Кемел заң – кемел болашақ!

Malim Админ

  • 20.11.2023

 “Заңы үстем елдің, заманы қашан да тыныш” – дегендей Жаңа Қазақстанды құрудың жарғысы – Ата заң екендігі анық. Ол үшін мемлекетіміздің басты құжаты да түбегейлі өзгеруі тиіс. Бұл жолда Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев референдум жариялау арқылы шешім қабылдауды бүкіл халыққа салды. Сондықтан 2022 жылдың 5 маусымы ел тарихында аса маңызды сәт болды. Конституцияға өзгертулер мен түзетулер енгізу жобасы Парламентте қабылданбай жалпыхалықтық референдумға шығару туралы Мемлекет басшысының шешімі демократиялық қайта құрулардың нақты жүзеге асып жатқанын көрсетіп қана қоймай, Мемлекет басшысының бастамасы ел ішінде қызу талқыланып, көпшіліктен қолдау тапты. Түркістан тұрғындары да бұл оқиғаға атсалысты.

 Жалпыхалықтық референдумда Конституцияның 30-дан астам бабына өзгеріс енгізіліп, 20-дан астам заңды қабылдады. Олардың ішінде бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу, Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру, елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту, азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру және басқа да біршама өзгерістер болды.

 Конституциядағы өзгерістерді: біздің еліміздің жалпы дамуы, оның саяси жетілген, демократиялық қоғамға қарай кезең - кезеңімен қозғалысы тұрғысынан қараған Түркістан облысының халқы референдумға белсенді түрде қатысты. Екі миллионнан астам тұрғыны бар өңірде 1,1 млн. сайлаушы тіркелген. Оларға 900 - ден астам референдум учаскесі әзірленіп, сағат таңғы 7 - ден бастап белсенділік танытқан тұрғындар Жаңа Қазақстанды құруға деген ниеттерін білдіріп, өз таңдауларын жасады. Менің өзім де отбасыммен бірге А.Дәрібаев атындағы жалпы орта мектебінде орналасқан №510 сайлау учаскесіне барып, Конституциядағы өзгерістерге дауыс бердім. Біз референдумнан кейін Қазақстанға енетін кез - келген өзгеріс тек халықтың ғана қолында екендігіне көз жеткіздік. Соңғы жылдарда елімізде түрлі шерулер болды, оның көбісі жерге қатысты болды. Билік жерді шетелдіктерге жалға беру туралы бастаманы қолға алғанда халық бас көтерді. Референдум бұл мәселені сырт айналып өтпеді, маңызды түзетулердің бірі – жерді, оның қойнауын, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, басқа да табиғи ресурстарды халық меншігі деп жариялады.

Сондай - ақ Ата заңның 33 бабына 56 түзету енгізіп, екі бөлімнің атауы өзгертілді, Президенттің өкілеттілігі қысқарып, Парламент пен мәслихаттардың рөлі күшейді. Мәжілісті қалыптастыруда 30 % мажариторлы,  70 % партиялық тізім енгізілді. Заң шығарушы өкілетті орган үшін бұл тиімді болары анық, Парламентте аймақтағы елдің үнін білдіретін, өкілдердің де заң жобасын дайындаудың халықаралық тәртібі мен қалыптасқан жүйесін меңгерген кәсіби заңгерлердің келуіне де жол ашты.

Ауыл халқының күнделікті өміріне қатысты шешімдерді қабылдайтын аудандық, қалалық мәслихаттар тұрғындардың дауыс беруі арқылы сайланады. Облыстық мәслихатта 50х50 стандарты еніп, яғни жеке мандаттық округте, партиялық тізім де болады. Сонымен бірге ауыл, аудан әкімдерін сайлау 100%  елдің тікелей дауыс беруі арқылы жүзеге асады. Қазірдің өзінде Түркістан облысында 180 - нен астам ауыл округінің 150 - ге жуығында әкімдер тікелей елдің дауыс беруімен таңдалды.

Сонымен қатар осындай өзгертулер қатарында Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың сайлауға түскен партиялардың Орталық сайлау комиссиясына ұсынатын партиялық тізімінде әйелдер мен жастарға арналған 30% квотаны қарастыру туралы тапсырмасын орындауға бағытталған. Осы квотамен сайланған жастар мен әйелдер “тиісті әлеуметтік топтармен белсенді жұмыс істеуге және өз қызметінде олардың мүдделерін ескеруге міндеттеледі.”

 Ата заңға түзетулер мен толықтырулар енгізу бойынша өтетін референдумды әсіресе жастар қолдады. Жастар Президент ұсынысымен таныса отырып, Мемлекет басшысының биліктің ғана емес, халықтың алдында да ықпалының зор екенін аңғарды. Президент: “Біз Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз, бірге өркендетеміз! Әр азаматқа бірдей мүмкіндік беретін әділ әрі дамыған мемлекет боламыз!”  деді.

Иә, осы айтылған өзгерістерді енгізу, және оның игілігін халыққа көрсету бір күннің, немесе бір жылдың еншісіндегі нәтижелер емес. Десек те Мемлекет басшысы Қасым – Жомарт Тоқаев референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына үндеу жолдады. Ол референдум нәтижесінде билік тармақтары арасындағы байланыстың жаңа үлгісін қалыптастыруға, мемлекет басқару ісіне азаматтардың қатысуына жол ашатын мүмкіндік туғанын және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жүйесі нығайғанын айтты.

Референдумның алғашқы нәтижелеріне Қазақстандықтар жыл басындағы Парламент мәжілісі мен барлық деңгейдегі депутаттар сайлауында көз жеткізді. Әуелі Президенттің партия басшылығы мен мүшелігінен бас тартуы осы жолғы әділ бәсекеге жол ашты. Мәжілістің алты бірдей партия мүшелерінен жасақталуы да соның айқын көрінісі деуге болады. Бұл осыған дейін айтылатын “билеуші”  партия ұғымының мәнін жоғалтты.

Жоғарыда айтқанымдай Мәжіліс депутаттарының 30 пайызы мандатына мажоритарлық жүйе арқылы ие болды.  Яғни азаматтар бұрынғыдай партияға ғана дауыс бермей лайықты кандидаттарға жеке таңдау жасады. Олар сайлаушылардың сенімін ақтай алмаған жағдайда кері қайтарып алу механизмі де қарастырылды.

Президент Жарлығымен құрылған Конституцияға өзгеріс енгізу жөніндегі жұмыс тобының мүшесі, белгілі заңгер Үнзила Шапақ бұл механизмнің іске асатынына күмәнмен қарағанын жасырмайды. Дегенмен Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттық мандаттың ешкімге мәңгілік берілмейтінін байқап үлгерді. “Сайлаушылары артқан сенімнің үдесінен шыға алмаған депутатты кері қайтарып алудың үлгісін біз Алматы қалалық мәслихатының депутатымен болған жағдайда көрдік”, - дейді ол.

Қалай десек те, заңдағы өзгерістер аз уақыт ішінде барлық салаларда айқын сезіліп үлгерді.

Ауыл кітапханасында жұмыс істеп жатқан мен де бұл өзгерістерді сезініп жатырмын. Мемлекет жасап жатқан түрлі жағдайлар арқылы өзімді Қазақстанның құқығы қорғалған, әлеуметтік жағдайы жасалған азаматы екенімді ойлағанда, кеудемді мақтаныш кернейді.

Қысқасы, бұл Конституциялық өзгерістер елімізде есеп беретін үкімет, ықпалды парламент, күшті Президент идеясын жүзеге асыруда нақты қадам болды.

Сұлтанбек Сандуғаш,

Отырар ауданы, Шытты ауылдық кітапханасының меңгерушісі

Байланысты жаналықтар

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

18.01.2025

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

30.12.2024
MalimBlocks
Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

Күйші Секен Тұрысбектің домбырасын ұрлаған кім?

Қасымда жүргендер үсітменен арыз жазды.

Сәуле Досжан: «Роман оқылмайды» деген стереотип пікірді жоққа шығарды

Оқиғалар көз алдымнан кинолента сияқты өтіп жатады. Сондай кезде жұмыс өнімді жүреді. Ондай кезде жайлы жер талғамаймын, ұшақта отырып та жаза беремін.