Конституциялық реформа азаматтардың елді басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттырады
Қазақстандағы республикалық референдум 2022 жылғы 5 маусымда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша өтті.
Референдумда қазақстандықтар Конституциядағы түзетулердің болу не болмауына дауыс берді. Референдумды өткізуге азаматтар ерікті түрде қатысты әрі бұл жасырын дауыс беру арқылы жалпыға бірдей, тең және тікелей қатысу құқығына негізделген. Бұл бастаманы Түркістан облысы, Арыс қаласының тұрғындары жылы қабылдады. Себебі, ел көкейінде жүрген батыл шешімдерге жол ашатын құжат еді.
Ата заң баптарының үштен бірі өзгерді. Сондықтан Мемлекет басшысы бұл мәселені республикалық референдумға шығаруды ұсынған болатын. «Еліміз үшін мұндай маңызды өзгеріс бүкіл халықтың шешімімен жүзеге асырылуға тиіс» - деп, атап көрсетті мемлекет басшысы Қ.Тоқаев.
Референдум – оң өзгерістердің бастауы. Елімізде өткен Референдумда, халық Президент бастамаларына белсенділікпен қолдау білдіріп, болашаққа деген сенімін көрсетті. Елімізде өткен саяси науқанға сарапшылар баға бере отырып, «Ынтымақ аясындағы таңдау – ел ертеңі үшін жасалған үлкен қадам. Алда қоғамды саяси, әлеуметтік және рухани өзгерістер күтіп тұр. Бұл мемлекетті одан әрі дамытып, демократия қағидаттарын жетілдіруге жол ашады» деген ойларын айтты.
«Жаңа Қазақстанның» ертеңіне сеніммен қараған біз, Ата заңдағы өзгерістер мен толтықтыруларды қолдап, мемлекеттің жаңа бастамаларынан үлкен үміт күтеміз. Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылмақ.
Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасын белгілі заңгер-құқықтанушылар және конституциялық құқық саласының манмандары әзірледі. Оған Конституциялық Кеңес оң бағасын беріп отыр.
Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың бәрі өзара байланысты және бір мақсатты көздейді. Атап айтқанда, мынадай үдерістерге құқықтық негіз қалыптастыруға арналған:
Суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшу;
Бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу;
Парламенттің рөлін күшейтіп, мәртебесін арттыру;
Елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту;
Азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіру.
Конституциялық реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастың тепе-теңдігін және оңтайлы болуын қалыптастырады. Референдумда Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс деп көрсетілген, нәтижесінде саяси бәсеке артып, барлық саяси партияны дамытуға бірдей жағдай қалыптасып, дербес әрі әділ шешім қабылдауға жол ашылды.
Сенат Президент енгізетін Конституциялық Соттың және Жоғары Сот Кеңесінің төрағалары лауазымына кандидаттарды келісу құқығына ие болды Жалпы, Конституциялық Сот құру арқылы конституциялық бақылау жасау институты жаңғыртылды.
Мәжіліс депутаттары аралас сайлау жүйесімен, яғни пропорционалды және мажоритарлы жүйе бойынша сайланады. Аралас сайлау жүйесі барлық азаматтың құқықтарын толық сақтауға, сайлаушылардың мүддесін қорғауға мүмкіндік береді.
Конституцияның жаңа нормалары азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау кезінде қандай да бір өзге мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға тәуелді болмайды және, ешкімге есеп бермейді. Ол өз жұмысында Конституциялық Сотқа жүгіне алады. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық мәртебесі мен қызметін ұйымдастыру Конституциялық заң арқылы айқындалады.
Қазақстан Республикасының VIII шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясында Президентіміз саяси реформалардың мәнін түсіндірді.
«Баршаңызды жаңадан сайланған Парламенттің алғашқы сессиясының ашылуымен құттықтаймын! Сайлауда жеңіске жетіп, депутат атанған азаматтардың қызметіне табыс тілеймін! Сіздер мемлекетімізді дамыту және ел мүддесін қорғау ісіне үлес қосасыздар деп сенемін. Мен бір жыл бұрын, осы ғимаратта халыққа жолдауымды жарияладым. Еліміз үшін аса маңызды сәтте саяси жаңғыру бағдарламасын ұсындым. Бастамаларымыз жұрттың шынайы қолдауына ие болды. Оған былтырғы референдумда айқын көз жеткіздік. Біз тәуекелге бел буып, бірден іске кірістік. Бір жылдың ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Конституциялық реформа арқылы бүкіл жүйені өзгертетін қадамдар жасалды. Президент жеті жылға бір рет қана сайланатын болды. Сондай-ақ Парламенттің құзыреті мен қызметі қайта қаралды. Депутаттардың рөлі едәуір күшейді. Конституциялық Сот құрылды. Бүкіл сот жүйесіне түбегейлі реформа жасау басталды. Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты жұмыс жаңаша сипат алды. Азаматтардың саяси өмірге емін-еркін араласуына жол ашылды. Реформаларымыз «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделді. Бұл қағида – мемлекетіміздің басты тірегі. Референдумнан кейін Конституцияның жаңа талаптарына сай билік тармақтарын түгел жаңғыртуға кірістік. Халықтың да көптен күткені осы еді. Конституциялық өзгерістерге сәйкес Президент сайлауы, Сенат, Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы өтті. Референдумды қосқанда бір жылға жуық уақыттың ішінде өте маңызды 5 саяси науқан өткізілді. Оның бәрі аса күрделі кезеңге тұспа-тұс келді. Қаншалықты күрделі болса да, біз еліміз үшін өте қажет жолды қысқа мерзім ішінде жүріп өттік. Қазақстанның жаңарып, жаңғыра бастағанына жұрттың көзі жетті. Кешегі сайлауда партиялармен қатар көптеген азаматымыз бір мандатты округтен өзін-өзі ұсынды. Осылайша, халқымыз маңызды өзгеріске өз үлесін қосуға дайын екенін дәлелдеді. Елімізде жаңа азаматтық, саяси мәдениет қалыптасып жатыр. Мен сайлауға белсене қатысқан барша азаматқа алғыс айтамын. Бұл науқан, шын мәнінде, бұрынғыдан ерекше, өзгеше болды. Сайлау науқаны шынайы бәсеке жағдайында, ашық өтті. Үгіт-насихат кезеңін және дауыс беру барысын ақпарат құралдары жан-жақты көрсетті. Партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді. Мұны отандық және шетелдік байқаушылар да айтып отыр. Қандай да бір саяси ұйымға артықшылық берілген жоқ. Президент ешбір партияның мүшесі емес. Облыс әкімдері партия бөлімшелеріне жетекшілік етпейді. Жоғары лауазымды қызметкерлер партия тізімінде болған жоқ. Яғни, барлық партиялар сайлауға бірдей жағдайда қатысты. Сайлаушылар да, үміткерлер де айрықша белсенді болды. Саяси партиялар әр аймақта ел назарын өзіне аудару үшін тартысқа түсті. Бірнеше рет тікелей эфирде партиялар арасында қызу және тиімді пікірталас болды. Бұл – демократиялық қоғам үшін қалыпты үрдіс. Мұның бәрі Қазақстанда ашық азаматтық қоғамның нығайып келе жатқанын көрсетті. Сайлау науқаны кезінде көптеген орынды сын, байыпты ұсыныс айтылды. Біз айтылған салмақты ұсыныстарды міндетті түрде зерделейміз. Бәсеке жоғары болғандықтан, сайлау нәтижесін алдын-ала болжау мүмкін емес болды. Оның қорытындысы еліміздің нағыз көппартиялы мемлекетке айналу жолында маңызды қадам жасағанын көрсетті. Мемлекет басшысы ретінде айтарым, Мәжіліске көзқарасы әртүрлі саяси ұстанымдағы күштер келді деп есептеймін. Алғаш рет ұзақ жыл бойы оппозицияда болған партия Парламентке өтті. Біз осының бәріне ауқымды саяси реформаның арқасында қол жеткіздік. Партияларды тіркеу мәселесін реттейтін заңнаманың өзгеруі де бұған септігін тигізді. Енді партиялар еліміздің болашағына зор ықпал ететін саяси үдерістің басы-қасында жүретін болады. Мәжіліске бір мандатты округтен де депутаттар сайланды. Яғни, Парламентке түрлі әлеуметтік топтан шыққан өкілдердің келуіне жол ашылды. Сондай-ақ ұзақ жылдан бері алғаш рет өзін-өзі ұсынған үміткерлер депутат атанды. Бірқатар азамат партия атынан шыққан үміткерлерді тартысты бәсекеде жеңіп шықты. Осылайша, елімізде демократия дәстүрі жаңа деңгейге көтеріліп, нығая түсті. Саяси күштердің бәріне бірдей мүмкіндік берілетініне азаматтардың сенімі артты. Еліміздің жастары әрдайым менің айрықша назарымда екені баршаға мәлім. Мен билікке ойы озық, білімді жастар келуі керек деп үнемі айтамын. Өскелең ұрпақты ел ісіне баулу – өте маңызды мәселе. Олар қоғамға жаңа құндылықтар әкелуге тиіс. Сайлау кезінде жас кандидаттар бірігіп, өз тобын құрғаны белгілі. Осы одақтың белсенді мүшелері Парламентке және мәслихаттарға өтті. Осылайша, өкілді билік тармағына саясаткерлердің жаңа буыны келіп жатыр. Жастар мұны елімізді дамытуға берілген бірегей мүмкіндік деп бағалауы қажет. Сондай-ақ әйелдердің және ерекше қажеттілігі бар жандардың Мәжіліске өтуіне жағдай жасалды. Саяси науқан қоғамдағы әрбір азамат Парламентке мүше бола алатынын және «әлеуметтік лифт» жұмыс істейтінін айқын аңғартты. Әділетті қоғамның қалыптасуы дегеніміз – осы!», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Елімізде қабылданған конституциялық реформа азаматтардың елді басқару ісіне қатысу мүмкіндігін арттырады және де, саяси үдерістерді шын мәнінде демократияландыруға серпін берді деп толық сеніммен айта аламын. Парламент, мәжіліс депутаттарын сайлаудағы өзгерістер де халықтың шын көшбасшыларды таңдау мүмкіндігін молайтты.
Г.Ибрагимова,
Арыс қалалық құжаттарды жинақтау және түптеу
бөлімінің кітапханашысы
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
Сұлтанәлі Балғабаев: Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын мен тіркетіп едім
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасы орынбасарлығынан үміткер бір шенеунік өзі бола алмаған соң, айтылған дүниелерді қағазға түсіртіп, құжат жасатпаған. Содан іздеп жүріп, сол жиынды жазып алған радионың бір қызметкерінен дыбысжазбаны алып, сол бойынша өзім хатшы ретінде протокол жасап, тиісті адамдардың қолын қойдырдым. Кейін ұйымның жарғысын жазып шықтым. Солайша, ұйымды Әділет министрлігіне тіркеттік.