Қазақстан шетелден бидай әкелуге қайтадан тыйым салуды көздеп отыр. Ауыл шаруашылығы министрлігінің тиісті бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.
Құжатқа сәйкес, бидай импортын автомобиль, теміржол және су көлігі арқылы алты айға шектеу жоспарланған.
Шектеу Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне де, басқа мемлекеттерге де қатысты болады.
Сонымен қатар бірқатар ерекшелік қарастырылған. Теміржол арқылы бидайды құс фабрикалары, ұн тарту кәсіпорындары, лицензияланған элеваторлар және «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ұлттық компаниясы ғана әкеле алады.