Ковидахуал жақсарып келеді - ДенСауМин
Үкіметтің селекторлық отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов елдегі эпидахуалдың жақсарып келе жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ вице-министр мектеп оқушылары арасында коронавирус тарау қарқыны бәсеңдегенін айтады.
Шорановтың сөзінше, соңғы екі аптада мектеп оқушыларының коронавирус жұқтыру жағдайлары азайған.
“Дәстүрлі форматта оқып жатқан мектеп оқушылары арасында 15028 жағдай тіркелген”, - деді ол.
Соңғы екі апта ішінде мектеп оқушылары коронавирус жұқтыру деңгейі 1,3 есеге төмендеген.
Вице-министр сонымен қатар Павлодар, Маңғыстау, Ақмола, Түркістан облыстарында жағдай керісінше екенін, тіркелген жағдайлар 1,4 есеге артқанын атап өтті.
Байланысты жаналықтар
MalimBlocks
«Жеңімізге су тимесін!» – Өрт деген құдіреттің алдында...
- Өрт сөндірушілердің ең басты тілегі; - Өздеріне ғана тән салт-жоралғысы, ұстанымдары қандай? - Олар туралы өрт кезінде "ұрлайды", "тонайды" деген дақпырт қайдан шыққан? - Олар қалай жаттығады? Және басқа да қызықты сұрақтарға жауап беретін өрт сөндіруші Бекбол Көшкеновпен сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
Қаңтар қырғыны. Қаза тапқандардың есімін жариялау не үшін қажет?
Журналист әрі азаматтық белсенділер Әсем Жәпішева мен Бэлла Орынбет қаңтар қырғынында қаза тапқандардың аты-жөнін жариялауды талап етіп, петиция ұйымдастырды. Ал құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина бүлік кезінде қаза тапқан, қамауға алынған, жарақаттан және іс-түссіз жоғалған азаматтардың тізімін жасайтын Qantar 2022 сайтын іске қосты. Malim.kz тілшісі олармен тілдесті.