Интернетті бұғаттау туралы заңды алып тастауды талап етуде
Құқық қорғау ұйымдарының коалициясы үкіметтен интернетті бұғаттау және баяулату мүмкіндігін заңнамадан алып тастауды талап етті.
Қазақстан заңнамасынан шатдаун (интернетті бұғаттау) мүмкіндігін алып тастап, үкіметтен азаматтарға үздіксіз және сапалы интернетке кепілдік беруге шақыратын петицияға қол жинау басталды.
Құқық қорғаушылар қазақстандықтарды президентке, премьер-министрге, парламент спикерлеріне және Конституциялық сот төрағасына жолданған петицияға қол қоюға шақырады. Өйткені билік шатдаунды халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданамыз дейді де бірақ іс жүзінде бәрі керісінше. Шатдаунға соңғы мысал 2022 жылдың 4-10 қаңтарында еліміздің тарихында «Қанды қантар» деп аталатын ең қайғылы оқиға болған кез. Интернет жоқ, не болып жатқанын білмегей қырғын болып жатқан аймақтарға барып, жазықсыз оққа қанша адам ұшты. Петиция бастамашылары қайғылы оқиғаның қайталануына жол бермеуге шақырады.
Науқан бастамасышары: Eurasian Digital Foundation, MediaNet Халықаралық журналистика орталығы, Құқықтық медиа орталығы, Erkindik Qanaty, Digital Paradigm, Internet Freedom Qazaqstan, "Азаматтық сараптама" Қоғамдық Қоры, Роскомсвобода, Сетевые свободы, Access Now.