Маймыл шешек деген қандай ауру және кімдерге қауіпті?

Айшолпан КЕРІМ

  • 30.05.2022

Маймыл шешегі аталатын жұқпалы инфекция негізінен Африка елдерінен тарап жатыр. Алайда қазір мамандар Еуропа мен Азия елдеріне келіп үлгерді деп дабыл қағып жатыр.

Аталған инфекция алғаш рет 1958 жылы анықталып, алғаш 1970 жылы екінші адамға жұқтыру жағдайы тіркелген. Бұл жағдай Конго Демократиялық Республикасында тіркеліп, содан Шығыс Африка елдеріне тарап кетті.

Биылғы жылдың мамыр айында инфекция қайта өршіді. Бұл жолы да Африка елдерінен шықты. Бірақ Еуропаға да жетіп үлгерді. “Бұл нендей ауру?” және “қандай белгілері бар?”, “қалай жұғады?” деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

Маймыл шешек дегеніміз не?

Маймыл шешек - кеміргіштер мен приматтар сияқты жабайы жануарларда пайда болатын және кей кезде адамдарға жұғатын вирус түрі. Шешектің бұл түрімен ауыру оқиғаларының көбі орталық және батыс Африка аймақтарында тіркелген.

Бұл ауруды ғалымдар алғаш 1958 жылы маймылдарды зерттеу кезінде анықтады. Сол кезде "шешек тәрізді" ауру жануарлар арасында екі рет өршіп, жаңа вирус "маймыл шешек" аталып кеткен еді. Бұл шешекті адамның жұқтыру оқиғасы алғаш 1970 жылы тіркелді. Сол жылы Конгоның шалғай ауылындағы 9-жасар бала қауіпті инфекцияны жұқтырып алғаны анықталды.

Маймыл шешектің симптомдары мен емделу шаралары

Маймыл шешек кәдімгі шешек ауруы сияқты вирустар тобына жатады, алайда оның симптомдары жеңілдеу.

Вирус  белгілері алғашқы 5-13 күн ішінде сезіледі. Ауру белгілері мынадай:

- Қызу көтеріліп, қалтырау;

- Бас ауруы;

- Әлсіздік;

- Жақтың асты ісінуі;

- Бөрту: алдымен бет бөртіп, кейін бүкіл дене бөртеді, бөрткен жерден ірің шығады.

Инкубациялық кезең 5-21 күн, ауру ұзақтығы 2-3 апта, ауру өздігінен емделіп, жазылуға бейім.

Бұл вирусты жұқтырғандарға көбіне шешекті емдеуде тиімділігі дәлелденген шешек вакциналарының бірі беріледі. Мамандар қарапайым шешек вакциналары маймыл шешек вирусының бетін қайтаруға 85% қауқарлы екенін айтады, себебі екі вирус арасында аса айырма жоқ көрінеді. 

Сол себептен түрлі халықаралық ұйым өкілдері вакцина қорына көңіл бөлу керек екенін айтып жатыр. Еуропадағы аурулардың алдын алу орталығының директоры Андреа Аммон маймыл шешекпен күресте қарапайым шешек вакцинасын қолдану тиімді болатынын айтады.

Маймыл шешекті жұқтыру оқиғалары қай елдерде көп кездеседі?

ДДСҰ мәліметінше, Африканың он шақты елінде жылына мыңдаған адам маймыл шешек вирусын жұқтырады. Маймыл ауруына шалдығу жағдайының көп бөлігі Конгода тіркеледі, мұнда жылына шамамен 6 000 жағдай тіркеледі. Ал Нигерия елінде өткен жылы шамамен 3 000 адамнан маймыл шешек анықталған. Алайда сарапшылар арасында дәрігер көмегіне жүгінбей, уақыт өте емделіп, нәтижесінде ресми тіркелмей қалып жатқан жағдайлар да көп екені айтылған. 

Маймыл шешегін жұқтыру жағдайлары кейде Африкадан өзге аймақтарда да тіркеледі. Вирусты жұқтыру фактілері әдетте "Қара құрлыққа" саяхаттаушылар арасында, сол континенттің маймыл вирусы кең тараған аймақтарында жануарлармен байланыста болған адамдардан анықталып жатады.

Биылғы ерекшелік қандай?

Мамандар арасында биыл алғаш рет Африкаға бармаған адамдар арасында маймыл шешек таралып жатыр деген пікір бар. Аурудың көбі ерлермен жыныстық қатынасқа түскен ер адамдар арасында тіркеліп отыр. “Қара құрлық” инфекциясы осыған дейін Еуропаның Ұлыбритания, Италия, Португалия, Испания, Франция, Германия, Бельгия, Швеция тәрізді елдерінде тіркеліп үлгерді.

