20% құн салығына қарсы петиция жарияланды
Сарапшылар қосылған құн салығын көтеру көлеңкелі экономиканың үлесін арттырып, инфляцияның өсуіне әкеп соқтыруы ықтимал деп орынды пікір білдіріп жатыр.

Қазақстанда қосымша құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесінің өсуіне қарсы петиция жарияланды. Петиция бастамасын көтерген М.Файзирахман есімді азамат. Бұл туралы КазТАГ-қа сүйеніп, www.malim.kz хабарлайды.
«2025 жылғы 28 қаңтар Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ҚҚС мөлшерлемесін арттыру қажет екенін атап өтті. (…) Кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің кәсіпкерлік пен қоғамды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған өзара іс-қимылының негізгі мақсаты бұзылады. Біз Қазақстанда ҚҚС мөлшерлемесін көтеруге және шегін төмендетуге қарсымыз», – делінген авторы М.Файзирахманның e-Petition мемлекеттік порталындағы петициясында.
Автор атап өткендей, қазір жаңа Салық кодексі әзірленіп жатыр. Бұл құжат инвесторларға қолайлы жағдай жасау мен бюджетке қажетті көлемде қаржы түсірудің арасында көкейге қонымды теңгерім болуын қамтамасыз етуі керек. Алайда бизнес қауымдастығында бұл құжат, ең алдымен, салық мөлшерлемесін өсіруді көздейді.
Қазақстанда түпкі мәні өзгеріп кеткен қосылған құн салығының өзін реформалау қажет. Оны 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеру мәселені шешпейді. Сарапшылар қосылған құн салығын көтеру көлеңкелі экономиканың үлесін арттырып, инфляцияның өсуіне әкеп соқтыруы ықтимал деп орынды пікір білдіріп жатыр. Бұл қадам еліміздің инвестициялық тартымдылығына да кері әсер етуі мүмкін
ҚҚС мөлшерлемесін 20% - ға дейін көтеру жөніндегі жоба, біздің ойымызша, бюджетті толықтыру жөніндегі Ұлттық экономика министрлігі тұрғысынан ғана қаралады, бірақ бұл ретте бизнестің және жалпы барлық азаматтардың пікірі ескерілмейді.
«Яғни, әрбір тұтынушы, әрбір жеке тұлға, әрбір салық төлеуші осы өзгерістердің барлығын сезінеді», - деп атап өткен петиция авторы.
Петицияның жанында оның 28 ақпанға дейін модерацияда тұратыны көрсетілген.
Фото: gov.kz
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
