Киік мүйізін сатқандар ұсталды

Бағашар Тұрсынбайұлы

  • 13.07.2021

Соңғы уақыттарда қарасақ, браконьерлік жұмыстар сәл де болса толастағандай. Әлде аңшылыққа шығатын мезгіл емес пе, жаз айларында киік атыпты деенді естімейміз. Бірақ киіктің мүйізін саудалап, сол үшін жануарла оққа байлап жүргендерді кездестріп қалуыңыз әбден мүмкін.

Жуырда Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚытайХалық Республикасына киік мүйізін заңсыз өткізумен айналысқан қылмыстық топты ұстаған еді. Ведомствоның ресми сайтының хабарлауынша 8 шілде күні Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Алматы облысы бойынша департаменті шекара қызметінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесіп, киік мүйізін заңсыз өндіру және Қазақстан Республикасынан Қытай Халық Республикасына контрабанда арнасын ұйымдастыруға қатысы бар қылмыстық топты құрықтады. Олардың заңсыз әрекетінің жолын кесіп, арнайы операция жүргізді. Нәтижесінде дериваттардың ірі партиясын шетелге шығаруды ұйымдастырмақшы болған қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен қатысушылары ұсталды. Жалпы салмағы 700 килограмм болатын 3144 киік мүйізі тәркіленген. Браконьерлік әрекеттен Қазақстандағы киік популяциясына айтарлықтай зиян келген. Қазіргі уақытта оның саны – шамамен 800 мың бас.

Қазақстан Ресбуликасы Қылмыстық Кодексінің 339-бабының 2-бөлігі («киікті заңсыз қолға түсіру, жою, сол сияқты заңсыз қолға түсірілген киікті немесе оның дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұл қылмысқа қатысы болуы мүмкін басқа топтар да іздестіріліп жатыр. Киіктердің басқа жақта мүйіздері сақталуы мүмкін ғой. Оны да зерттеп жатыр.

Киікті атуға тыйым салынған екі жылдан бері еліміздегі бота көз жануардың саны екі есе өскен. Бұл статистиканы Қазақстан Республикасы Экология министрлігі айтқан. Министрлік қабылдаған киіктердің популяциясын сақтау мен браконьерлікке қарсы іс-қимыл тиімді болғанын жазған Республикасы Экология министрлігі киік саны 2 жыл ішінде 2 есе өсіп, 334 мыңнан 842 мыңға дейін жеткенін айтқан.

Естеріңізде болса, киіктер саны соңғы рет 2019 жылы тіркелген болатын. 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты есеп жүргізіле қойған жоқ. 842 мың деген сан есепті қалпына келтіру нәтижесінде алынды.

Қазақстанда киіктердің Бетпақдала, Орал және Үстірт секілді үш популяциясы мекендейді. Бұл жануарлардың Дүниежүзілік популяциясының (Saiga tatarica tatarica) тоқсан пайыздан астамы біздің елде мекендейді. Киік санының азаюына байланысты, әрі браконьерлердің мылтық ұңғына жиі ілінгендіктен біздің Үкімет киікті сақтау үшін кешенді жұмыстар тәртібін қабылдаған болатын.  ХХ ғасырдың 90 жылдарының соңында 1 миллионнан астам киік 2003 жылы 21 мың басқа дейін азайып қалды. Бұл экологтардың, табиғат қорғаушылардың кәдімгідей алаңдауын туғызды. Экологиямызда кәдімгідей мәселелер пайда болды. Ақбөкендер санының азаюына түрлі аурулар мен браконьерлік негізгі себеп болған.

Алғаш 2005 жылы тұяқты жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлері мен киіктерді сақтау жөніндегі тұңғыш бағдарлама қабылданған еді. Төлдеу, қыстау және көші-қон кезеңінде киіктер шоғырланатын негізгі жерлерде жануарларды қорғаудың тиімділігін арттыру үшін «Ырғыз-Торғай» (Ақтөбе облысы), «Алтын дала» (Қостанай облысы) мемлекеттік табиғи резерваттары құрылып, киіктердің көбеюіне барынша жағдай жасалып еді. Киіктерді заңсыз аулағаны үшін жауапкершілікті шараларын күшейту мақсатында 2012 жылы Үкімет қаулысымен киіктерді, олардың бөліктері мен дериваттарын Қазақстанның бүкіл аумағында 2020 жылға дейін пайдалануға тыйым салынды. Бұл мерзім кейінірек 2023 жылға дейін ұзартылды. 2019 жылы браконьерлік үшін 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға және мүлкін тәркілеуге дейінгі қатал жазаларды көздейтін заңнаманы қатаңдату бойынша шаралар қабылданған болатын. Себебі браконьерлердің қолынан инспекторлар қаза таба бастады.  Ерлар Нұрғалиевтің қазасы көпшіліктің көңілінде әлі сақтаулы.

Киіктердің саны артып,билік көктемде малшылар өрісімізді киіктер таптады деп әлеуметтік желіде шулаған болатын. Бірі қолдаса, екіншісі ондай сөздерге қарсы шықты. Бірақ қалада отырып, пікір жазатын адам мен ауылда шаруа істеп жүрген адамның айырмашылығы жер мен көктей.

Киік қазақ даласының сәні. Санын арттырып, қажет көлемді, аңшылыққа рұқсат бергенді аңшылар өздері атар. Ал контрабандаға жол жоқ. Шекарамыз да, жануарлардың ареалы да қатаң күзетте. Шалт басқандар жазасын алып отырады.

Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.