457.61
493.07
4.99

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

​​​​​​​Ақтөбе облысында жыл соңына дейін 12 жайлы мектеп ашылады

025 жылдың соңына дейін Ақтөбе облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының стандарттарына сай келетін 12 жаңа мектептің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі, деп хабарлайды Malim.kz.

Мектептер балаларға қолайлы, заманауи және қауіпсіз білім беру ортасын құруға баса назар аудара отырып салынып жатыр.

Осындай мектептердің бірі Ақтөбе қаласының «Саяжай-1» тұрғын алабында орналасқан. 300 оқушыға арналған бұл оқу орнының құрылыс-әрлеу жұмыстары аяқталуға жақын. «Бабәк-Құрылыс» ЖШС жүргізіп жатқан жұмыстардың аясында мектеп аумағы абаттандырылып, ғимарат ішінде әрлеу жұмыстары толықтай аяқталған. Мектеп жаңа оқу жылында алғашқы оқушыларын қабылдайды деп күтілуде.

«Бүгінде құрылыс 90%-ға аяқталды. Тек ішкі инженерлік жүйелерді орнату ғана қалды. Мектепте акт залы, спорт залы, кітапхана, асхана — барлығы оқушылардың жайлы білім алуы үшін қарастырылған», — деді «Бабәк-Құрылыс» компаниясының менеджері Ақмарал Алимбаева.

Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Аслан Жарасбаевтың айтуынша, жобаның барлық нысандары ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 14 білім беру нысанының құрылысы жүріп жатыр. Оның екеуі — Есет батыр және Ақжар-2 тұрғын алаптарындағы мектептер — осы жылдың көктемінде пайдалануға беріліп, жұмыс істеп тұр. Қалған 12 мектептегі құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, олар жақын айларда пайдалануға беріледі», — деді Жарасбаев.

Жобада қарастырылған 14 мектептің 10-ы облыс орталығында, ал 4-еуі Мұғалжар, Мәртөк және Темір аудандарында орналасқан. Барлық мектептердің жалпы жобалық қуаты — 11 400 оқушы орны.

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі