Коучинг. Мұғалімдердің кәсіби дамуы
Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты әлеуметтік педагогтерді коучингтің тиімді әдістеріне және оларды кәсіби қызметте практикалық пайдалануға үйрету мақсатымен вебинар өткізбек. Вебинар 28 наурыз күні Фейсбук желісінде онлайн форматта өтеді. Осыған орай, коучинг туралы бірер сөз айта кеткен жөн секілді.
Даму және әдістемелік қамтамасыз ету департаментінің директоры Гүлназ Сағымбаеваның атуынша, бұл шара «Мұндай вебинарлар педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудың, оқу үдерісін басқарудың тиімді жолдарын көрсету, сонымен қатар коучинг арқылы мұғалімдердің, оқушылар мен ата-аналардың өміріндегі қиын жағдайларды шешу мақсатында өткізіледі».
Қазақ қоғамы үшін «коучинг» сөзі жаңа термин саналады. Коучинг – адамдардың қабілеті мен біліктілігін және іс-әрекеттерін дамытудың пайдалы жолы болып табылады. Ол негізгі нақты мәселеге келмес бұрын ең алдымен сұрақтарға және тапсырмаларға қатысты көмек көрсетуші құрал есептеледі.
Мұғалімдердің коучингі – ол мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына, оқушының үлгеріміне және жетістікке жетуіне бағытталған мұғалімдердің жеке және кәсіби дамуына көмектесетін сұхбаттар топтамасы. Ол арнайы құралдар арқылы іске асады. Ал, коучинг құралдары дегеніміз – оқытушының жеке дамуы, білімі мен біліктілігін жетілдіріп, оны тиімді пайдалануға және жоғары жетістіктерге қол жеткізуге көмектесетін бірден бір құрал. Коучинг құралдарына қарым қатынас-жасау, бағдарлау, бағалау, жоспарлау, сұхбаттасу және жетілдіру жатады. Коуч, яғни, үйретуші осы құралдарды біліктілікпен қолдану арқылы өзінің жеке оқыту жиынтығын құруы мүмкін, оқушымен тікелей байланысып оның қандай да бір жетістік пен үлгеріміне ықпалын тигізуге жақсы мүмкіндік жасай алады. Коучтің міндеті: ең жақсы, сенімді, тексеруден өткен әдістерді оқушыларға ұсыну, үйрету.
Қазақстан Республикасының білім беру және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында - Біліктілікті арттыру курстары бағдарламаларының мазмұны педагогикалық қызметтің барлық түрлерін іске асыру үшін педагогке қажетті пәндік, психологиялық- педогогикалық, әлеуметтік және басқа да құзіреттердің оңтайлы ара қатынасын қамтитын болады,- деп нақты айтылған.Біліктілікті арттыру – мұғалімнің өз қызметін нәтижемен атқаруы үшін және де кәсіби деңгейін көтеру мен жақсарту мақсатында арнайы оқу бағдарламалары арқылы оқыту, кәсіби даму және өз білімін көтеруі болып табылады. Педагогтердің біліктілігін арттыруы – оқыту сапасын жақсарту үшін жаңа білім алуға, сондай-ақ, бұрын алған кәсіби білімдерін, біліктерін, дағдыларын кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге кеңінен мүмкіндік беретін кәсіптік оқыту нысаны.
Осы орайда елімізде мұғалім мәртебесі мен және құқығын қорғау мақсатында «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды, бұл заңның мақсаты педагогтердің мәртебесін арттыру, жүктемесін азайту, оларды жосықсыз тексерулерден және өздеріне тән емес функциялардан қорғау, ынталандыру бойынша өзге де мәселелерді заңнамалық деңгейде шешу үшін қабалданғаны, мұғалімдерге үлкен мүмкіндік пен тұлғалық дамуына ықпал ететін оңтайлы жол. Бұдан басқа, педагогтердің құқықтары мен міндеттері қарастырылған. «Педагог мәртебесі туралы» Заңды іске асыру үшін бюджеттен 2020-2022 жылдарға қосымша 2 трлн. 282 млрд. теңге (2020 жылы – 404 млрд. теңге, 2021 жылы – 770 млрд. теңге, 2022 жылы 1 трлн 108 млрд. теңге) бөлінді. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2020 жылдан бастап Дүниежүзілік банктің есебінен «Педагогикалық ғылымдар» бағыты бойынша 30 жаңа практикалық-бағытталған білім беру бағдарламаларын әзірлеу және басқа да іс-шаралар жоспарланған.
Мұғалімдік коучингтар, Өрлеу бағдарламалары, біліктіліктерін арттыру мақсатындағы оқулар -жаңа технологияларды пайдалана отырып, сабақ өткізуді қолға алу, мұғалімдерге заманға сай жоғарғы дәреже білім беру, оқу сапасын арттыру , жаңартылған оқу бағдарламаларымен танысу, оқушы мен ата – ана бірлесе отырып баланың сабақты игере алуына сапалы ықпал жасау жолдарын үйрететін бірден бір жол.