IV тоқсандағы бағалау: Карантин кезінде ТЖБ мен БЖБ қалай өтеді?

Malim Админ

  • 31.03.2021

IV тоқсанда оқушылар білімі қалай бағаланады? Пәндер бойынша тоқсандық жиынтық бағалау және бөлімдік жиынтық бағалау қалай жүреді? Осы туралы сұрақтарға бүгін білім және ғылым министрінің орынбасары Шолпан Қаринова жауап берді.

Енді білім және ғылым министрлігінің өкілдері әр апта сайын министрліктің Instagram парақшасында ата-аналар мен қоғам сұрақтарына тікелей эфирде жауап береді. Бүгін Instagram-дағы министрліктің парақшасында тікелей эфирге шыққан білім және ғылым вице-министрі ата-аналардың IV тоқсандағы оқу процесін ұйымдастыру мен бағалау туралы сұрақтарына жауап берді.

Ата-аналарды IV тоқсандағы бөлімдік жиынтық бағалау мен тоқсандық жиынтық бағалау қалай жүреді деген сұрақ қызықтырды. Өйткені пандемия жағдайында, әсіресе кей сыныптарда аралас немесе қашықтан оқу жүріп жатқан кезде оқушыларға қорытынды бақылау жұмыстарын қалай тапсырады деген сұрақ туындайтыны анық.

"Қазақстандағы мектептердің бәрі 100 пайыз критериалды бағалауға ауысты. Бұрын әр пән бойынша БЖБ тоқсанына үш немесе одан көп рет рет тапсырылатын. Ал қазір шектеу шараларына байланысты пән бойынша БЖБ бір рет тапсырылады. IV тоқсанда пән бойынша бір БЖБ, бір ТЖБ өткізіледі. БЖБ мен ТЖБ өтетін пәндер тізімі әдістемелік ұстанымдарда берілген. Оның әрбір білім беру мекемесі біледі", - деді Шолпан Қаринова.

Ал БЖБ немесе ТЖБ жұмыстарын мұғалім неше жыл сақтауы керек: бір жыл ма, әлде бес жыл ма? Шолпан Қаринова бұл сұраққа былай деп жауап берді: "Білім және ғылым министрлігінің "Ағымдағы және қорытынды аттестациялау типтік үлгі ережелері" 125-бұйрығына сәйкес, ТЖБ мен БЖБ жұмыстары бір жыл сақталады".

Шолпан Қаринова сондай-ақ 9 және 11-сыныптарда қорытынды бағалау қалай жүретінін түсіндірді. Вице-министрдің айтуынша, биыл 9 және 11-сыныптар қорытынды емтихандардан былтырғыдай босатылмайды.

"Былтыр пандемияның ауыр жағдайы мен шектеу шараларының алғашқы жылы болғандықтан, қорытынды емтихан тапсырмау, 9 және 11-сыныпты одан босату туралы шешім қабылданды. Ал биыл педагогтар қауымымен ақылдаса келе 9 және 11-сыныптар қорытынды емтихан тапсырады деп шештік. 9-сынып төрт пән бойынша, 11-сынып бес пән бойынша емтихан тапсырады. Оқу жылы бірде-бір күн үзілмей, күнде жалғасып жатты. Педагогтар қысқа уақыт ішінде қашықтан оқуға бейімделіп, сабақты кестеге сай өткізді. Сондықтан қорытынды аттестация өткізуге барлық негіз бар. Оның үстіне ІІІ тоқсан аяғында 9 және 11-сыныптар дәстүрлі форматта оқиды деген шешім қабылданды. Өйткені бұл сыныптарды кәсіби бағытқа бейімдеп, мамандық таңдауға дайындау керек болды. 9-сыныпты бітірген оқушылар колледждерге түсуі мүмкін. Қорытынды аттестация кезінде бұл сыныптар оқу жоспарындағы міндетті компоненттерге кіретін пәндерден емтихан тапсырады", - деді Ш.Қаринова.

 

 

Байланысты жаналықтар

Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

22.09.2023

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

22.09.2023

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

21.09.2023

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

20.09.2023

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

20.09.2023

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

18.09.2023
MalimBlocks
Депутат Тумашинов ШҚО-ның жолын жомарттықтан жөндеп бере ме?

Шамасы осындай 100 миллионнан асатын тағы бірнеше жобаларды атқарып, жеңімпаз болып отырған

Прекратить госфинансирование грантов в вузах планируют в Казахстане

Министерство высшего образования разработало проект: родителям предлагают копить на учебу детей по системе "Келешек", сообщает Sputnik.kz.

Оралдық депутаттар Назарбаевтан айырылғысы келмейді 

Орал қалалық мәслихат депутаттарының сессиясында депутат Мақсат Айсаутовтың Назарбаев даңғылына бұрынғы атауын қайтару бастамасы өзгеріссіз қалды.

«Мектепте оқығысы келмеген». Буллингке ұшыраған әйгілі тұлғалар

Қатты соққының әсерінен мұрыны сынып, ота да жасатқан

Талғарда дәрігерлер соққыға жығылды

Алматы облысы Талғар ауданында ауруханада қайтыс болған марқұмның туыстары жансақтау бөлімінің дәрігер-реаниматологы мен медқызметкерін ұрып кеткен.

Сайга под прицелом: что делать с тушами?

Чиновники правительства сдались под натиском группы предпринимателей, желавшей отмены моратория на отстрел сайги. С 2024 года убивать сайгу станет можно. Руководство Комитета лесного хозяйства и животного мира МЭПР объясняет это решение достижением довольно большой численности стад сайгаков.