Португалияда бұл инфекция жыныстық емханасында анықталған: келген ер адамдар жыныс мүшелері зақымданғанын айтып, көмек сұраған.

Кейінірек АҚШ үкіметі жақында Канадаға барып қайтқан ер адамнан маймыл шешек анықталғанын хабарлады. 

Маймыл шешек  жыныстық жолмен жұға ма? 

Жұғуы мүмкін, бірақ әзірге мамандар вирустың жалғыз жұғу жолы осы деген пікірді айтудан аулақ. 

Маймыл шешегінің жыныстық қатынас арқылы таралуы бұрын зерттеу негізінде тіркелмеген. Алайда әлемдік сарапшылар бұл вирус осы шешекті жұқтырған адамдар, солардың дене сұйықтықтары, сілекей арқылы, олардың киімдерімен, төсек-орнымен тығыз байланыста болған адамдарға берілуі мүмкін екенін айтады.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі не дейді?

ҚР ДСМ вице-министрі, бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова елімізде маймыл шешек ауруын жұқтыру жағдайы әзірге тіркелмегінін айтты.

«Мемлекеттік шекара арқылы өткізу орындарында санитарлық-карантиндік бақылау жүзеге асырылады. Мемлекеттік шекарада аса қауіпті ауруларға күдікті науқасты қашықтықтан термометрия арқылы анықтау (әкелудің алдын алу) бойынша іс-шаралар жүргізілуде», - деп атап өтті Есмағамбетова.

Сондай-ақ вице-министр жазғы демалыс маусымының басталуына байланысты шетелге шығатындар үшін маймыл шешек ауруы өршуі тіркелген аймақтарға барудан бас тартуға кеңес берді. Сондай-ақ,

  • Маймыл шешегінің өршуі тіркелген Батыс Африка елдеріне (Конго Демократиялық Республикасы, Конго Республикасы, Камерун, Орталық Африка Республикасы, Нигерия, Кот-д ' Ивуар, Либерия, Сьерра-Леоне, Габон және Оңтүстік Судан) барудан аулақ болыңыз (әсіресе балалармен); 
  • Шетелге шыққан жағдайда жабайы жануарларға (приматтармен, кеміргіштермен) жақындамау, стихиялық және көше саудасы орындарында тамақ ішуден аулақ болу, тамаққа тек термикалық өңделген етті (азық-түлікті) мұқият пайдалану; 
  • Адамдар көп жиналатын орындарға барған кезде жеке профилактика (қашықтық, маскалар, антисептиктер) шараларын пайдаланыңыз, қол гигиенасын сақтаңыз. 
  • Егер сапарлардан оралғаннан кейін 3 апта ішінде мазасыздық, қызба, бөртпе (қызару, көпіршіктер және т.б.) сезінсеңіз, шетелде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлай отырып, жақын маңдағы медициналық ұйымға дереу жүгініңіз.
Байланысты жаналықтар

Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

25.07.2024

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

22.07.2024

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

30.06.2024

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

28.06.2024

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

27.06.2024

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

25.06.2024
MalimBlocks
Ұлттық ақпараттық кеңістігіміз потенциалды сепаратистерден тиісінше қорғалмаған

Қазір ақпараттық, ментальды, гибрид, когнитивті соғыс тәрізді көптеген  ұғым пайда болды.

Аятжан Ахметжан: Министр Бейсембаев сынаған адамын ата жауы санайды

Министрлік ол  шешімнің күшін  жойып, мектепке құжат қабылдайтын уақытты 1-қыркүйекке дейін созды

Нұрбай Кеңесбекұлы: Ұлттық ұлан патриот жастарды шыңдайтын құрылым

«Жас бүркіт» деп аталатын 7 спорттық әскери-патриоттық клубы жұмыс істейді

Төрехан Майбас: Бізді осы күнге алып келген - қазақшылығымыз!

Тәңіріміз сыйлаған құтымыздың Иесі болуымыз керек!

Тіл корпустарын әзірлеу және жетілдіру ісі – аса маңызды тарихи-мәдени іс-шара

Қазақ тілінің корпус қорын арттыру, ішкі функцияларын жетілдіру ғылыми тұрғыдан да, тіл болашағы тұрғысынан да өте маңызды әрі өзекті.

Аңсаған Мұстафа: Ұлттық нақыштағы киім ұлттық сананың оянуына себеп

Ұлттық нақышты киім-кешекке принт түрінде түсіріп, ұлттық сананы жаңғырту жолдарын іздеген дарынды суретші, ұлт жанашыры Аңсаған Мұстафамен әңгімелесудің сәті түсті.