Маңғыстау облысында «Жайлы мектеп» жобасымен 21 мектеп салынады

Елімізде орта білім беру саласында оқушылардың алаңсыз оқуы үшін түрлі кешенді мектеп бағдарламалары іске асырылып келеді.

  • 20.05.2023

Соның бірі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жабасы республика бойынша қолға алынған. Осы орайда жобаға сәйкес Маңғыстау облысында 2025 жылға дейін 22000 орындық 21 мектеп салу көзделген. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, алдағы екі жылда Ақтау, Жаңаөзен қаладары мен тағы үш ауданда жиырмадан астам білім ошағының құрылысы жүргізіліп, пайдалануға берілмек.

«Жайлы мектеп» жобасы аясында 2023-2025 жылдарға облыста 22000 орындық 21 мектеп салу жоспарланған. Оның ішінде сегіз мектеп Ақтауда, үшеуі Жаңаөзенде салынады. Сондай-ақ, Бейнеу ауданында - 2, Маңғыстау ауданында -2, Мұнайлы ауданында 6 мектеп салу жоспарланған. Тізімді қалыптастыру кезінде облыстың өзекті мәселелерінің бірі - табиғи туудың жоғары көрсеткіші және ішкі көші-қонның өсуі ескерілді. 2023 жылға 13 мектеп жоспарланса, қазір 10 мектептің құрылысына конкурс жарияланды», - деген еді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев мамыр айының басындағы аппарат жиынында.

Өңірдегі ең басты мәселенің бірі мектептердегі бала санынын көптігі болып отыр. «Жайлы мектеп» жобасы аясында Маңғыстауда 2024 жылы 12 900 орындық 13 мектеп, 2025 жылы 9 100 орындық 8 мектеп салу жоспарланады. Мектептер пайдалануға берілгеннен кейін облыста 15 үш ауысымды (3999 орын) мектепте, 2 апат жағдайындағы (1368 орын) мектепте және 34 мектепте (9 991 орын) орын тапшылығы түбегейлі жойылмақ.

Бұдан бөлек, Маңғыстау өңірі демографиялық көрсеткіш бойынша Қазақстан бойынша көш басында тұр. Осыдан кейін мектептерде бала санының көп болуы қалыпты құбылысқа айналған.

Облыс орталығы Ақтау қаласында үш ауысымды мектептер мәселесі көптен бері айтылып келеді. Осыған байланысты жаңадан салынған шағын аудан тұрғныдары бірнеше рет талап қойып, әкімшілікке өз өтініштерін айтқан еді. 

Енді «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2025 жылға дейін қалада 8 мектеп салу жоспарлануы тұрғындарды қуантып отыр. Бұл білім беру нысандары 17, 16, 19, 20, 33, 37, 38 шағын аудандары мен Өмірзақ ауылы, Рауан тұрғын массивінде бой көтеріп, салынбақшы. «Жайлы мектеп» жобасының Маңғыстау облысындағы жетекшісі Ерлан Қабдиновтың айтуынша, 6 мектеп құрылысын келесі жылы аяқтау көзделсе, қалған екеуі 2025 жылы пайдалануға беріледі.

«Биыл 16, 17, 19, 20, 33-шағынаудандар мен Өмірзақ ауылы, Рауан тұрғын массивінде мектеп құрылысы басталады. Ал 37, 38 шағынаудандарында  білім беру нысандары 2025 жылы ел игілігіне беріледі. Аталған білім беру ұйымдарында оқушылар бір ауысымда 10 600 орында оқиды. Сонымен қатар бірегей оператор «Samruk Kazyna- Construction» АҚ тарапынан мектеп нысандарының құрылысын салатын мердігерлерді анықтау үшін арнайы конкурс ұйымдастырылып, оның 3-і бойынша жеңімпаздар анықталды», - деді Ерлан Қабдинов.

Ал Ақтау қалалық білім бөлімінің басшысы Бағдат Тұрғанбаева 18, 19А шағынаудандарда биыл 2 мектептің құрылысы жыл соңына дейін аяқталатынын айтады.

«1200 орындық екі мектеп мемлекеттік бюджет есебінен салынып жатыр. Сонымен қатар биылғы оқу жылында 6 жекеменшік мектеп қолданысқа беріледі. Жоғарыда атап өткен мектептер қолданысқа берілсе, өңірдегі білім беру ұйымдарының тапшылығы шешіледі», - деген болатын Бағдат Тұрғанбаева.

Айта кететін жайт, «Жайлы мектеп» жобасы аясында салынған білім ордаларының өзіндік ерекшелегі болмақ. Оқу-ағарту министрлігі «Жайлы мектептердің» оқушылары буллингтен  қорғайтынын атаған еді.

«Қазір бізде балалар арасындағы буллинг мәселесі өте өзекті болып отыр. «Жайлы мектептердің» қалыпты мектептерден бір айырмашылығы – бастауыш сыныптар мен ересек сыныптардың кіріп-шығатын есігі жеке болады. Яғни, әртүрлі блокта орналасады. Олар бір-бірімен мектеп ішінде кездесе алмайды. Бастауыш сынып оқушыларының өз спорт залы, өз дәретханасы, өз асханасы болады», - деді вице-министр.

А.Ілиясов ұлттық жоба аясында салынатын мектептердің сырты мен аумағын бейнекамералар арқылы бақыланатынын жеткізді.

«Мектептердің ішінен бөлек сыртын айнала бейнекамералар орнатылады. Мектеп айналасынан басқа бүкіл аумақтың сыртынан да камера орнатылады. Қазір министрлікпен бірге әкімдіктер осы бағытта жұмыс істеп жатыр», - дейді шенеунік

Байланысты жаналықтар

Елімізде 1 қыркүйекте 70 жаңа мектеп ашылды

01.09.2024

Мемлекет басшысы Астанадағы бірқатар жаңа мектепті аралап көрді

20.08.2024

Бір ай жұмыссыз жүрген Нұрлан Ноғаев Түрікменстанға елші болды

20.06.2024

Нұрлан Ноғаев қызметінен босатылды

16.05.2024

Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

04.03.2024

Депутаттар мектепті жайлы әрі қауіпсіз жасамақ

30.05.2023
MalimBlocks
Елімізде 1 қыркүйекте 70 жаңа мектеп ашылды

Олар 90 мыңға жуық оқушыға есептелген

Мемлекет басшысы Астанадағы бірқатар жаңа мектепті аралап көрді

Президент елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа білім ошақтарына барды.

Бір ай жұмыссыз жүрген Нұрлан Ноғаев Түрікменстанға елші болды

Ноғаев әкім кезінде 2022 жылы ереуілдер мен Маңғыстау облысында көптеген еңбек жанжалы болды.

Нұрлан Ноғаев қызметінен босатылды

Тоқаев тиісті жарлыққа қол қойды.

Президент Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады

Кездесуде облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды.

Депутаттар мектепті жайлы әрі қауіпсіз жасамақ