Көкшетауда дәрігерлер үйі салынып жатыр

Malim Админ

  • 20.04.2020

Қазіргі уақытта Қазақстанның басты үш мегаполисінен бөлек облыс орталықтарында білікті дәрігерлер жетіспей жатады. Осының салдарынан бірқатар науқастар емделу үшін үлкен қалаларға келіп қаралуға мәжбүр. Бұл жерде жүретін жол шығыны бір, мемлекет тарапынан бөлінетін қосымша ақша бар, кететін уақыт бар, т.б. қосымшаларды есептесек, бұл науқасқа да, мемлекетке де, жергілікті әкімдікке де тиімді деп айта алмас едік. Осыған орай, соңғы кездері білікті дәрігерлерді облыс орталықтарына арнайы шақытумен алдыру немесе арнайы оқытып (оның ішінде шет елдерге де жіберіп тұрады), облыс орталығына жұмысқа шақыру, тіпті, шалғай аудандарға жіберу жұмыстары жүргізіле бастады. Бұл істің қаншалықты нәтиже беріп жатқанын айтып та жатыр, түгелдей гүлдеп кетпесе де, тым нәтижесіз емес, облыс орталықтары ғана емес, алыстағы аудан-ауылдар да ең керекті деген, тапшы деген дәрігерлік қызметтерге қол жеткізе бастады. Бірақ, мұның ең басты бір талабы бар – тұрғын үймен қамтамасыз ету. Әрине, алыстағы аудандар мен ауылдарда көшіп кетушілер есебінен немесе үй мен жердің арзандығы есебінен үй табу соншалық қиын шаруа емес шығар, ал, облыс орталықтарында, қалай айтсаңыз да, баспана мәселесі қиындық туғызбай тұрмайды. Сондықтан білікті мамандар, жас дәрігерлер орталық қалалардан алысырақ облыстарға барарда қоятын басты талабы – тұрғын үй мәселесі. Үй берсеңіздер, қызмет істеуге дайынмын дейді. Демек, аймақтық әкімдіктердің бір негізгі міндеті – осындай мамандарды тарту, яғни, соларға арналған тұрғын үй салу, қамтамасыз ету.

Көкшетауда дәл осындай мәселені шешу үшін дәрігерлерге арналған 40 пәтерлі тұрғын үй салынып жатыр. Бұл – 40 бірдей отбасы үйлі болады дегенді ғана білдірмейді, облысқа 40 білікті маман тұрақтап қалды дегенді де білдіреді. Осыған байланысты, аймақ басшысы Ермек Маржықпаев осы, жаңадан салынып жатқан 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысымен арнайы танысты.

Әкімнің айтуынша, медицина мамандарының жетіспеушілігі, әсіресе, коронавирус жаппай таралған қиын кезеңде қатты білініп отыр. Бұл тараптағы қиындықтарды уақытша шешумен іс бітпейді, алдағы жылдары да маман тапшылығын болдырмау үшін мұндай үйлер көптеп салынуға тиіс. Тіпті, облыстағы дәрігерлердің жетіспеушілігінің басты себебі де – осы тұрғын үймен қамтуға келіп тірелетін көрінеді.

«Қазіргі кезде бүкіл дүниежүзі елдеріндегідей біздің облысымызда да коронавирус инфекциясына қарсы күрес жүргізілуде. Бүгін біз жаңадан салынған ПТР (полимеразалық тізбек реакция) және фармацевтикалық зертханаларды аштық. Онда кез келген адам коронавирус инфекциясына тест тапсыра алады. Өткен аптада дәрігерлермен өткен кездесуде сәуір айының соңында тұрғын үй құрылысын бастайтынымызды айтқан едім. Бүгін өздеріңіз көріп отырғандай дәрігерлерге арналған 40 пәтерлі тұрғын үйдің құрылыс жүргізілуде. Бұл үй тапсырылғаннан соң, осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастырудың мүмкіндігін қарастыратын боламыз. Дәрігерлер үшін үй салудың қажеттігі туындап отыр. Облысымызда дәрігерлердің жетіспеушілігіне осы себеп болып отырған жайы бар», дейді Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев.

Жалпы, Көкшетау, Талдықорған сияқты үлкен мегаполистермен қатар жатқан облыс орталықтары үшін ерекше бір қиындық бар. Жастар да, білікті мамандар да жақын тұрған үлкен қалаға қарай жиі кетіп жатады. Әрине, жеке таңдаулары, дегенмен, «Арқаның қысы жайлы болса арқар ауып несі бар» деген тәмсілді ескерсек, облыстағы мамандарды қажетті жағдаймен қамтамасыз ету – мұндай пролеманың алдын алуға көмектеседі.

Халық саны азайып кеткен, тек соңғы жылдары ғана көбейе бастаған облыстарға жататын, 740 мыңнан астам халқы бар бұл аймақта жақын күндері 260 пәтердің кілті табысталады дейді әкім.

Байланысты жаналықтар

Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

19.03.2025

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

24.02.2025

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

20.02.2025

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

14.02.2025

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

07.02.2025

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін

25.01.2025
MalimBlocks
Сарапшы: Президенттің көпвекторлы саясаты жемісін беріп келеді

Тоқаев президенттікке келген жылдары түркі мемлекеттерінің бірқатарымен ынтымақтастықтың жаңа деңгейі қалыптасты

Дулат Исабеков: Мұхтар Мағауинге хат жазғым келеді

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Еңбек Ері Дулат Исабековтің 2019 жылы "Қазақ әдебиетіне" берге сұхбатын қайыра жариялауды құп көрдік. Жазушы мұндай әдебиет пен қоғам туралы ойларын ортаға салған.

Қабдеш Жұмаділов. "Ұлтшыл" деген атағымды бәрінен биік қоямын

Лира Қоныс: Бұрынғы қазақ минималист халық еді

Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім

Дүниежүзі қазақ­тары қауымдастығы төрағасы орынбасар­лығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға тү­сіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жү­ріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қыз­мет­керінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жа­сап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Со­лайша, ұйымды Әділет министрлігіне тір­кеттік.

Амангелді Құрметұлы: БҰҰ ыдырауы мүмкін