғылы оқиғаларға әкеліп соғатыны жасырын емес.   Сондықтан, операциямен емдеу кең таралған. Нейрохирургия орталығында озық технология қолданылып, білікті дәрігерлерден құралған  көпбейінді топ  қызмет етеді.   Заманауи кешенде алдағы күндері сәби  кезінен бері  эпилепсиямен күресіп келе жатқан пациенттердің  миына күрделі ота жасалмақ.  

Пациенттің айтуынша, эпилепсиялық шабуылдар оның өмірінің бірінші жылынан бері жалғасып келеді. Гаухар Сұлтанханқызының пікірінше,  эпилепсиялық ұстаманы бірден емдетуге тырысқан абзал. 

«Ұстама уақытында  сырқаттың  ерні көгеріп, ауыздың  айналасы ағарып кететін жағдайлар көп. Келе келе  бір тәулікте  үш-төрт мәрте құрысу болады. Оны оңалтып,  қалпына келтіру үшін ұзақ уақыт күресу қажет. Ұлттық нейрохирургия орталығының сайтында жалпы дерт туралы  және емдеу тәсілдері жөнінде  ақпарат орналастырылған»,-дейді ол.    

Емделушілермен ең алдымен дәрігер сөйлесіп,  МРТ суреттерін қарап,  зерттеу жүргізеді.  Икталдық түрдегі  ЭЭГ жасалған соң ғана   эпилепсия дертін  хирургиялық емдеу мүмкіндігі анықталады.   

Білгір маман  Гаухар Ибатова мынадай деректерді алға тартады.     Емделушілерге  электрокортикография мен нейронавигация қолданылады. Бұл мидың қыртысты бөлігін жазып, гипокампты микрохирургиямен  жойып  тастау операциясына қолайлы. Операцияның күрделі болады.  Бір айта кетерлігі, жабыспалар ми қыртысынан бөлінуге тиіс. Біздің мақсат -  ошақты жоғалту  ғана емес, пациенттің жайлы өмір сүруіне оң серпін беру. 

Отаның бұл түрі Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында ақысыз жасалады. Өте  күрделі операцияларды  профессор, айтулы маман  Серік Ақшолақов, Даурен Жақсыбаев,  Мұратбек Тілеубергенов сияқты  нейрохирургтер  жүргізеді.  

Жалпы алғанда  эпилепсияның шығу себептерін айқындау оңай емес. Ол өте сирек жағдайда мәлім болады. Кейінгі уақытта қауіпті дерттің атадан балаға берілетін түрі  зерттелуде. Дүние жүзі дәрігерлері  сырқаттың  қандай жағдайларда туындайтынын емес, қалай емдеу керектігін   анықтауға баса назар аударып  келеді. Олар  эпилепсиямен ауыратын адамдарды айықтыруға мүмкіндік бар екенін мәлімдейді.  Дегенмен,  ол бірнеше жылға созылып, өмір бойы зерттеліп, зерделенеді. Ал дәрілерді мұқият таңдау керек. 

«Дәрігер маманның  нұсқауына жүгінбей  тоқтатуға рұқсат жоқ. Кейбір  ата-ана  ұл-қыздарының  бойынан жақсы  өзгеріс аңғарса да, өздігінен  ем-шарасын  жүргізіп, преператтарды ішуді тияды. Бұдан кейін дәрілер науқас азаматтарға  әсер етпейді, және оны алмастырар препаратты  табу аса қиын»,- дейді невролог   Алтыншаш Хайруллақызы. 

Цифрлық дәуірде өмір сүріп жатсақ та, диагностика мүмкіндіктері  жақсарғанымен аурулар саны кемімей отыр. Бұл әлемге ортақ, алаңдатарлық өзекті  мәселе.

Байланысты жаналықтар

Көшеде ұстап қала ма деген үреймен өмір сүру - эпилептиктің әңгімесі

08.04.2022
MalimBlocks
Көшеде ұстап қала ма деген үреймен өмір сүру - эпилептиктің әңгімесі